Мақпал үңгірі
Мақпал үңгірі — Қазығұрт ауданындағы үңгір. Әктасты қабатта пайда болған. Өгем өзенінің жоғарғы ағысындағы Мақпал шатқалының орта тұсында. Үңгір аузы арка тәрізді, биіктігі 3 м, ені 4 м, ұзындығы 25 м. Қабырғалары үнемі дымқылданып тұрады. Табаны сазды. Төбесіне мүк өседі. Мақпал үңгірі толық зерттелмеген. Туристік маңызы бар.