Ақтерек қорымы
Ақтерек қорымы б.з.б. 3-1 ғасырлардан сақталған обалар. Алматы облысының Жамбыл ауданының Ақтерек кентінің оңтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан, үсті топырақпен, таспен үйілген 87 оба. 1956 ж. Жетісуархеологиялық экспедициясы (жетекшісі Е.И. Агеева) зерттеген. Бірнеше топпен тізбектеліп салынған обалар диаметрі 8-12 см. Шығыстан батысқа, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай қазылған қабірлерден адам сүйектері табылды. Қабір беті ағашпен, таспен жабылған. Обалардан құмыра ыдыстар, темір пышақ, түйреуіш, шыны моншақ, қойдың құйымшақ сүйектері табылды. Ақтерек ескерткіштері көшпелі тайпалардың отырықшы халықтармен байланыста болғанын көрсетеді.