2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы
2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы — 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда өткізілді.
Құрылтайды Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Омарұлы, С. Досжанов ұйымдастырды. Төрағасы Б. Құлманов болды.
Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастаған қазақ қоғамы құрылтайға қатысты.
Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
Сібір,
Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
Қазақ-қырғыз автономиясы;
Милиция туралы;
Ұлт кеңесі;
Ұлт қазынасы;
Мүфтилік мәселесі;
Халық соты;
Ауылды басқару және
азық-түлік мәселесі.
Алғашқы баяндаманы Ә. Бөкейханов жасап, ол жөнінде қаулы қабылданады. Қаулыда — қазақ аутономиясы, милиция (жасақ) және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кісілік комиссия құрылады. Құрылған комиссия атынан Халел Ғаббасов аутономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жасайды.
Баяндама бойынша құрылтай бірауыздан қаулы қылады:
…қазанның аяғында Уақытша кімет тұскенін, Русия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді ұкіметтің жоқтығын, әкімшілік жоқ болған соң, халық арасы бұзылып, пышақтасып кететіндігі, бассыздық кұшейіп, бұкіл мемлекет бұліншілікке ұшырап, кұннен кұнге халықтың кұйі нашарлауын және бұл бұліншілік біздің қырғыз-қазақтардың басына да келуін мұмкін деп ойлап, бұкіл қазақ-қырғызды билейтін ұкімет керектігін ескеріп, съезд бір ауыздан қаулы қылады:
1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы, Амудария бөліміндегі, Закаспий облысындағы қазақ уездері және Алтай губерниясындағы іргелес жатқан қазақ болыстарының жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;
2) қазақ-қырғыз автономиясы — «Алаш» деп аталсын…
3) Алаш автономиясының жер ұстіндегі тұгі-суы, астындағы кені Алаш мұлкі болсын…
5) Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары тең-геріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бұкіл мекемеде санына қарай орын алады…
6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша Ұлт кеңесі құрылып, мұның аты «Алаш орда» болсын. Алаш ордасының ағзасы (мүшесі) 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы орыс және басқа халықтарға қалдырды.
Алаш орданың уақытша орны — Семей қаласы.
Алаш орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады…
Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады.
Қазақ-қырғыз автономиясын жариялау мерзімі туралы қызу пікірталас туып, Ә. Бөкейханов бастаған топ: «ортамызда тұрған басқа халықтармен ақылдасып және милиция құрғанша тоқтата тұрайық» — десе, Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу жариялансын!» дейді. Артынан екі жақ ымыраға келіп, біраз шартпен автономияны жариялау Алаш Орда үкіметіне жүктеледі.