1961 жылғы деноминация
1961 жылғы деноминация. Рубль бағанын алтын базасына өткізгеннен кейінгі он жылдың ішінде (1950-1960жж.) елдің ақша айналымы, мемлекеттік бюджеттің мөлшері, сондай-ақ өндіріс, ұлттық табыс көлемі және т.б. шамадан тыс өсті.
Экономикалық қызметтердің көптеген көрсеткіштері жүздеген миллиардтармен және триллиондармен бейнеленді. Осындай үлкен сомалардағы шоттармең жұмыс жасау іс жүзінде қаржы-банктік және шаруашылық органдардың жұмысын қиындатып жіберді. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкімет баға масштабын 10 есеге ірілендіру, рубльдің алтындық құрамын көтеру және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешім қабылдады.
1961 ж. каңтарынан бастап, айналысқа жаңа үлгідегі мынадай ақша бірліктері шығарылды: 1, 3, 5 қазыналық билеттер мен 10, 25, 50 және 100 рубльдегі мемлекеттік банк (банкнот) билеттері, соңдай-ақ 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 және 50 тиындық монеталар. Ескі үлгідегі ақша билеттері және монеталар жаңа үлгіге 1:10 арақатынасымен ауыстырылды. 1, 2, 3, 5 тиындық монеталар айырбастауға жатпағандықтан, айналыста номинал бойынша қала берді.
Айырбас 3 ай ішінде 1961ж. 1 қаңтарынан бастап 1 сәуір аралығында ешқаңдайда шектеусіз жүргізілді. Сондықтан да 1961ж. I тоқсаныныда айналыста ескі және жаңа ақшалар қатар жүрді. Барлық ақшалай операциялар 1:10 арақатынасымен жүргізілді. Сонымен бірге осындай арақатынаста тауарлар мен қызметтер бағасы, жалақы тарифтері, зейнетақы мөлшері, степендия, барлық төлемдік міндеттемелер, келісім-шарттар және т.б. жүргізілді.
Баға масштабын ірілендіру ақша есебін және олардың техникалық қызмет көрсетуін жеңілдетті. Ақша билеттерінің пішіндері шағын болып келуі, оларды айналыста қолайлы етті.
Баға масштабын ірілендірумен бірге рубльдің алтындық құрамын көтерді жәңе оның шетел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге асты. 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдің алтындық құрамы 0,222168 г орнына 0,987412 г етіліп қайта белгіленді.
Рубльдің жаңа алтын құрамы рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзілік бағасын тауарлар бағасымен теңестіріп, мемлекеттік бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделі қайта есептеулерді қалыпқа келтірді.
1964 ж. Экономикалық ынтымактастықтың халықаралық банкінін құрылумен байланысты, 1991 ж. дейін Экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше елдердің арасында көп жақты клирингтік есеп айырысулар үшін қолданылатын ақша бірлігі — аудармалы рубль енгізілді.