Қияқөлеңдер тұқыдасы
Қияқөлеңдер тұқыдасы
Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Блар ұзын немесе қысқа, симподиальды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер — шымдар (кусты — дернины) немесе шоқалақтар түзетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер больш келеді.
Дүниежүзінің барлық құрлықтарыңда кең таралған. Көптеген түрлері тропикальгқ елдерде өседі. Қоңыржай, және салқын климатты беддеулерде кейбір түрлерінің особьтарьшың саны көп болады және өсімдіктер жабынының әсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды компоненттері болып табылады. Сабақтары ұшқырлы, сиректеу цилиндр төрізді (өлеңшөп туысы), ішінің қуысы болмайды буыңдары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабақтьщ жоғарғы жағыңда орналасады, таспалы немесе таспалыланцетті, көп жағдайда шеттері төмен қарай қайрылған, қьшапшасы барлық уақытта жабық больш келеді, тілшесі болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатты, жапырақ тәрізді немесе көн тәрізді гүласты жапырақшаларьшың қолтығъшда орналасқан көпгүлі, сиректеу біргүлді масақтардан түрады. Гүлінің гүлсерігі болмайды (сәлемшөп-сыть — Сурегш, қиякөлең-осока — Сагех туыстары) немесе ол редукцияға қатты ұшыраған жөне 6 немесе саны одан аз, жұқа пленкалардан (өлеңшөп туысы-қамыш , сиректеу көп мөлшерде үлпектерден тұрады (ұлпабас туысы-пушица). Андроцейі әдетге, бір шеңбердің бойьша орналасқан 3 ата-лықтан түрады. Гинецейі 3 немесе 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, 1-ұялы, 1 түқым бүршігі болады. Аналықтың мойны (столбик) 3 немесе 2 біршама ұзын, жіп тәрізді болып келген аналықтың аузын (рыльца) жоғары көтеріп түрады. Гүлдері қосжьшысты (сәлемшөп, өлеңшөп, ұлпабас туыстары) немесе даражынысты (қияқөлең туысы). Соңғы жағдайда өсімдік бірүйлі, сиректеу екіүйлі больш келеді. Бірүйлі қиякөлеңдердің аталық және анальгқ гүлдері былай орналасады: гүлшоғыры тек атальгқ немесе аналық гүдцерден тұрады; гүлшоғыры қосжынысты, яғни оньң бір жағьнда тек аналық гүлдері, ал екінші жағында тек аталық гүлдері орналасады. Гүлдің тұп жағьнда түрі өзгерген, жабьщдық қабыршақ деп аталынатын, гүласты жапырақшасы орналасады. Қияқөлеңнің гүлін, жабындық қабыршақтан басқа, екі гүласты жапырақшаларыньщ бірігуінің нәтижесінде пайда болған қапшықша қорғап тұрады. Қапшықшаның формасы мен мөлшері- маңызды систематикалық белгілер больш табылады. 247-суретте гүлдердің негізгі типтері берілген. Жемісі ұшқырлы, шар төрізді немесе формасы жалпайьш-жаншылғандау бо-льш келетін жаңғақша.
Кцякщең туысы (осока — Сагех). Жабық тұқымдылардың ішіңдегі өзгергіш (полиморфный) туыстардың бірі. Түрлерінің жалпы саны 1,5 мың, БОР-дың флорасыңда 400, ал Қазақстанда 94. Тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары әдетте ұшқырлы, сиректеу домалақ болып келеді. Жапырақтары таспа тәрізді, қынапшасы жабық болады. Гүлдері даражынысты: аталық гүлдерінің 3 аталығы болады (сиректеу оданда аз); аналық гүлдері екі тұмсығы бар немесе тұмсығы жоқ қапшықпен қапталған, гинецейінің 2-3 ауызы болады. Гүлдерінің формуласы.
Жемісі үшқырлы немесе жалпайып- жаншылғандау боұлып келетін жаңғақша.
Көптеген түрлері солтүстік еңдіктің, солтүстік облыстарыңда кең таралған, мысалы шектамырлы қияқөлең (осо-ка плетевидная или струннокоренная, боз қияқөлең (осока сероватая — С.сапезсеш) және т.б.
