Ешкіемерлер — түн құсы
Ешкіемерлер сырт жағынан сұр қарлығаштарға ұқсайды, үлкендіктері орташа, насеком қоректі, түн қүстары.
Аузының көлемі өте үлкен және аузының жиегінде орналасқан қатты қылтандары бар. Тұмсығы керісінше кішірек келеді. Қанаты ұзын және үшкір болады. Қауырсындары сирек, жапалақтардікі сияқты жұмсақ, түсі тіршілік еткен ортасына сай сұр-қоңыр болады.
Қонақтап немесе жерде отырған ешкіемерді байқау қиын, өйткені түсі ағаштың немесе жердің түсіне ұқсас болады.
Ешкіемерлер — түн, я іңір құсы. Ұшып жүрген насекомдар-дың дыбысынан байқап, ұстап қоректенеді. Қорегін ұстауға кең аузынын, және оның, жиегіндегі қатты қылтандарының маңызы үлкен. Бұлар суық жақта ғана болмайды. Бізде құрғақ орманды жерлерде — кәдімгі ешкіемер (Саргіmulgіs europaeus) кездеседі. Бұлардың топырақ шұңқырына салған ұясында 1—2 жұмыртқа болады.Балапандарын атасы да, анасы да бірдей күтеді. Ешкіемерлер өте пайдалы құс.