Миногалар
Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген. Ұрықтанған жұмыртқалардан, ересек миногаларға ұқсамай-тын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Олардың арқасы-нан құрсақ бөліміне қарай қанаты бар екендігі байқалады. Ар-наулы тыныс түтігі жоқ.
Желбезек қапшықшалары жұтқыншақ ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар, бұл ланцетниктегі эндостильдің қызметін атқарады. Бауырында өті болады, көзі терісінің астына жасырынған. Миы басқа органдарымен салыстырғанда үлкенірек деуге болады. Құмқазғыш кейбір белгілерінін, болуына қарағанда (эндостильдің болуы), тіршілік ету тәсілдері жағынан да жалпы алғанда ланцетниктерге ұқсайды. Құм-қазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып, сонын, ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2—5 жылдың ішінде айналады.
Бұл отряд бір тұқымдастан (реіготуzопісіае) және жеті туыстан құралады. Миногалар — барлық суларда тіршілік ететін-космополиттер.
Теңіз миногасының (реtгоmуzоп maчiпиs) ұзындығы 50— 100 см. Бұлар Атлантика мүхитының теңіздерінде кездеседі. Теңізде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу кезінде өзенге шығады. Олар теңіздің түрлі тереңдіктерінде тіршілік етеді, кейде олар-ды 500 м терендіктен де кездестіруге болады. Көпшілігінде балықтармен және су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді. Теңіз миногалары уылдырығын көктемде шашады. Уылдырықтарын су түбін қазып, шұңқыр жасап салады. Кәсіптік маңызы аз. Өкілдері: Каспий (саsріотуzоп wаgпегі) және өзен (Іатреіга fһvіаtіlіs ) миногалары болып саналады. Каспий миногасы Каспий теңізінде тіршілік етеді де, уылдырық шашу үшін сен-тябрьден бастап декабрь айына дейін Еділ, Жайық, Кура, Терек өзендеріне шығады. Теңізден өзенге шыру кезінде үйір-үйір болып, өзен ағысына қарсы жоғары қарай, бірнеше жүз километр өрістеп көтеріледі. Уылдырық шашуы март айында басталып, июнь айында аяқталады. Уылдырықтарын су түбіндегі топырақтан жасалған арнаулы шұңқырларға салады. Уылдырық шашуға шыққан миногалар қоректенбейді, ал уылдырық шашып болған соқ олардың барлығы қырылып қалады. Каспий миногасы-ның кәсіптік маңызы үлкен.
Өзен миногасының (Іаmреtга flиvіаtіlis) денесінің ұзындығы 40 см-дей болады. Бұлар Европа мен Азияның солтүстігінде жә-не Солтүстік Америка теңіздерінде кездеседі. Уылдырығын өзенге барып шашады. Олардың уылдырық шашу кезіндегі пайда болған тобы май айында теңізден шығып, Нева езеніне июнь айына дейін келіп жетеді, июнь айының аяғында уылдырық шашады. Уылдырық шашуға келе жатқан миногалар қоректенбейді, сондықтан олардың ішектері шөжіп кетеді. Көктемгі уылдырық шашу процесінен басқа, күзде де уылдырық шашу процесі байқалады. Бұл жағдайда миногалар өзенде қыстап шығады да, келесі жазда уылдырығын шашады. Өзен миногаларыньщ Каспий миногасына карағанда кәсіптік маңызы аз.
Бұлақ миногасы (Іаmреtга рlапегі) ұзындығы 30 см-ге жуық, Европа өзендерін мекендейтін, ешуақытта теңізде кездеспейтін жануар. Уылдырығын май айында шашады, уылдырығын шашып болғасын қырылып қалады. Кәсіптік маңызы жоқ.