Екпін
Екпін
Сөздерді айтқанда, сөздегі буындардың (дауысты дыбыстардың) бәрі бірдей бір қалыпта айтылмай, біреуі басқалардан ерекше каркынмен, күшпен айтылады. Мысалы, жұмысшы деген сөз үш буыннан тұрады да, соңғы үшінші буыны (шы), жұмысшылар дегенде төртінші буыны (лар) күшті айтылады. Осындай сөз ішінде бір буынның (дауысты дыбыстың) басқа буындардан ерекшеленіп, күшті айтылуын екпін дейді.
Әдетте казақ тіліндегі екпін біршама тұрақты, сөздің соңғы буынында болады. Мысалы, ба-ла, әкімшілік, терезе, сияқты сөздерде екпін соңғы ла, лік, зе буындарына түсіп тұр. Сөзге косымша (жалғау, жұрнақ) жалғанғанда да, әдетте екпін соңғы қосымшаға түседі. Мысалы: қала-қалалардың-қалаларымыз, жақсы-жақсылык-жақсылықтар-жақсылықтарың т. б.
Бірақ казак тілінде барлык қосымшаларға екпін түсе бермейді. Екпін түспейтін (қабылдамайтын) косымшалар:
1. жіктік жалғауларына екпін түспейді. Мысалы: жақсы-сың, бара-мыз, жүре-ді, үлкен-сіз т. б.
2. етістіктің болымсыздық мағынасын туғызатын -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасына екпін түспейді. Мысалы: айқыз-ба, көрмей-сің-дер, жаздыр-ма-ған, айтыңқыра-ма-ды т. б.
3. Есім создерге және етістіктің есімше тұлғасына жалғанып, теңеу, ұқсату, мәнін білдіретін -дай, -дей, -тай, -тей, -лай, -лей, және -ша, -ше жұрнақтарына екпін түспейді. Мысалы: үй-дей, бала-ша, келген-дей, айтқан-ша т. б.
4. етістік тұлғаларына жалғанып, тілек, өтініш мәнін білдіретін -шы, -ші қосымшасына екпін түспейді. Мысалы: көр-ші, айтыңқыра-шы, көрсең-ші, барайық-шы т. б.