1920–80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар
1920–80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар
Мазмұны
1 XX ғасырдың 1929–1931 жылдарындағы шаруалар көтерілістері
2 1959 жылғы Теміртаудағы оқиға
3 1979 жылғы Целиноградтағы «Неміс автономиясын» құру саясатына қарсы ереуілдер
4 1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі
5 Пайдаланылған әдебиет
XX ғасырдың 1929–1931 жылдарындағы шаруалар көтерілістері
Қысқа мерзімде жүргізілген ұжымдастыру науқаны казак халқына ауыр нәубет әкелді. Дәстүрлі шаруашылық жүйесі бұзылып, халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. 1928 жылы басталған байлардың дүние мүлкін тәркілеу мен жер-су реформаларын жүргізудегі бұрмалаушылықтар халықтың табанды қарсылығын туғызды.
Халық наразылықтары, әсіресе, 1929 жылдың екінші жартысы мен 1930 жылдың қыс айларында өрши түсті. Көтерілістер бастапқыда 1929 жылдың кыркүйегінде Қарақалпақстанның (сол кезде Қазакстан қүрамында) Тақтакөпір ауданында, сондай-ақ Сырдария округінің Бостандық ауданында, қараша айында Қостанай округінің Батпаққара ауданында басталды. Республикалық партия ұйымының бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин бұл наразылықтарға «ауылдағы байлардың қарсылығы» деп қарады.
1929–1931 жылдары Қазақстанды қамтыған мұндай козғалыстар жалпы халықтық наразылықтың бастамасы болды. Билік басындағылардың шынайы қалыптасқан жағдаймен санаспай, дұрыс шаралар қолдануға дәрменсіздік көрсетуі 1930–1931 жылдардағы көтерілістерге алып келді.
1930 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында ондаған шаруалар көтерілістері мен толқулар кең қанат жайып, жаппай сипат алды. Қарулы бас көтерулер Созақта, Ырғызда, Қарақұмда, Балқашта, Өскемен мен Зырян аудандарында, Манғыстауда болды. Солардың ішінде Созақ көтерілісінің өзіндік ерекшелігі зор. Басқа көтерілістердің негізгі қозғаушы күші – орта шаруалар болса, бұл көтерілісте кедейлер мен батырақтар да айрықша белсенділік танаттын.
Көтерілістің бастауына 1039 жылы 19 ақпанда Қазақстанның жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социсалистік жолмен қайта құруға байланысты шаралар әсер етті. Байлар мен кулактарды малдан айыру, абақтыға жабу, оларды дереу жер аудару басталды. Ет, жүн және мақта даярлау науқанындағы асыра сілтеушіліктер, шолақ белсенділердің әрекеті де жағдайды одан әрі шиеленістіріп жіберіп жіберді. Көтеріліске шыққандар аудан орталығын басып алып, Сұлтанбек Шолақұлын өздеріне хан сайлаған. Олар аң аулайтын мылтық, қанжар мен қылыш, балта тәрізді қарулармен қаруланлы. Шолақ белсенділерді соққыға жығып, кеңес органдарының іс өағаздарын өртеді.
1959 жылғы Теміртаудағы оқиға
Қарағанды облысында Қазакстанның тау-кен металлургиясының бірден-бір орталығын құру жоспарланды. Теміртауда Бүкілодақтық комсомол-жастар құрылысы мәртебесіне ие болған қазакстандық «Магнитка» металлургиялық зауытының құрылысы іске қосылды. Республикамызға өзге де одақтас республикалардан, сондай-ақ социалистік мемлекеттер достастығы елдерінен жұмысқа келушілер саны көбейе бастады. Теміртау халқының құрт өсуіне байланысты жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі алда тұрды. Барлық жұмысшыларға бірден пәтер жетіспей, олардың көпшілігінің вагондар мен барактарда, брезент палаткада өмір сүруіне тура келді. Сонымен қатар медициналық қызмет көрсету, мәдени демалыс орындары (клуб, жөндеу орындары мен шеберханалар), білім беру (мектептер) және дүкен, асхана, буфеттерден, әсіресе жаз күндері ауыз судан жергілікті халық тапшылық көрді. Бірақ бұл қиыншылықтардың барлығы өткінші ауыртпалықтар ретінде қарастырылды. Алайда өндіріс аясындағы дағдарыс одан әрі тереңдей берді. Мысалы, құрылыс материалдарының әкеліну кестесінің бұзылуы, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, апаттардың жиілеуі, техниканың бүлінуі, тұрып қалуының салдары құрылыстағы кадрлардың тұрақтамаушылығына өкеліп соқтырды.
