Клетканың алуан түрлілігі
Клеткалардың формасы мен молшері алуан түрлі болып келеді және олар орналасуы мен атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты болады. Клеткалардың формасы негізінен коп қырлы денешіктер түрінде болып келеді. Олардың формасының бұлай болып қалыптасуы, жақын орналасқан клеткалардың бір-біріне қысым түсіруімен тікелей байланысты болады. Еркін өсетін клеткалардың формасы шар, жұлдызша, цилинр тәрізді және тағы басқаша болып келеді. Клеткалардың алуан түрлі формаларын паренхималық және прозенхималық деп екі топқа болуге болады. Паренхималық клеткалардың ұзындығы енімен бірдей немесе одан 2—3 еседен артық болмайды, ал прозенхималық клеткалардың ұзындығы енінен бірнеше есе артық болады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің клеткаларының орташа ұзындығы 10—100 мк-ге тең. Ең үлкен паренхималық клеткалардың ұзындығы бірнеше миллиметрге жетеді және жай кезге корінеді. Оларға қарбыздың, лимонның жемістерінің және картоптың түйнегінің клеткалары мысал болады. Әсіресе зығырдың, қалақайдың, раманың сабақтарының прозенхималық клеткалары үлкен ұзындыққа жетеді. Бірақта бактерияның клеткаларының кішкентай болатындығы сонша (0,5—5 мкм), оларды оптикалық микроскоптың ең үлкен үлкейткішінің озімен зорға көруге болады.