1947 жылғы ақша реформалары
1947 жылғы ақша реформалары. Ұлы Отан соғысы елге — 679 млрд рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд рубльді құрады (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде).
Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға салық, шағын жанұялыларға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4% шамасында қаражаттар түсті.
Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды. Өндіріс көлемінің қысқаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған (колхоз) нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы қол жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.
Соғыстың зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу қабілеттігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) ОК қаулысына сәйкес 1947ж. 14 желтоқсанда «Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы») мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 номиналдық купюрлар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы 3000 рубльге дейінгі ақшалары қайта бағалауға ұшыраған жоқ, 3000-нан 10000 рубльге дейін 3:2 жеңілдік арақатысымен, 10000 жоғары 2:1 арақатынаспен қайта бағаланды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік қатынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық , монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді. Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде жаңа ақшамен төленді.
Реформаның басты элементерінің бірі бұрынғы шығарылған мемлекеттік займдарды (1947 ж. займнан басқасын) 1948 ж. біртұтас 2%-дық займға конверсиялануы болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды.
Ақша реформасын жүргізумен қатар, барлық азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді.
Еркін мемлекеттік сауданың ықпалымен колхоз нарықтарындағы бағалар төмендеді. 1948 ж. бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өсті.
1947 ж. ақша рефомасы ақша жүйесінің түбірімен қайта құруылуын білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де, реформаға дейінгі болған ақша айналысының құрылымы сақталды. Бұның сәл айырмашылығы сол, Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес рубль түрінде шығарылатын болды.
Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілетті бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.