Гендік дактилоскопиялық әдіс
Гендік дактилоскопиялық әдіс
Бұл әдістің негізін салған — ағылшынның биолог-ғалымы А.Джеффис. Ол алғаш рет 1983 жылы ДНҚ молекуласында орналасқан азотты негіздердің қатарлары бірнеше рет кайталанып отыратынын тапты. Бұл негіздер геннің генетикалык ақпаратты тасымайтын бөлімінде нитрондарда орналасқан. Олардың ДНҚ тізбегінің бойында 3-тен 30-есеге дейін қайталанатын нуклеотидтер тұратыны белгілі болды. Адам организмінде ДНҚ-ның бір участегінен бірдей нуклеотидтердің 10 есе, екінші бір жерінде 20 есе, үтттінші бір жерінде 30 есе қайталанатыны анықталды. Бұл учаскелерді ДНҚ-ның мини сателлиттері деп атады. Минисателиттердің мөлшері, пішіні және оны құрайтын нуклеотидтердің саны әр адамның өзіне ғана тән. Бір адамның органдарындағы (жүрек, екпе, бауыр, кан, ми, тері, т.б.) жасушаларында ДНҚ-ның мини-сателлит учаскелері бірдей болады. Адам баласы қартаюдың, аурудың, өмірдің қиыншылықтарының өсерінен келбетін, түрін өзгертуі мүмкін. Бірак оның денесінің әр жасаушасындағы ДНҚ тізбегінің құрамы анасының құрсағында жатканнан бастап, өлгеннен кейін де сол күйінде сақталады. Генотипі бірдей бір жүмырткалы егіздерде де ДНҚ-ның минисателлиттері бірдей болады. Әдістің орындалу тәртібі мынадай: каннан, сілекейден, спермадан, шаштан, теріден (ете аз мөлшердегі) алынған ДНҚ молекуласы терт сынауыкка бөлініп салынады. Әр сынауыққа рестрикциялау фермент косады. Бұл фермент ДНҚ тізбегіндегі төрт азотты негіздің біреуін ғана талқандайды. Осының нәтижесінде ДНҚ тізбегі мини-сателлитті бөліктерге белінеді. Жұмыстың келесі кезеңінде бөлінген мини-сателлиттерді мелшеріне қарай сұрыптайды. Бұдан соң әр сынауыктан ферментпен өңделген ДНҚ-ны гельмен беті жабылған пластинкаға көшіріп, электрофорез әдісін қолданады. Мұнда көлемі жағынан кішкене бөліктер ірі бөліктерге қарағанда жылдам ауысады. Он шақты нуклеотидтері бар мини-сателлиттер арнайы радиоактивті «зондтар» аркылы бөлініп алынады. Зондтар радиоактивті болғандықтан, мини- сателлиттің көшірмесін жарық сезгіш пластинкаға көшіріп электро- фореграммасын зерттеп оқиды. Сонымен дактилоскопия әдісі ДНҚ тізбегіндегі нуклеотидтердің катарлары аркылы кез келген тұлғаның бір-бірімен туыстық жақындығын және қылмыстык істерге катынасы бар немесе жок екенін аныктайды. Дактилоскопиялык әдіс криминалистикалық зерттеулерде кеңінен пайдаланылады. Бұл едістің нәтижелері нақты, катесіз. Тағы бір ұтымдысы — талдауға (анализге) кажет биологиялық материалдар өте аз мөлшерде алынады. Қазақстанда дактилоскопиялык. әдісті сот экспертиза орталығында 2001 жылдан бастап қолданып келеді.