Азқылтанақты құрттар олигохеттер
Азқылтанақты құрттар олигохеттер — буылтық құрттар класы. Бір мм бөлшектерінен дене ұзындығы 2,5 м дейін жетеді. Дене буынтықтарының саны 5-7 ден 600 дейін жетеді. Қылтанақтары аз, шоғырланып әр буынтағының екі жақ жанына орналасқан. Клас құрамына 25-27 тұқымдас енген, (жауын құрттары, наидидидтар, шаян сүлгілері т.б.). 5000 түрі белгілі. ТМД-да 100 топырақ, 300 су азқылтанақты құрттар түрі таралған. Олардың тіршілік ерекшеліктері әртүрлі. Басым көпшілігі, дейтрофагтер, кейбіреулері, жыртқыштар, арасында, паразиттері де бар, (шаян сүлгілері). Гермофрадиттер. топырақ құрттары, топырақтың құнарлық қасиетін жақсартады, ал су құрттары, судың өзін-өзі тазарту процесін жақсартып, сапасын көтереді және балықтарға қажетті қоректік қор.