Осындай жағдайға байланысты жұмысшылар арасында наразылық туа бастады. 1919 жылдың тамыз айында жұмысшылардың жергілікті өкіметпен қақтығысы болды. 1 тамызда сенбі күні кешке жұмысшылардың бір тобы ауысымнан кейін бірде-бір ашық асхана таппады. Бұл жұмысшылардың наразылығын туғызды (89 мың жұмысшыға әрқайысысы 2120 орыннан 178 асхана болды). Асханалар мен дүкендерде ойран салу әрекеттері басталды, көшелерде ереуілдер мен бүліншіліктер ұйымдастырылды, қалыпты өмір-салты бұзылды.
Бүліншіліктерді басу үшін милиция мен Қарлаг әскерлері жұмылдырылды. Қару қолдану жағдайлары да болды. Бүліншіліктің үшінші күні зауыттарға әскер енгізілді.
Болған оқиғалар жайында БАҚ-тар ешқандай хабар бермеді. Бірінші кезекте бұл туралы облыстық, республикалық партия ұйымдарының басшыларына, сонымен қатар КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің басшыларына хабарланды.
КОКП ОК-і Президиумының бұйрығы бойынша кұрамында КОКП ОК-нің өкілдері, сондай-ақ ҚазКП хатшысы Беляев кірген комиссия құрылды.
1959 жылдың казан айында Мәскеуде болған КОКП ОК-і Президиумының мәжілісінде Теміртаудағы оқиғаларға байланысты «Қарағанды металлургия зауытын салу мәселелері туралы» қаулы қабылданды. Осы бойынша кінәлілер анықталып, жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы П.Н.Исаев пен «Қазметаллургқұрылыс» тресінің бастығы Вишневский кінәлі деп жарияланды.
Теміртаудағы бүліншіліктің негізгі себебі — жұмысшылар арасында тәрбиелік және саяси үгіт-насихат жұмыстарының қанағаттанарлық жағдайда жүргізілмеуі деп есептелді.
Бірақ бұл оқиғалардың басты себебі елдегі басқару ісінің негізгі принциптеріне байланысты еді. Басты назар адам мен оның жеке мәселелерінде емес, өндірістік салада ғана болды.
