Тасымал
Тасымал
Жазып келе жатқанда, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір я бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді. Сөздің соңғы буындары дефис (-) арқылы төмендегі тәртіп бойынша тасымалданады.
1. Екі я одан көп буынды сөздер буын жігімен тасымалданады. Мысалы: Рес-пуб-ли-ка-мыз-да, құр-мет-ті, әке-лік т. б.
2. Бір гана дауысты дыбыстан тұратын буынды жол соңына калдыруға да, жаңа жолга тасымалдауга да болмайды. Мысалы: өзі-міз-ге (ө-зімізге емес), ара (а-ра емес), аю (а-ю емес) т. б
3. Екі дауысты дыбыстың ортасында й, у дауыссыз дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: жа-уап, (жау-ап емес), қа-йың (қай-ың емес), са-уын (сау-ын емес), ке-йін (кей-ін емес) т. б.
калай алуга ьолад
Балаларга комеги тиед