Ағыбай кесенесі
Ағыбай кесенесі. Жоспарда төртбұрышты, орта күмбезді құрылыс, сфероконусты күмбезбен жабылған. Төрттіктен сегіздікке өту, одан әрі өту екі жақты колонна қолданылған. Колонналар күмбезбен аяқталады. Кіреберіс тікбұрышты пішінде, ағаш тақтайлармен жабылған, босаға тақтайдан жасалған. Кіреберісте тақтаймен, қамыспен жабылған «айван» бар. Сыланған.
Құрылыс кірпіштен жасалған, құмды топырақтан езілген. Кірпіш өлшемі 30х15х5см. Ішкі өлшем 9,80х10,15м, биіктігі 8м. Кубтың биіктігі 3,10м, күмбез бұрышы 1,30м. Кіреберіс 1,45х0,70м. Жоспардағы өлшем 6,85х6,85м (ішкі.) Жоспарда «Айван» 2,70х4,00м, оның биіктігі 2,70м. «Айван» қабырғасының қалындығы 1м. Кесене қайта қалпына келтіру жұмысынан (2005ж. жұмыстың І этабы) өтті. Қазақстандағы кірпіштен жасалған ең ірі құрылыс.