Оқу үрдісі құрылымының моделі
Оқу үрдісі құрылымының моделі. Оқыту үрдісін тұтас жүйе ретінде мынадай үлгімен көрсетуге болады оқыту үрдісінің жүйе ретіндегі жүйе-құрастырушы ұғымдары мыналар: оқытудың мақсаты, мұғалімнің әрекеті (оқыту), оқушы әрекеті (оқу, білім алу) және нәтиже. Осы үрдістің өзгермелі түрдегі құрамдас бөліктері оқыту құралдары болып табылады.
Оған оқу материалының мазмұны, оқыту әдістері, оқытудын материалдық құралдары (көрнекі, техникалық, оқулықтар, оқу құралдары және басқалар), оқытудың ұйымдастыру формалары кіреді. Оқу құралдарының байланысы мен өзара бағыныштылығы оқытудың мақсаты мен оның түпкі нәтижелерімен тікелей байланыста. Осы барлық бөліктердің қызмет етуші бірліктерін нығыздайтын бағыты оқыту мен білім алу.