Қазақстанда акционерлік қоғамдардың құрылуы
Қазақстанда акционерлік қоғамдардың құрылуы. Нарық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі көрсет-кендей, адамның еңбек етуге деген ынтасы, яғни адамның жұмыс істегісі және ақша тапқысы келуі, нарықтың роліне сенуі, тауар өндірушілердің мемлекеттен тәуелсіздігі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Экономиканың бірқалыпты қызмет етуі үшін мемлекеттік сектордың үлесі 25-30%-дан аспауға тиіс. Тек осындай үйлесімділік болғанда ғана халық шаруашылығының бүгінгі құрылымын қалпына келтіріп, тауар өндірушілер арасындағы бәсекені дамытуға, сондай-ақ өркениетті нарықтың қатынастарын жолға қоюға болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі нарық экономикасы стратегиясын жарияланғаннан бастап мемлекеттік меншікті түрлендіруді біртіндеп жүргізуде. 1991 жылдың ортасында сарапшылардың бағалауы бойынша негізгі өндірістік қор-лардың 90%-дан астамы мемлекеттік меншікте болған. Қал-ған мүліктің біршама санын мемлекеттік емес ұйымдар -кеңшарлар мен кооперативтер иеленді.
Алдағы уақытта мемлекеттік меншікте ұлттық эконо-миканың үштен бір бөлігі қалады деп күтілуде. Бұл эконо-мика өзегін, мемлекет меншігін құрайтын қазба байлықтарға негізделген салаларға байланысты болып келеді.
Меншіктің монополиялану көлемі мен ауқымын, сол сияқты экономиканың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі ұзақ уақытқа мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасын жасады. 1991-1992 жылдарға есептелген бағдарламаның бірінші кезеңінде, шағын жекешелендіруді жүргізу және халық шаруашылығының әр түрлі салаларының орта және ірі кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алуды бастау қарастырылған. Бұл процесс өте баяу жүрді. 1992 жылы көктемде меншік қатынастарын түрлендіру процессін жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің №728 «Материалдық өндіріс салаларындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша жұмысты жандандыруға байланысты шаралар туралы» Жарлығының қабылдануы, ірі және орта кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудың негізгі тәсілі, оларды ашық типтегі акционерлік қоғамға айналдыруға бағытталды. Алайда бұл басқа формаларды да жоққа шығармады, керісінше Жарғы әр объектінің түрлендірілуінің ықшамды формасын таңдауға мүмкіндік жасады. Кәсіпорындарға өздерінің шаруашылықтану формаларын таңдауға және жекешелендіруді жүргізуге байланысты шараларды жасауға қүқық берілді. Бұл кәсіпорындардың жұмыс жасау ерекшелігіне, олардың негізгі қорларының әр түрлі құндарына, еңбекшілердің санына, рентабельділігіне және т.б. негізделді.
Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және жекешелен-дірудің бірінші кезеңінде 6-9 мың объекті қайта түрлен-дірілді. Мемлекеттік сектордан 18% негізгі қорлар сатылып, жекешелендірілген кәсіпорындарда республикада жұмыс жасайтын жұмысшылардың тізім бойынша орташа санының 12%-ы жұмыспен қамтылды.
Меншіктің әр формасын тарихи тұрғыдан, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың жеткен деңгейімен байланыстырып қарастыру қажет.
Қайта түрлендірілген объектілердің жартысынан астамы ұжымдық меншікке берілді. Бірақ меншіктің үжымдық формасына берілгенімен, ондағы жұмыскерлердің рухани тінінде, сондай-ақ олардың еңбегінің нәтижелерінде көп өзгеріс болған жоқ.
Сатып алудың бұл формасы мемлекет және халық үшін күткен нәтижені бере алмады. Талдау көрсеткендей, ұжым-дық кәсіпорындардың 25%-ы нашар жұмыс жасап, өндірістің 24%-ы қысқарды немесе мүлдем жабылды, 30%-ы сол деңгейде қалды, тек кәсіпорындардың 31%-ы ғана өз өнімдеріне бағаның өсуі есебінен ісі жақсара түсті.
