Экономикалық реттеу құралдар
Экономикалық реттеу құралдар
Негізгі экономикалық реттеу құралдарына келесілер жатады:
1)Фискальдік саясат
2)Ақша –несие саясаты
3)Экономиканың мемлекеттік секторы
4)Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау
5)Мемлекеттік берешек, қарыз
6)Мемлекттік жоспарлау
Фискальді саясат – ол мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу құралдарын қамтиды, яғни Үкімет шығындары және салықтарымен байланысты реттеу жүйелері. Бұл құралдардың ішіндегі маңыздысы болып мемлекеттік сатып алу саналады.
Мемлекеттік сатып алу – мысалы, мемлекеттік бюджеттен мектеп басқа да мәдени әлеуметтік орындарды салу, ауыл шаруашылық өнімдерін, сыртқы сауда өнімдерін сатып алу. Бұл сатып алулардың негізгі ерекшелігі – мемлекет тұтынушы болып есептеледі. Мемлекеттік тапсырманың кәсіпорындардың экономикалық жағдайын көтеруде атқаратын рөлі зор. Мемлекет бұл сатып алуды не тұтынуға, не болмаса нарықты реттеуге қолданады. Мемлекет өз тапсырмаларын көп жағдайда Отандық кәсіпорындарға орналастыруға тырысады. Фискальді саясаттың екінші құралы – салық. Салық – бұл мемлекеттің заңды және заңды емес тұлғалардан міндетті түрде алатын төлемдер. Мемлекеттік реттеуде салықтар 2 рөл атқарады:
1) ол бюджеттік саясаттың негізгі заттық негізі, мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың басты көзі.
2) ол түсімдерді қайта бөлуші, ынталандырушы және бақылаушы.
Осы тұрғыдан салықтар 2 қызметті атқарады: фискальдық және экономикалық
1) Фискальдық функциясы – салықтардың күшімен мемлекеттің ақша қоры қалыптасады, мемлекеттің өмір сүруіне қажетті.
2) Экономикалық функциясы – ол арқылы мемлекеттің экономика салаларына, сфераларына ықпалы іске асырылады. Ұлттық табыстың қайта бөліну арқылы фискальды саясат салық төлеушілердің мемлекет алдындағы борышын көрсетеді. ал экономикалық функциясы – мемлекеттің халық алдындағы салық төлеушілер алдындағы міндеттерін көрсетеді. Салықтар тікелей және жанама, мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекет фискальды саясаттың макроэкономикалық балансты қамтамасыз ету үшін жүргізеді.
Ақша – несие саясаты – ол банк жүйесінің іс – қызметімен байланысты. Бұл саясаттың негізгі мақсаты – экономикалық өсуді қамтамасыз ету мүддесінде тұрақты және тиімді несие жүйесін құру. Ақша – несие саясатын реттеудегі негізгі бағыттар:
1) Орталық банктің есептік мөлшерді (%) өзгертуі
2) Міндетті резервтердің (жинақ қордың) көлемін өзгерту
3) Ашық нарықта операциялар, іс – қызеттер жүргізу
1) Орталық банктің есептік мөлшерді (%) өзгерту, яғни Орталық банктің есептік пайызды деңгейін реттеуі. Орталық банктің бұл қимылы кейінгі деңгейлердегі жеке банктердің ссудалық көлемін өзгертуге бағытталған. Бұл реттеудің мәні – Орталық банк жеке банктерге беретін несиелердің пайыз деңгейлерін өзрету арқылы олардың несиелік мүмкіндіктерін әлсіретеді немесе күшейтеді. Мысалы: экономиканың шамшан қарқынды даму кезеңінде Орталық банк несиелерге деген пайыз мөлшерді өсіреді, яғни несие қымбаттайды, несие жүйесіндегі ақша ағымы шектеледі. Сөйтіп, іс жүзінде «қымбат ақша саясаты» іске асырылады. Ал экономиканың құлдырау кезеңінде мемлекет несиелерге деген пайыздық деңгейді төмендетіп кәсіпкерлік іс қызметті жандандыру саясатын іске асыруға тырысады. Несиенің арзандауы және несие жүйесі көлемінің өсуі өндірістің өсуін ынталандыру құралы ретінде қолданылады. Бұл дисконттық саясат несие реттеуіндегі баяғы келе жатқан әдістерінің бірі. Оның қолданылу құрала бастауы: Орталық банктің коммерциалық банктердің кредиторына айналуымен байланысты.
2) Міндетті жинақ қор – көлемін өзгерту және банктер өздерінің жинақтарын (резервтерін) Орталық банк шоттарында ұстайды. Жинақ резервтер көлемі пайыз мөлшерде анықталады. Міндетті жинақ мөлшерін реттеудің макроэкономикалық мәні – банктік несиелер көлемін реттеу болып санаалады. Мысалы: Орталық банк міндетті жинақ резерв көлемін көбейтсе, айналымдағы қысқа мерзімді қаржылар көлемін азайтады, ал жинақ көлемін азайтса несие көлемін көбейтеді, яғни айтқанда жинақ көлемінің өсуі ақша қсынысын азайтады, ал көлемінің азаюы ұсынысты арттырады.
3) Ашық нарықтағы опкрациялар, іс – қызметтер. Орталық банкті ақша несие жүйесін реттеудегі бұл құралы Орталық банктің мемлекеттің құнды қағаздарын несиелеу міндеттерін сату немесе сатып алу механизіне негізделген. Ашық нарықтағы операциялардың ерекшеліктері пайыздық мөлшері мемлекеттің құнды қағаздарының сатылу, сатып алыну жылдамдығына байланысты. Орталық банк арқылы жүргізіледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары ішінде құралдарының бірі – амортизациялық төлемдер жинау. Мемлекет негізгі капиталына болатын амортизациялық төлемдер мөлшерін және оның төлену тәртібін өзгерте отырып шаруашылық нәтижесінде салықтан босатылатын пайда көлемін анықтайды. Бұл пайда амортизациялық қорға түсіп жаңа қаржыларды қаржыландыруға пайдаланылады. Сол себепті мемлекет тарапынан мұндай іс – қимыл жалпы экономикада ұлғаймалы өндіріс процесін дамытуда маңызды рөл атқарады.