Факторингтік операциялар
Факторингтік операциялар. Факторингтік операция -клиентпен төленбеген қарыздық талаптар (шот-факторлар, вексельдер) бойынша төлемді талап ету құқын басқаға (банкіге) беру.
Факторингтің мәні — банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды (олардың девиторлық қырызын) пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісім-шартпен жүзеге асады. Ол келісім-шартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Банктер алғашқы факторинг қызметін клиенттерге 1990 жылдан бастап көрсете бастаған. Мұндай операциялармен КСРО — Промстройбанктің жүйесі айналысқан. Факторинг — жиі қаржылық қиындықтарды басынан кешетін шаруашылық органдар үшін біршама тиімді қызмет көрсету болып табылады. 1988 жылы жеке құқықты жүйелеудің халықаралық институтымен қабылданған Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
1. қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында
несиелеудің болуында;
2) жабдықтаушымен бухгалтерлік есепті жүргізу, ең алдымен өткізу есебін;
3) жабдықтаушы қарызын инкассолау;
1. несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру.
Факторингтің үш қатысушысы: фактор, бастапқы несие
беруші, борышқор. Жабдықтаушы өз қарыздық талаптарын факторға сатады. Фактор, ол талаптың 80% бөлігін сол жерде төлейді (комиссиондық төлемдерді алып тастағанда). Қалған бөлігі борышқормен төленгеннен кейін қайтарылады. Сонымен қатар, банк осы операциямен байланысты барлық жауапкершілікті, тәуекелді, талаптарды инкассолауды өз мойнына алады. Жабдықтаушы шығындарына мыналар жатады: бухгалтерлік есепті жүргізгені үшін және факторлық жиындар үшін комиссиондық төлемдер; банктің немесе факторингтік комиссияның пайдасы.
Факторингтік келісімнің бірнеше типтері бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қырыздардың пайда болуынан толық қорғау, төлемдердің кепілдік түсімін қамтамасыз ету, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге алдын ала төлем формасындағы несиелеу,
Регресстік кұкы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы — факторингтік компания жабдықтарушы көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Толық қызмет ету туралы факторингтік келісімнің тағы бір түрі — агенттік келісім немесе көтерме факторинг туарлы келісім. Бұл жағдайда жабдықтаушы факторингтік компанияға тек
326 Ақша, несие, банктер
несиелік тәуекелдің қорғау функциясын береді, ая қалған элементтер жабдықтаушыда қалады, яғни ол факторингтік компанияның талаптарды есепке алу мен инкассолаудың агенті болады.
Егер жабдықтаушы тек несиелеуге қызығушылық білдірсе, ол ашық немесе конференциялдық шот-фактураны есепке алу туралы мәміле жасау мүмкін. Факторингтік компания үшін шот-фактурараларды дисконттау өте тәуекелді болып келеді.