1993 жылы 1 қаңтарда Қазақстандағы қайта түрлендірген 6198 кәсіпорын ішінде жеке меншікке берілгендер саны 1461-ді құрады. Өндірістің шоғырлануы және техникалық деңгейі жоғары сатыға жетпеген салалар мен сфераларда жеке меншіктің өзіндік экономикалық артықшылықтары болады. Ол өз ерекшеліктеріне қарай тауарлар өндіру және қызмет көрсететін шағын объектілерде өте тиімді болып келеді. Егер қандай да бір сферада өндіргіш күштер тиісті деңгейіне дейін дами алмаса, бірақ мұнда жеке меншік толық біріктірген болса, онда бұл теріс және әлеуметтік салдарлар тудырып, нәтижесінде еңбекшілердің қажетін қанағаттандыра алмайды.
Нарықтың қазіргі түсінігі меншіктің бір формасына мо-нополия болуды теріске шығара отырып оның көп түрлі-лігіне экономикалық және саяси теңдіктің болуын талап етеді. Ол үшін нарық заңына сүйене отырып, экономикалық процестерді дұрыс реттеу, сондай-ақ шаруашылықтың іскерлік белсендігі үшін бірқатар ынталандыру жағдайларын жасау қажет.
Толыққанды нарық жағдайында қажеттілікті нақты анықтауға және оларды тиімді қанағаттандыру тәсілдерін табу, сұраныс пен ұсынысты теңестіру, өндірістің дамуы үшін бірқалыпты сфераны жасауға мүмкіндік болады. Нарық экономикалық тиімділігін және адамдардың өмір сүру деңгейін арттыру құралы ретінде қызмет етеді. Әлеуметтік бағыттағы нарыққа өту барысындағы алғышарттарды бұзбаған жағдайда, ол экономиканы толығымен адам мүддесіне бағынышты етуге қол жеткізеді.
Меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылы формаларын жасау мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік меншікті қайта түрлендіру процесінде рес-публика Үкіметі екі негізгі қағиданы жетекшілікке алады.
Бірінші, бұл үлкен істің еңбекшілердің қатысуымен және олардың мүдделерін ескере отырып жүргізілуден тұрады. Екінші қағида, меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылы-лығын барлық сфераларда пайдалану болып табылады.
1993 жылы көктемде Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдарға (2 кезең) арналған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру Ұлттық бағдарламасы қабылданды. Ұлттық бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру купондарының иелеріне акционерлеу жолыменен меншікке біртіндеп беру болып табылады.
Жаппай жекешелендіру тұжырымының алатын орны ерекше. Біріншіден, ол республиканың барлық тұрғындары-ның мүдделерін толық қамтиды; екіншіден, оның басқа елдердегі тұжырымдамалармен сәйкес келмейтін өзіндік ерекшеліктері бар.
Жаппай жекешелендіру төңірегінде республика тұрғын-дарының меншігіне барлық мүліктік кешенді беру қарас-тырылады. Мұнда бірқатар мәселелерді шешу талап етіледі. Купондық жекешелендіруді алдыменен республика тұрғын-дарының мүддесіне сай жүргізу қажет. Бұл процесс басқарылатын және бақыланатын, сондай-ақ әлеуметтік маңызы болуға тиіс. Сонымен қатар, республикада бар жеке капиталды тартуды ынталандыруы тиіс. Ең соңында купон түріндегі жаңа төлем құралдары инфляцияны жұмсартуды көздейді.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасына сәйкес жекешелендіру купондарын пайдалана отырып, жаппай жекешелендіру бағдарламала-рын іске асыру ашық акционерлік қоғам түріндегі инвестициялық жекешелендіру қорларын (ИЖҚ) құрумен байланысты болды. Олар Мемлекеттік қоры өткізетін купондық аукциондардағы жекешелендірілетін кәсіпорындар акцияларын кейіннен ауыстыру мақсатында халықтың купондарын шоғырландыруға бағытталады.
Милиондаған купон иелерінің көзқарасымен қарағанда, ИЖҚ купондарды көптеген кәсіпорындар акцияларына салуды диверсификациялау және белгілі бір дивидент пайыз алу есебі тәуекелді төмендетіп, сол сияқты қордың мамандары купондарға білікті қызмет етуді қамтамасыз етумен қатар, аукцион өткізетін орынға дейінгі жол ақысын және қаржы делдалдарын жалдау, жекешелендірілетін объектілерді оқып үйренумен байланысты шығыстарды олар өздеріне алады.
Акционерлік қоғамдар меншіктің басқа формаларымен салыстырғанда, бірқатар ерекшеліктерге ие. Кәсіпорындарды ашық акционерлік қоғам формасында қайта түрлендіру арқасында, жедел түрде ірі қаржы ресурстарын жұмылдыру мүмкіндігі туындайды.
