Миксиндер
Миксиндер. Балықтардың уақытша паразиті миксиндер болып есептеледі. Бұлардың паразиттік тіршілігіне байланысты кейбір органдары нашар дамыған да, ал кейбір органдары паразиттік тіршілікке икемделіп маманданған.
Миксиндердің арқа қанаттары болмайды, нашар дамыған көздері тері астында жатады, көз хрусталигі болмайды. Құлағының жартылай шеңбер қуысы біреу-ақ. Миы, оның алдыңғы және мишық бөлімдері жақсы жіктелмеген. Омыртқа жотасының құйрық бөлімінде ғана омыртқаның жоғарғы доғасының нұс-қасы бар.
Ауыз воронкасының жиегінде 4 пар қармалағыштары, тілінің үстіңгі жағында мүйізді тістері болады. Көпшілігінде жел-безектерінің сыртқы тесіктері бірден сыртқа ашылмай, желбезек қапшықшаларының арт жағынан қашығыраққа ашылатын әр-бір бүйірінде болатын каналға ашылады. Олардың мұндай ерекше құрылыста болуы, балықтың денесіне тереңірек еніп кеткеннің өзінде де тыныс алуына мүмкіндік береді, өйткені иіс сезу капсуласы ерекше қуыс арқылы жүтқыншақпен байланысады да, ылайға көміліп, тұмсығы ғана шығып жатқан организмнің тыныс алуына жағдай жасалады. Желбезек тесіктерінің саны 5—45-ке жетеді.
Миксиндер қос жынысты организмдер. Жүмыртқалары үлкен, 20 мм жетеді. Жұмыртқаларыйың сыртын мүйіз тәрізді капсула қаптап жатады ‘да сонымен к,атар ұшы ілмекті жіпшелері болады. Миксиндер 20—30 жұмыртқа, ал миногалар 20— 30 мыңға дейін жұмыртқа салады.
Миксиндер — Атлантика, Тынық және Индня мұхиттарында таралған жануарлар. Кәдімгі миксиндер көбінесе тереңдігі 20— 50 метрге жететін су жағасына жақынырақ жерде кездеседі, ал кейде 500—1000 м тереңдіктен де кездестіруге болады.
Миксиндер көбінесе балықтардың желбезектері арқылы ішіне кіріп, олардың терісі меи скелеттерінен басқасының барлығын жеп қоректенеді. Көбінесе ауға, қармаққа түскен балықтарды жеп, зиянын тигізеді. Миксиндердің кәсіптік маңызы жоқ.