Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы
Дидактика оқыту мен білім берудің теориясы. Дидактика (грек тілінен ауд. Didaktiras — зерттеу бойынша, didasko -зерттеуші) — балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру процесін сипаттайтын, оқытуды ұйымдастыру принциптері, әдістерін және формаларын сипаттайтын, оқыту мен білім беру мәселелерін жасайтын педагогаканың құрамдас бөлігін құрайды.
Оқыту үрдісі қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлармен, адамдардың әрекеттері және тіршілік қажеттіліктерімен, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен және күн сайын дамып отырған оқушы тұлғасына қойылатын талаптармен детерминделеді.
Дидактика ғылым ретінде пән өрісінде әрекет ететін зандылықтарды зерттейді, оқыту үрдісінін процесінің барысын және нәтижесіне жағдай жасайтын теуелділіктерді сараптайды, жоспарланған мақсат міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Олардың негізінде ол екі басты қызмет атқарады:
1. Теориялық (диагностикалық және болжамдық прогностикалық);
2. Практикалық (нормативтік, құрал ретінде). Дидактиканың алдында шешімі ең алдымен, онымен тығыз байланысты басқа ғылымдардың (философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, этнология, педагогикалық психология, адам физиологиясы, нақты әдістеме және т.б.) жетістіктерін біршама тиімді пайдалануды қажет ететін жаңа мәселелер туындап отырады. Кез келген ғылыми білім саласының дамуы, бір жағынан, құбылыстың мәніне жақын белгілі бір тобын білдіреді, екінші жағынан, сол ғылымның пәнін жасайтын ұғымның дамуымен байланысты.
Дидактика философиялық жалпы ғылыми және жеке ғылыми ұғымдарды пайдаланады:
— философиялық категория: «мән мен құбылыс», «байланыс», «жалпы және жалқы», «болмыс», «сана», «тәжірибе» және т.б.
— педагогиканың жалпы ұғымдары: «педагогика», «тәрбие», «педагогикалық іс-әрекет», «педагогикалық ақиқат» және т.б.
— дидактиканың жеке ұғымдары: «оқыту мен оқу». «оқу пәні», «оқу материалы», «оқу жағдайы», «оқыту құралы», «оқыту тәсілі», «мұғалім», «оқушы», «сабақ» және т.б.
— пән аралық ғылымдардың ұғымдары: психологиялық ( («қабылдау», «меңгеру», «ақыл-ойдын дамуы», «есте сақтау», «іскерлік», «дағды»), кибернетика («кері байланыс», «динамикалық жүйе» және т.б.);
— жалпы ғылыми ұғымдар: «жүйе», «құрылым», «қызметі», «элемент», «тиімділік», «жағдай», «ұйым», «формалау» және т.б. (4 суретті қараңыз).
Педагогика терминімен қатар, ұзақ уақыт бойы сол мағынадағы «дидактика»терминінің қолданылуы тарихи қалыптасқан жағдай. Бұл ұғым ең бірінші рет неміс педагогы Вольфгант Раткенің (Ратхия) (1571-1635) шығармасында оқыту өнері мағынасында қолданылған. Соған ұқсас, «бәрін, барлығын да оқытудың әмбебап өнері» мағынасында,чех педагогы Я.А.Коменскивдің 1657 жылы Амстердамда шығарылған негізгі еңбегі «Ұлы дидакикасында» дидактиканы түсіндіреді.
Әлемдік дидактиканың дамуына И.Ф.Гербарт, И.Г.Песталоцци,
А.Дистервег, КД.Упіинский, Д.Дьюи, Г Кершенштейнер, В.Лай
жөне т.б. зор үлес қосты.
Педагогика ғылымында оқытудың тәрбиелік және адам дамуының негізін ашатын және сипаттайтын теориялар жеткілікті. Бірақта солардың ішінде педагогикалық әсердің және олардың нәтижесінің қабылдануы мен ұғынуының психологиялық заңдылықтарын бейнелейтіндердің ғана әдіснамалық және теориялық маңызы бар.
Маңызды дидактикалық теориялар мен тұжырымдамалар қатарына жататындары: танымдық әрекетті дамыту тұжырымдамасы (Г.И.Щукина, т.б.), дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В.Занков, т.б.), проблемалық оқыту тұжырымадамасы (М.И.Махмугов, И.Я. Лернер, А.М. Матюшкин т.б.), ақыл-ой әрекетін кезеңді қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны теориясы (Л.Я. Лернер, В.В.Краевский, В.С.Леднев т.б.), мазмұнды жинақтау теориясы (В.В.Давыдов, т.б.), оқу процесін онтайландыру теориясы (Ю.К.Бабанский), оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы (Т.И.Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И.Махмутов, В.А.Онищук, т.б.), өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (Л.Я.Зорина, Н.К.Журавлев, т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (НД.Хмель, т.б. 1 кестені қараныз), оқытудың ұжымды оқыту теориясы (В.Дьяченко, т.б.).