Акцияларды сатудан түскен түсімдер эмитент-компанияның шотына түсіп және бизнесті жаңғырту, диверсификация-лауға және т.б. қызмет етеді.
Акционерлеудің басты пайдасы — бұл алдағы уақытта әр түрлі қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Ашық типтегі акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа да, яғни қосымша акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражат тарта алады.
Егер сол немесе басқада компанияның акцияларды орна-ластыру нәтижесіне байланысты, оның акцияларын көп инвесторлар иеленсе, онда бұл олардың қор нарығындағы нақты рейтингін материалдық жағынан куәландыруды біл-діреді. Ондай компаниялардың акцияларының ашық түрде сатылуына бірдей көңіл аударылады. Компанияның танымалдығы мен ашықтығы, потенциялды клиенттері мен серіктестерінің көп болуы ондай компаниялармен ынтымақтасуға болатындығын көрсетеді. Егерде олар бұл компанияның акционерлері болатын боса, онда оларда сол компанияның өнімі мен қызметіне деген ұзақ мерзімді мүдделігі арта түседі.
Акционерлеу процесінің қолайлы жақтарымен қоса теріс жақтары да бар. Дегенменде, сол компанияның акцияларын сатып алу-сату объектісіне айналдыру туралы шешім қабылдау, бұл шешімді іске асырумен байланысты біршама материалдық шығындардың жұмсалуын қажет етеді.
Сонымен қатар, акционерлік меншік формасы қосарлан-ған салық салуға, яғни салықты корпорацияның пайдасынан іздестіруге, корпорацияның салық төлегеннен кейінгі қалатын және акционерлер арасында бөлінетін пайдадан алуға мүмкіндік жасайды. Шаруашылық қызметті ұйымдастырудың акционерлік формасы, әсіресе ірі немесе орта кәсіпорындар үшін тиімді, себебі ондай кәсіпорындарда мүлік құнының өте жоғары болуына
338 Ақша, несие, банктер
байланысты бір немесе бірнеше тұлғаның капиталы жеткіліксіз болатындықтан заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын тарту талап етіледі.
Кәсіпорындар мөлшері және акцияны шығаруды ұйым-дастырудың техникалық қиындығы жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасын таңдауға итермелейді.
Міне сондықтан да қазақстан заңдылықтарында ірі және орта кәсіпорындарды жекешелендіру барысында, олардың негізінде жартылай акциялары жеңілдік жағдайында сатылатын немесе сол кәсіпорын қызметкерлеріне тегін берілетін акционерлік қоғам құру көзделген. Акционерлік қоғамды құру мемлекеттік меншіктің бір бөлігін иеленуге ынталы кәсіпорынның еңбек ұжымының мүддесін, сондай-ақ жекешелендіруге жатпайтын өндірістік емес сферада немесе кәсіпорында жұмыс жасайтын қазақстанньщ басқада азаматтарының мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға кайта түрлендіру процесіндегі ең қиын сұрақ бұл акционерленетін кәсіпорынның мүлкін бағалау болып табылады. Мүліктің құны жаңадан қүрылатын акционерлік қоғамның бастапқы капиталын алдын-ала анықтай отырып, кейіннен оның бола-шақтағы пайдасына ықпал етеді. Қаншалықты төлем мөлшері үлкен болса, солғұрлым кәсіпорынның қожайындарының саны аз, пайдасы төмен және сондай-ақ кәсіпорынды акционерлеу мерзімі ұзаққа созылып, ол кәсіпорынның мемлекеттік құрылымдарға қаржылық жағынан тәуекелділігі сақталып қалады. Шындығында да мүлік құнын жоғарылату барысында оны бірден сатып алу қиынға соғып, мемлекет (Мемлекеттік мүлік комитеті) сол кәсіпорынды ұзақ уақыт басқаруға араласа отырып, оның пайдасының бір бөлігін, өзіне тиесілі акциялары арқылы дивидент ретінде иемденіп отырады. Мұның бәрі акционерленетін кәсіпорынның бәсекелестік мүмкіндігін төмендетеді.