1979 жылғы Целиноградтағы «Неміс автономиясын» құру саясатына қарсы ереуілдер
1976 жылы КОКП ОК-і Ю.В.Андропов басшылық еткен жауапты топ кызметкерлеріне неміс автономиясын құру мәселелері туралы үсыныс жасау жөнінде тапсырма берді. 1979 жылы 31 мамырда «Целиноград, Қарағанды, Көкшетау және Павлодар облыстарының қүрамына кіретін бес ауданның аумағынан түратын Неміс автономиялық облысын күру туралы» қаулы шықты. Оның әкімшілік орталығы Ерейментау каласы болуы керек болатын. ҚазКП ОК-і жаңадан қүрылып жатқан автономиялық облыстың партия органдарының күрамы мен нақты шекарасын, штатын анықтауға кірісті. 18 маусымда Неміс автономиялық облысының қүрылуына байланысты салтанатты жиналыс өткізу жоспарланды. Бүл шаралар республика халқының бір бөлігінде наразылық тудыруда. 1979 жылы 16 жәнө 19 маусымда Целиноградта үнқағаздар пайда болып, қала көшелершде неміс автономиясын кұруға қарсы ереуілдер өтті. Партия органдарына автономия құруға қарсы ұжымдық хаттар келіп түсе бастады. Әсіресе Целиноградтың Ленин атындағы (қазіргі Орталық) алаң ереуілге қатысушылардың көпшілігімен көзге түсті. Шеруде, негізінен, жастар көп болды, олардың саны 16 маусымда бірнеше жүздеген адам болса, 19 маусымда бірнеше мыңнан асты деп есептеуге болады. Жастарға осы ереуілге жиналғандардың алдына облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Н.Е.Морозов шығып, Неміс автономиясының жойылғанын мәлім етті. Осыдан кейін ереуілге қатысушылар тарай бастады. Бірнеше күннен соң ұжымдарда, кәсіп- орындарда, басшылық ортада бұл мәселе талқыға салынбайтындығын |. халыққа жеткізу максатында жиындар өткізіліп тұрды. Бірақ Неміс автономиялық облысын кұру турасындағы КОКП ОК-нің нақты шешімі 1980 жылдың ақпан айында шығарылды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алғышарты болған Целиноградтағы оқиға қазақ халкының үлттық санасының оянуына елеулі үлес қосты.
1986 жылғы Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісі
Алматы қаласында 2006 жылы орнатылған тәуелсіздік монументі
18 желтоқсан күні болып өткен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің кезектен тыс Пленумы республиканы ширек ғасырға жуық уақыт басқарған Д.А.Қонаевты қызметінен босатып, оның орнына сол уақытқа дейін Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын баскарған Г.В.Колбинді сайлады. Шын мәнінде бүл ешқандайда сайлау емес, ендігі уақытта Қазақстанда Орталықтың саясатын жүргізуге тиіс болған номенклатура өкілін пленумға жиналғандарға таныстыру рәсімі ғана еді. Республика жұртшылығының өмірлік мүдделеріне қатысты мәселені шешудегі Орталықтың әділетсіз әрі өктем бұл қадамы қорланып калған халық наразылығының жанартаудай атылып сыртқа шығуына түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңына халық жинала бастайды. Кешке қарай жиналғандардың саны шамамен 25—30 мыңға жетті. Олардың басым бөлігі Мәскеудегі билік жариялаған қоғамды қайта кұру (1985 ж.) ұрандарына сеніп, сондай-ақ Конституциялық құқық пайдаланып өздерінің еркін білдіруге шыққан студент және жұмысшы жастар болатын.
Бейбіт шеруге шыққандардың қолдарына көтерген «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ултқа артықшылық берілмесін!», «Әр республикаға—өзінің басшысы!» және басқа осы мазмұндағы ұрандар тоталитарлық жүйе жағдайында өз пікірін ашық айтудан қалған халыктың саяси еркіндікке, сондай- ақ шынайы мемлекеттік дербестікке ұмтылысын айғақтайтын еді. Жиналған көпшілік респбулика басшылығындағы мұндай өзгерісті Д.А.Қонаевтың өзінің келіп түсіндіруін талап етті. Сонымен бірге жұмысшы жастар өздерінің ауыр өлеуметтік жағдайын, өсіресе тұрғын үй мәселесін, жұмыс тапшылығын, казак тілінің қолдану аясының барған сайын тарыла түскендігін өзекті өткір мәселе ретінде қойды.
