Аденозинмонофосфат
Аденозинмонофосфат (АМФ) — айналымдық (циклдік) нуклеотид. АМФ — организмдегі маңызды биохимиялық реттегіштердің бірі. Ол көптеген гормондар әсерлерінің молекулалық механизміне, жүйке қозуының берілуі, бұлшықетгердің жиырылуы және осы сияқты т.б. процестерге қатысады.