Кесірткелер
Кесірткелер
Олардын, көпшілігінін, денесі сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесінен айқын бөлінген. Алдыңғы және артқы аяқтары бір қалыпты дамыған, бірақ формасы түрліше болады.
Аяғы редукцияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар. Аяқсыз кесірткелер жыландарға ұқсайды. Жыландардан аяқсыз кесірткелердің екі түрлі өзгешелігі бар. Біріншіден, оларда кө-кірек қуысы болады, екіншіден, аяқ белдеуі сақталған. Жоғарғы жақ сүйектері ми сауытына қозғалмайтындай болып бекіген. Сонымен қатар олардың қозғалмалы қабақтары және дабыл жарғақтары болады. Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Құйрықтың үзілген бөлімі аз уақыт өткесін қайтадан қалыптасады, бірақ оның скелеті сүйектенбейді.Кесірткелердің көптеген түрлері тропик жақтарды мекендейді. Кейбір түрлері полярлық шеңберге дейін таралған. Таулы жерде бүларды 4000 м биікке дейін кездестіруге болады. Бірқатары жартылай орманды ортада тіршілік етеді. Біраз ғана түрі болмаса суда өте сирек кездеседі. 2500-ге жуық түрі белгілі.
Геккондар (Gесkоnіdае). Бұлардың омыртқалары амфицельді. Олар негізінен қарапайым ұсақ кесірткелер. Түнде тіршілік ететін, жартасқа, ағаш діңіне, үйдің керегісіне жақсы өрмелейтін қабілеті бар организм. Саусақтарында сорғышы болады. Күндіз геккондар жердің жарығына, тастың астына, ағаштың тамырының астына немесе құмға еніп, тығылып жатады. Тропикалық, субтропикалық және ыстық шөл далаларда таралған. Бізде Қырымда, Закавказьеде, Орта Азияда және Қазақстанда кездеседі.
Агамалар (Аgаmіdае). Денесі шағын, құйрығы ұзын, серпімді, үзіліп қалатын қабілеті жоқ организм. Жақсы дамыған аяқтарында ұзын саусақтары болады. Агамалар — Австрәлияның, Азияның, Африканың шөлді облыстарын мекендейді. Сонымен қатар оларды таулы алқаптан, тропик ормандардан да кездестіруге болады. Орта Азияда ұзындығы 25—35 см болатын дала агамасы (Аgаmа sапguiпоlепtа) кездеседі. Олар көбінесе топырақты және құмды бұталы шөл жерлерді мекендейді, қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Дала агамасы-на жақын кавказ ағамасы (Аgаmа саисаsіса) — Дағыстанның, Закавказьенің, Копет-Дагтың тауларын мекен-дейді. Құлақты дөңгелек басты (Рһгупосерһаlиs туstасеиs) агаманың басы жалпақ, дөңгелек болады да, ауызының екі езуінде үлкен тері өсіндісі болады. Қатер төнгенде ауызын ашып, жаңағы “құлақтарын” қозғалтады. Ол Орта Азияның, Қазақстанның құмды даласында кездеседі. Қауіп төнгенде құмның арасына тығылады.
Құм дөңгелек бастысының (Р. іпіегsсариlагіs) ұзындығы 6—8 см болатын ұсақ кесірткелер, езуінде тёрі өсінділері болмайды. Орта Азияның, Қазақстанның құмды далаларында кездеседі.
Австралияда мойнының айналасына орналасқан жалпақ тері қатпарлары бар — плащты кесіртке (Сһlаmіdоsаигиs kіngi) тіршілік етеді. Қауіп төнгенде ауызын ашып, мойынындағы плащын қалқитып, жауынан қорғанады.
Ұшқыш дракон (Dгасо vоlаnз) екі бүйірінде болатын тері қатпарлары олардың ұшуына мүмкіндік береді. Ағаштан-ағашқа секіргенде тері қатпарларының және оның іш жағында болатын жалған қабырғаларының көмегімен 20 м қашықтыққа ұша алады. Дракондар оңтүстік Азияның ормандарында таралған.