Қайрат Рысқұлбеков
Орталық алаңдағы жағдай бірден Мәскеудегі Бас хатшыға және басқа билік орындарына баяндалды. Осы сәттен бастап республикадағы билік толығымен орталықтың құзырына өтті. Алматыдағы саяси наразылықты өз билігіне төнген қатер ретінде қабылдаған Орталық оны күш қолдану арқылы басып-жаншу жолына түсті. Билік бейбіт шеруге шыққан жастармен тең дәрежедегі диалогқа баруды қажет санамайтындығын анық байқатты. Өз ретінде билік алдына қатаң талаптарын қойған бейбіт шеруге жиналушылар нанымды жауап алмайынша алаңнан тарамайтындықтарын мәлімдеді. Сол күні кешке Мәскеуден Алматыға ұшып келген топтың құрамында КСРО Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, КСРО Бас прокурорының орынбасары, КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, республика компартиясы Орталық комитетінің бірінші және екінші хатшылары, республика Ішкі істер министрі және мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы бар наразылықты басып, тарату штабы құрылды. Құрамында казақ ұлтынан ешкім де болмаған бұл штабтың жұмысын КСРО Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары генерал-полковник Б.К.Елисев басқарды. Штабтың қарауына шамамен 20-25 мың адамнан тұратын Алматы гарнизонының, КСРО Ішкі істер министрлігінің Алматы облысында, сондай-ақ Фрунзе, Ташкент, Челябі, Новосібір, Уфа, Свердловск, Тбилиси қалаларында орналасқан арнайы ұшақтармен Алматыға алдырылған әскери күштері берілді.
Әскерилерге қарусыз шерушілерді қуып таратуға қажетті қаружараққа қосымша 15 БТР, 20 өрт сөндіруші машина берілді. Милиция және әскер құрамаларына саны 10—15 мың шамасындағы темір сойылдармен қарулаған «Жасақшылар» көмектесті.
Алматыдағы қарусыз бейбіт шеруге шыккан жастарды қарулы әскер күштері қуып тарату барысында 8,5 мың адам ұсталып, олардың 2401 -і уақытша қамау орындарына жеткізіліп, қалғандары қала сыртына апарып тасталды, 1,7 мыңнан астап адам дене жарақатын алды, олардың бірнешеуі сол жарақаттан қаза тапты. Сот үкімімен 99 адам түрлі мерзімге, екі адам өлім жазасына кесілді.
Қайрат Рысқулбеков пен Мырзақұл Әбдіқұловқа берілген ату жазасы халықаралык қауымдастықтың карсылығы нәтижесінде кенен 20 жылдық абақтыға алмастырылды.
Қ.Рысқулбеков белгісіз жағдайда Семей абақтысында өлтірілді.
Алматыдағы көтеріліске ұласқан бейбіт шерудің жалғасы ретінде Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған қалаларында, Шамалган, Сарыөзек елді мекендерінде бой көрсетулер болып өтті. Оларға 2,5 мыңнан астам адам ісатысып, 281-і үсталып, 20-дан астамы түрлі мерзімге сотталды.
Сонымен екі күнге созылған қарусыз халықтың қарсылығын билік орындары нағыз катыгездікпен басып-жаншыды. Желтоқсанда орын алған биліктің күш қолдану әрекеттері империялық Орталықтың осыдан жетпіс жыл бұрынғы, яғни 1916 жылғы казақ халқының ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты іс-қимылдарын еске салатын еді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы комиссиясының көрсетуінде көтеріліс күндері Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің, қалалық және облыстык партия ұйымдарының нүсқауы бойынша Алматы зауыттарында басым түрде еуропалық ұлт окілдерінен құралған жасақтар үшін темір арматураның кесіктерінен, резинадан жасалған кабельдермен, шынжырлардан арнайы қарулар даярланды. Көтеріліс басылған соң ресми билік орындары бұл қаруларды өзірлеген шеруге шыққан жастар деп мәлімдеді.
Желтоқсан күндері және оның ізін ала басталып кеткен сот процестері кеңестік биліктің нағыз репрессиялық шараларға көшкендігін байқатты. 758 жас оқудан, 53 адам партия қатарынан, көтеріліске қатынасты немесе оған тілектес болды деген жүздеген адам жұмыстарынан шығарылды, саяси қудалауға ұшырады.[1]
Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1