Қазақстанда жекешелендіру объектісінің мүлкін бағалау барысында инфляция индексін ескеретін қалдық құны негі-зіндегі әдістеме қолданылады. Бұл әдістемені қалыптасатын бағалар мен негізгі қор құны және айналым қаражат-тарының шекті қатынасын, сатып алатын өнімге (қызметке) деген сұранысты, бәсекелестік қабілеттілікті, рентабельді-лігін, кәс- порынның даму перспективасын, әлемдік бағалар деңгейін және басқада факторларды ескере отырып, ай сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті анықтап отырады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын анықтау үшін кәсіпорынның мүлкінен келесідей баланс пассивінің баптары шығарылып тасталады:
• басқада кәсіпорындардан алынған мақсатты қаржылан-
дыру қаражаттары;
— несие және заемдық қаражаттар — қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді несиелер;
— есеп айырысулар және баланс пассивінің
басқадай, яғни заемдық және уақытша тартылған
қаражаттар бөлігі.
Сондай-ақ заңдағы жекешелендірудің ерекше режимінде белгіленген мүлік қүны, сол сияқты мемлекеттік меншікте қалу туралы Мемлекеттік мүлік комитетінің қабылдаған шешіміне қатасты әлеуметтік-түрмыстық және әлеуметтік-мәдени объектілер құны да шығарылып тасталынады.
Демек, акционерлік қоғамның жарғылық қорын (ЖҚ) құрайтындарға:
ЖҚ= ӨҚ+ (Қа + Ақ+А- Т — Зқ — П)
мұндағы: ӨҚ — негізгі және айналым қорлары;
Қа — қаржы активтері;
Ак — аяқталмаған құрылыс;
А — баланстың активтік бөлігінің басқа да бап-
тары;
Т — өндірістік қорлардың тозуы;
Зк — заемдық қаражаттар және несиелер;
П — пассивтік басқа да баптар
Акционерлік қоғамның жарғылық қоры компанияның меншікті қаражаттарының ішінде ерекше орын алады. Біріншіден, жарғылык қор акционерлік қоғамнын жарғысында бекітілген акционерлердің тәуелсіз кәсіпкерлік қызметін жүргізу қүқығын көрсетеді. Екіншіден, бұл қоғамның алдағы қызметіне қуат беретін бастапқы капитал болып табылады. Акционерлік қоғамның жетістіктерімен жүмыс жасауы негізінде алынған пайдасы есебінен
340 Ақша, несие, банктер
жарғылық қордың шамасын бірнеше рет көтеруге болады. Сонда жарғылык қор пассивтің біршама тұрақты формасы болып қала береді.
Компанияның меншігін иелену құқығын занды түрде бекіту, оны иемдену және бастапқы капиталдың тұрақ-тылығы капиталды негізгі капитал ретінде және акциоңер-лердің, компанияның қорындағы белгілі бір үлесіне меншік құқығының кепілдігі ретінде де пайдалануға болады. Бұл құқық жарғылық қордың барлық шамасын үлестерге (пай, акцияларға) бөлу жолымен және бұл үлестерді компанияның акционерлерінің арасында белгілі бір шартпен орналастыруды қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, жарғылық қор қоғамның қарызы бойынша меншік иелерінің жауапкершілігін қамтамасыз ететін кепілдік қоры ретінде қызмет етеді. Мұндағы акционерлердің жауапкершілігі олардың жарғылық капиталға қосқан салымдарымен шектеледі.
Жарғылық қор тек қана акционерлердің жалпы жина-лысының шешімімен мынадай жағдайларда өзгеруі мүмкін:
• қоғам қызметі қосымша акциялар шығару және пай-
даны қайта инвестициялау жолымен кеңейеді;
— жарғылық қордың азаюы акциялардың бір бөлігін
сатып алу есебінен жүзеге асады;
• бір акцияның номиналдық бөлігінің өзгерісінен.
Меншікті капиталдың өсуінің маңызды көзіне акционерлік қоғам пайдасы жатады. Бұл акционерлерге дивидент төлемейтін, сондай-ақ компанияның қызметін қаржыландыруға жұмсалатын пайданың бір бөлігі болып табылады. Жалпы жағдайда компания пайдасы үш топқа бөлінеді: дивиденттер төлеуге, капиталдандырылатын пайдаға, резервтік капиталға аударымдарға.
Акционерлік қоғам өз қызметінде заемдық капиталды (займ, банктік, коммерциялық және басқа да несие түрлерін) кеңінен пайдаланады.
Акционерлік қоғам мынадай бағалы қағаздар түрлерін шығарады: акцияларға және облигацияларға.