Ор қоян
Ор қоян Отанымыздың Европалық бөлігінде, Кавказда, Қазақстанның солтүстігінде және Батыс Сибирьдің даласына тараған.
Бұлар ағашсыз далалы жерді мекендейді. Қысқа қарай олардың денесінің біраз жері ғана ағарады, ал Қырымда мүлде өзгермейді. Орта Азияның шөлінде ұсақ түрі құм қояндары (Ь. Іоlаі) кездеседі.
Қояндар өсімдіктердің вегетативтік органдарымен қоректенеді. Жазда шөппен, қыста — ағаштың қабығымен, жіңішке бұтағымен қоректенеді. Үнемі осындай қатты заттармен қоректенетін болғандықтан олардңң азу тістері үздіксіз өседі және бүйені де өте ұзын болады. Қыстық қор жинамайды арнаулы ін қазық, ұя жасамайды. Олар бұтаның тасасына немесе қалың шөптін, арасына жатып дем алады, көбейеді. Осыған байланысты көжектерін ұзақ уақыт (50 күн шамасында) көтереді. Көжектерінің түгі жетілген, ширақ, туысымен анасына ілесіп жүріп кетеді. Қояндар жылына екі-үш рет балалайды.