Қасқыржемдер тұқымдасы
Қасқыржемдер тұқымдасы
Түқымдаста 2 туыс және 300 түр бар, олардың басым көпшілігі солтүстік ендікте, тропикалық және оңтүстік Африкада және Мадагаскарда таралған. Қасқыржем тұқымдасының аздаған өкілі Орталық Америкада, Малай архипелагының аралдарында, сонымен бірге Австралияда және Тасманияда кездеседі.
Қасқыржем туысы. Дүниежүзінің барлық құрлықтарының құрғақшылық болып түратын облыстарыңда өсетін өсімдіктер. Тек Америкада ғана кездеспейді. БОР-дьщ территориясыңда 24 түрі, Қазақстанда 11 түрі кең таралған. Тік немесе өрмелеп өсетін биіктігі 150 см болатын тамырсабақты өсімдік. Сабағы бұтақталған, оңца формасы ине тәрізді больш келетін топтасқан филлокладий жетіледі. Олар редукцияға ұшыраған қабыршақ (чешуя) тәрізді жапырақтарының қолтығьщда орналасады. Екі үйлі өсімдік, дара жьшысты, гүлдері екеуден немесе көптен редукцияға ұшыраған жапырақтардың қолтығыңда жиналады. Жемісі шырыңцы. Ең кең тараған өкілі дәрілік қасқыржем (спаржа лекарственная — (246-сурет) ол шалғынды жерлерде, БОР-дың европалық бөлігінің шөлейт аймақтарыңда,
Кавказда және Батыс Сібірде өседі. Сапалығы жоғары көкөніс, жас сабақтары үшін отырғызылады; құрамында аспарагин бар, дәрілік маңызы зор. Екі Солтүстік Африкалық түрін — қауырсынды қасқыр-жемді (спаржа перистая) жәе шпренгер қасқыржемін (спаржа шпренгера) бөлменің ішінде сәңдік өсімдік ретіңде өсіреді.