Сын-қимыл (бейне) үстеу
Сын-қимыл (бейне) үстеу
Сын-қимыл (бейне) үстеу қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай, қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-кимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос жүрді т. б.
Сын-қимыл (бейне) үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбіп немесе күрделі түбір бола береді.