Клетканың тітіргендіштігі
Клетканың тітіргендіштігі
Өсімдіктің жекелеген клеткалары, органдары мен бүкіл организмі тітіркенуді қабылдап және оны басқа клеткаларға, тканьдер мен органдарға бере отырып, қоршаған ортаның әртүрлі әсеріне жауап қайтара алады. Өсімдіктің мұндай қабілетін тітіркенгіштік деп атайды. Бұл қабілет өсімдіктің ортаға бейімделуі барысында қалыптасқан, ол өсімдіктің қоршаған ортаға деген активті қатынасын білдіреді. Тітіркендіруге жауап ретінде клетка жиырылып немесе секрет бөліп қана қоймастан, сондай-ақ өзінің мөлдірлігін, электрлік қасиеттерің өткізгіштігін, тыныс алу режимін де өзгертеді. Тітіркену нәтижесінде клетка активтілігін арттырады, онын, структурасы мен биохимиясы өзгереді, клетка қозу күйіне өтеді.
Қозу бір клеткадан екінші клеткаға беріледі. Мысалы, тітіркендірген кезде ұялшақ мимоза алдымен тітіркенген жапырақтарын, одан кейін оған жақын орналасқан, ең ақырында қашық орналасқан жапырақтарын да жиып алады. Мимозадағы қозудың қозғалу жылдамдығы 5 см/сек-қа жетеді. Қозудың көптеген клеткалар арқылы таралуы олардың өзара байланысты екендігін білдіреді, осының нәтижесінде өсімдік біртұтас организм ретінде тіршілік етеді. Клеткалардың мұндай өзара байланысы плазмодесма арқылы жүзеге асады.
Қазіргі кезде өсімдіктер клеткаларын тітіркендіргенде олардың электрлік қасиеттері өзгеріп, электр тоғы пайда болатындығы анықталып отыр.
Ағылшын ғалымдары Остергаут пен Ходжкин зерттеулері түрлі есімдік және жануарлардың клеткаларының сыртқы және ішкі ортасында иондар біркелкі таралмағандығын көрсетті. Олардың мәліметі бойынша, клетканың ішкі ортасында К+, С1~ иондары кебірек, ал сыртқы ортасында Са++, ІЧа+ иондары көбірек орнала-сады. Өсімдіктер клеткаларының сыртқы ортасында жануарлар клеткаларына қарағанда натрий емес, кальций кебірек, ал ішкі ортасында калий мен хлор иондары көбірек жиналады. Иондардың осылай әркелкі таралуы хара және нителла балдырларының клеткаларынан анықталған.
Бұл жағдай диффузия заңдарына сай келмейтіндіктен, оны түсіндіру үшін түрлі жорамалдар жасалды. Натрий иондары клеткадан активті түрде шығарылып, калий иондары, керісінше ішкі ортада ұсталып қалуы зат алмасуымен байланысты деген пікір айтылды. Натрий иондарьга клетка ортасынан активті түрде шығару механизмін «натрий насос” деп атады. Басқа бір пікір бойынша К+ иондары клеткаға енген соң онда белоктар арқылы байланысады. Ішкі ортада сонымен қатар теріс зарядты СОО~ тобы жина-лады. Ол сірке, пирожүзім, сүт қышқылы сияқты органикалық қышқылдардың және аспарагин, глютамин қышқылдары сияқты кейбір амин қышқылдарының диссоциациялануы нәтижесінде түзіледі. Сондықтан клетканың ішкі ортасында минус заряд артық болса, оның сыртқы ортасында плюс заряд артық болады. Зарядтардың мұндай айырмашылығы электрлік потенциал тудырады.
Клетканы тітіркендірген кезде қозған учаске теріс электрлі болып шығады. Қозған клетканың мембраналары С1~ және Са++ иондарын жылдам өткізеді. Хлор иондары клетканын, сыртына қарай ұмтылады да, соның нәтижесінде тітіркенген учаскенің беті теріс зарядқа ие болады. Хлор клетка бетіне шыққан кезде кальций иондары осыған сәйкес клетканың ішіне енеді. Осымен бірге К+ иондары баяу түрде сыртқа шығады, сол себептен учаске бетінің оң заряды қалпына келеді. Бірақ калий біраз кешірек шығады, бүл кезеңде теріс зарядты қозған учаске оң зарядты қозбаған учаскемен өзара әрекеттеседі, осының нәтижесінде электр тогы пайда болады. Мембрананың ішкі жағында да әр аттас зарядты учаскелер өзара әрекеттеседі, бірақ бұл жерде электр тоғы кері бағытта өтеді. Электр тоғының әсерімен қозу тез таралады.