Батпақты жерлердің өсімдіктер қауымдастықтарының негізгі компонент-теріне торсылдақ қияқөлең, үрме қияқөлең (осока вздутая ), қос аталықты қияқөлең (осока двух-тычиночная), жағалық қияқөлең (осока берегова) және т.б. Шалғыңды жерлерде қияқ-өлеңдердің мьша түрлері жиі өседі: үшкір қияқөлең (осока острая — С.асша), түлкі қияқөлең (осока лисья — С.уиіріпа), қоян қияқөлең (осока заячья), қосқатар қияқөлең (осока двурядная), түпті қияқөлең (осока дернистая) және т.б. Батпаққа ауысатьш ылғалды шалғындарда тік қияқөлең (осока стройная — С.§гасі1І8), жағалық қияқөлең (осока береговая), тікенше қияқөлең (осока заостренна) және т.б. өседі. Шөлейтті аймақтың өсімдіктер қауымдастықтарында аласа қияқөлең (осока низкая ормандарда-орман қияқөлеңі (осока лесная), жұлдызша қияқөлең (осока звездчатая), тау қияқөлеңі (осока горная), түкті қиякөлең (осока волосистая) және тағы басқалар ерекше басым болып келеді.
Құрғақ жерлердің шөлейттің, шөлдің сонымен бірге көптеген таулы аудандардың қияқөлеңдері жайлымдарда өзінің жүғымдылығы (нәрлігі) жене желінуі жағынан астық тұқымдасынан онша кем түспейтін өсімдіктер. Ылғалды жөне батпақты жерлердің қиякөлеңдерінің жапырақтары сояуланған болып келеді, сондықтанда оларды малдар нашар жейді. Қиякөлеңдерді жылжымалы құмдарды бекітуге (үйінді құмдарды), циновкалар тоқуға пайдаланылады, сонымен бірге оларды сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді.
Келтебас туысы (болотница). Өзгергіш туыс, жершарының барлық құрлықтарыңда кең таралған, 80-нен астам түрлері бар. БОР-дың территориясында 25 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Олар негізінен ылғалды шалғындарда, көлшіктердің жағасыңда, батпақты жерлерде, сонымен бірге таулардың субальпі белдеуінің шалғын-дарында өседі. Негізгі өкілі бесгүлді келтебас (болотница пятицветковая — Е. дипкшеиога), ол Кольск жартылай түбегінің солтүстік шығысынан бастап Қырымға және Кавказға дейін, сонымен бірге Сібірдің, Қиыр Шығыстың барлық жерлеріңде кең таралған.
Өлеңшөп туысы (қамыш). Дүниежүзінің барлық құрылықтарыңда, әсіресе тропикалық жөне субтропикалық зоналарда кең таралған 400-дей түрі бар. БОР-дың территориясыңда 19 түрі, Қазақстаңда 3 түрі кездеседі. Көпжылдық тамырсабақты немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер, көп жағдайда өзендер мен көлдердің жағалауларында, суда және батпақты жерлерде өседі. Өкілдеріне қара өлеңшөп (камыш озерный пен орман өлеңшөбі (камыш лесной) жатады. Бұлардың екеуіде жем-шөптік өсімдіктер.
Ұлпабас туысы (Егіорһошт). Туыстың құрамында негізінен солтүстік ендікте кездесетін (Арктикада, орманды зонада, таудың жоғарғы белдеулерінде) 20-дай түрі бар. БОР-дың флорасында 12 түрі, ал Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Қынапшалы ұлпабас (пушица влагалищная — Е. уа§іпашт) батпақты жерлерде, негізінен шымтезекті батпақтарда, туңдрада өседі жөне шымтезектің түзілуінде елеулі роль атқарады. Гүлінің формуласы.
Сәлемшөп туысы (сыть — Суреіш). Бұл туыстың БОР-дың территориясының негізінен оңтүстік облыстарда өсетін 14 түрі, Қазақстанда 7 түрі белгілі. Аса маңызды түрінің бірі тамақтық сәлемшөп (сыть съедовная или чуфа — С.езсиіепіш). Оның тамырында тамаққа пайдаланатын тәтті түйнектер түзіледі; сондықтанда бұл түрді субтропиктерде арнайы себеді. Папирус (С. рарішз) тропикалық Африка мен Сицилияның өсімдігі, ерте кездерде папирустан қағаз жасаған.