Клетканы зерттеудің тәсілдері
Клетканы зерттеудің тәсілдері
Клетканы зерттеуде қолданылып жүрген тәсілдер алуан түрлі. Олардың негізгілерінің бірі микроскогшялық тәсіл. Бұл төсілмен жұмыс істеуде оптикалық микроскоп үлкен роль атқарып келеді, оның қазіргі кездегі модельдері объектіні 2 мың есеге дейін үлкейтіп корсетеді. Оптикалық микроскоптардың комегімен жұқа кесіңділерді, олар арқылы тік отетін немесе айнаға шағылысқан жарықтьщ сәулелерін пайдалана отырып зерттейді. Физикалық контрастық жабдықтарды пайдалана отырып, жарықтың сәулесін бірдей сындыратын, бірақ тығыздықтары өртүрлі болып келетін, тірі клеткалардың компоненттерінің құрылысьш зерттейді. Бірақта жарықтың табиғатына байланысты оптикалық микроскоптың мүмкіндігі шектеулі болады. Мұндай микроскоп арқылы 0,2 мкм9-ден ұсақ болшектерді кору мүмкін емес.
Электроңды микроскоп объектіні 200—300 мың есе, тіптен оданда коп етіп үлкейтіп корсете алады. Мұнда жарықтың сәулесінің орнына, үлкен жылдамдықпен келе жатқан электроңдардың ағыны пайдаланылады. Зерттелетін кесінділердің қалыңдығы 0,05 мкм-ден аспау керек және арнайы бояулармен боялған болуы шарт. Электрондардың тасқыны кесінді арқылы отіп, электронды магниттік линзалардың комегімен шашырап жайылады, содан кейін барып электрондардың соққысынан жарық беретін экранда, немесе фотопластинкада оның кескіні (проекциясы) түседі. Электронды микроскоп арқылы мөлшері 1,5 нм10-дай болатын құрылымды көруге болады.
Өсімдікті ұлпадан немесе клеткадан өсіру тәсілі (культура клеток). Бұл тәсіл арқылы тірі клеткалардың құрылысын және тіршілік жағдайын организмнен тыс жерде зерттейді.
Цитологиялык, тәсіл. Бұл тәсіл клеткадағы әртүрлі заттардың: белоктардың, майлардың, углеводтардың, нуклейн қышқылдарының, гармондардың, витаминдердің және т.б. болуын және олардың клеткадағы мөлшерінің қаншалықты екеңдігін анықтауға мүмкіндік береді.
Клетканың тығыздығы әртүрлі болып келетін компоненттерін центрифугирования тәсілі арқылы бір-бірімен қоспай белек зерттеуге болады. Клеткадан оның жекелеген компоненттерін мүлдеп бөліп алу
9 1 мкм (микрометр)=0,001 мм.
10 1 нм(нанометр)=0,001 мкм.