Трасталық операциялар
Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап өздерінің жеке және корпоративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды.
«Траст» — сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі (жеке немесе заңды тұлға) өз капиталын басқа тұлғаға (сенімді) оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп, банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты қызметтер көрсетуін және клиент атынан, оңың мүддесі үшін, сенімді тұлға ретінде басқада қызметтер көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады. Бұнда сенімді тұлға белгілі бір құқтарға ие болып мүліктің, капиталдың, бағалы қағаздардың иелік етушісі ретінде болады. Сенімді тұлға мүлікпен бенефициар мүддесін қорғай отырып, иелік етуге тиіс. Бенефициар болып мүліктің иесі, яғни сенім иесінің өзі немесе үшінші тұлға болуы мүмкін.
Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қосымша табые алу үшін айналысады. Сол сияқты корпорациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.
Банктер трасталық қаражаттарды негізінен өздерімен ұзақ қатынастағы фирмалардың акцияларына, ірі компаниялардың бағалы қағаздарына, қозғалмайтын мүлік бойынша кепілдемелерге, депозиттерге және басқада табысты активтерге орналастырады.
Банктерге қаражаттарды бағалы қағаздарға салу қосымша табыстан басқа, ірі фирмаларды және корпорацияларды бақылауға мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер 327
Банктердің трасталық бөлімдерінің қызметтерін жеке және занды тұлғалар, жәрдем қорлары, басқада қоғамдық ұйымдар пайдалана алады. Банктер трасталық қызметтерді әр түрлі клиенттердің кеңірек тобына көрсетуге мүдделілік танытады.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің сенімхаттары бойынша келесі операцияларды жасай алады:
• жеке тұлғаларға сенімхат бойынша акциялар, басқада қорлық құндылықтар түріндегі мүлікті, қозғалмайтын
және басқада мүлікті (жауапты сақтауға берілген
немесе хат бойынша) басқару;
• акционерлік қоғамдардың тапсырмасы бойынша сенімділік функцияларды орындау;
• фирмалар мен жеке тұлғаларға агенттік қызметтерді
көрсету.
Сенімді операциялар екі түрге бөлінеді: жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға.
Жеке тұлғалар үшін траеталық қызметтердің негізгі 3 ка-тегориясы бар:
1) йесі кайтыс болғаннан кейін мүлікті басқару;
2) мүлікті сенімді негізде басқару;
1. агенттік қызметтер. Банк басқаруындағы траст түрлері әр түрлі болып келеді: сеніп қалдыратын, бүкіл өмірлік, сақтандыру, корпоративтік институция-налдық, коммуналдық.
Банктер іскерлік фирмалар мен компанияларға мынадай агенттік қызметтер көрсетеді:
• трансферт бойынша агент — облигацияларды, акцияларды, олар бойынша құқты бір иеден екінші иеге беру;
• акцияларды тіркеуші — банк шығарылған бағалы қағаздардың есебін жүргізеді;
— депозитарий, ягни қаржылық қайта үйымдастыру
кезіндегі құндылықтарды сақтау ретінде;
— акциялар бойынша дивиденттерді және
облигацияларға пайыздарды төлейтін агент.
Трасталық қызметтер үшін комиссиондық төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды түрде қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады.
Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл кызмет көрсетулер банктер тарапынан пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.
Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телеком-муникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
Осының негізінде банктер өздерінің мәліметтер базасын жасайды, клиенттер қолын жеткізу үшін белгілі бір ақы төлеуге тиіс.