Игуандар (Іgиапіdае) тұқымдасына 300-ге жуық ірі кесірт-келердід түрлері жатады. Батыс жарты шарға ғана тараған жа-нуарлар. Ең ірілерінің ұзындығы 1,5 метрге жетеді. Олар жұмыртқа және тірі жұмыртқа туып көбейеді. Олар таулы, ағаш-ты далалы жерді мекендейді. Бірқатары суда және теңізде де тіршілік етеді. Игуанның етін және жұмыртқасын жергілікті халықтар тамақ ретінде пайдаланады.
Ұршық тәрізділердің (Апgиіdае) 60-қа жуық түрі белгілі. Олар негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Европада және Оңтүстік — Шығыс Азияда кездеседі. Пішіні жыланға ұқ-сайды. Бізде екі түрі кездеседі. Ұршық тәрізді (Aпgиіз fгаgіlіs) және сары бауыр (Орһіsаигиs ариs).
Ұршық тәрізді Қырым мен Солтүстіктен басқа СССР-дің Европалық бөлімінің ормандарында кездеседі. Тірі туады. Сары бауырдың ірі түрлері (1 метрдей болады) Қырымда. Кавказда және Орта Азияда тараған. Бұл жұмыртқа туып, көбейеді.
Улы тістілер (Ноlоdегmаtіdае) — улы кесірткелер. Уы адамға да қауіпті. Улы тістілер аяқтары қысқа, дене мөлшері 60 сантиметрдей болатын моқал, жуан құйрығы бар организмдер. Екі түрі белгілі; біреуі — Мексикада, екіншісі — Калимантан аралында кездеседі.
Ешкіемерлерге (Vагапіdае) — ұзындығы 4 метрге жететін ірі кесірткелер жатады. Аяқтары жақсы жетілген, құйрығы ұзын, қозғалғыш болады. Ешкіемерлер Африкаға, оңтүстік Азияға, Австралияға көбірек тараған. Көпшілігі су маңайларында бола-ды. Бізде Түрікменияның, Өзбекстанның құмды шөлдерінде сұр ешкіемер (Vагапиs gгіsеиs), Қазақстанда ешкіемер деген түрі мекендейді. Совет ғалымдары зерттеген ең ірі түрі 1914 жылы Комодо мен Флоренс аралдарынан табылды. Оның ұзындығы 365 см болған. Жануар текті қоректермен ұсақ сүт қоректілері-мен, құстармен, жараланған жабайы шошқалармен де қоректенетіні белгілі болған.
Амфисбендердің (АmрһіsЬаепіdае) тіршілігі көбінесе жер ас-тында өтеді. Денесі цилиндр тәрізді, қысқа моқал құйрыры бо-лады. Амфисбен (АтрһізЬаепа аІЬа) деген түрінің аяқтары болмайды, ал хирот (Сһігоtез саlапісиlаtез) деген түрінде алдыңғы аяқтарының нұсқасы болады. Қабыршағы болмайды, денесі теңбілденген қаттыІ терімен қапталған. Термиттир мен құмырсқалардың илеуін мекендейді. Амфисбендер тропикалық Америкада, Испанияда және Иранда кездеседі.
Нағыз кесірткелердің (Lасегtidае) 150-ге жуық түрі белгілі. Аяқтары бес саусақты қауіп төнгенде құйрығын үзіп, қалдырып кетеді. Көпшілігі далалы, шөлді тау етегінде орманды жерлердің топырағы тез қызатын бөлігін мекендейді. Тек кана тірі туатын (Lасегtа vіvірага) кесірткелер көлеңкелі, орманды, дымқыл мүктермен жабылған топырақта тіршілік етеді. Бізде жиірек кездесетін кесірткелер: жүйрік кесіртке (Lасеtа аgіlіs) және жасыл кесіртке (Lасегtа vігіdіs).
Сцинктар (Sсіпсіdіае) топырақтың астыңғы қабатында тіршілік етуге бейімделген. Кейбір түрлері тауда тіршілік етіп, тасқа тез өрмелеп шығады. Сцинктардың денесі балықтың қабыршағы сияқты затпен қапталған. Мүйізді қабыршақ-тарының астында сүйекті пластинкалары болады. Бізде екі түрі кездеседі — алтын түсті мабуя (МаЬиуа аигаtа) және шөлдің жаңалашкөзі (АЫорһагиs deезегtі) деген түрлері.