Балықтар экологиясы
Балықтар экологиясы
Су — тіршіліктік орта болғандықтан тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасайтын өзіндік көптеген ерекшеліктері де болады.
Ондай ерекшеліктеріне: 1. Судың қозғалыста болуы. 2. Су температурасының өзгергіштігі. 3. Газдарды еріту қасиеттері. 4. Мұз қабатының пайда болуы (судың қатуы).
1. Су орталығының қозғалыста болуы. Судың үздіксіз козғалуы, өзен мен теңіздің ұдайы ағуынан және тайыз, тұйық су қоймаларының өзінде де өзіндік ағыстардың болуынан. Сонымен қатар, жылудың әсерінен су қабаттары төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай қозғалып тұрады. Су орталығының осындай ерекшелігі балықтардың тіршілігіне әр түрлі жолмен әсер етеді. Судың қозғалысы механикалық фактор ретінде балықтардыд сыртқы пішініне, қанаттарының дамуына, дене жабындыларының сипатына әсерін тигізеді. Мысалы, ағыны қатты тау өзендерінде тіршілік ететін балықтардың формасы ұзынша торпеда тәрізді болады (форель балығы). Ақпайтын немесе жай ағатын суларда тіршілік ететін балықтардың тұрқы қысқа, денесі екі жағынан қысылған болады, мысалы — қарабалық, сазан тағы басқалары.
Судың қозғалғыштығы балықтардың, бір жерден екінші жерге ауысуына, еріксіз араласуына себепші болады. Мысалы, Норвегия майшабағының личинкалары, Скандинавияньщ батыс жағалауында уылдырықтан шығады да, Гольфстрим ағысының бір саласымен солтүстік шығысқа қарай, 3 ай ішінде жағалаумен 1000 километрдей қашықтыққа ағып келеді.
Көптеген лосось тәрізді балықтардың өмірі негізінен теңіздерде өткенімен уылдырығын ірі өзендердің жоғарғы, ағысы қатты жерлеріне шашады, одан шабақ шығады. Сол шабақтар өзендердің ағысымен пассивті түрде ағып теңіздерге келеді.
Сол сияқты судың қозғалысы қоректік заттардың — планктондардың еріксіз қозғалуына, оған байланысты балықтардың да қозғалып, еріксіз араласуына себепші болады.
Температураның өзгергіштігі. Жер бетіне қарағанда судың температурасының өзгеруі азырақ болады. Мысалы, ауаның максимальды температурасы +58° болады (Кіші Азияда), ал минимальды температура —70° (Якутияда). Сонда, ауадағы температураның амплитудасы шамамен 130 градусқа тең болады. Осымен қатар жер бетінде тіршілік ететін жануарларға тек ауа температурасы әсер етіп қана қоймай, өздері үстінде қозғалып жүретін топырақтың да температурасы әсер етеді. Шөл дала шағылдарының үстіңгі кабатының температурасы жазда + 78 градусқа дейін жететіні анықталған, Осыған қарағанда жер бетінде мекен ететін жануарлар температураның амплитудасы 150° шамасындай жағдайда өмір сүреді.
Судағы температураның жағдайы өзгеше болады. Сондықтан балықтар бұл ортадан жер бетіндегі температураға қарағанда әлде кайда төмен температурада тіршілік етеді. Сонымен қатар температурасы +50° шамасындай ыстық бұлақтарда да тіршілік ететін балықтардың түрлері бар. Мысалы, тісті карптар (Сугріпоdопtiае) тұқымдасына жататын Сургіпоdап тасиІагіиs деп аталатын калифорния балығы. Бірақ көпшілік жағдайда балықтар кездесетін ортгдағы температураның жоғарғы шегі +30, +40 градустанәлде қайда төмен болады. Әсіресе, өте тұзды мұхит суларының төменгі қабаттарының температурасы —2 градустан төмен болмайды. Олай болса, балықтар тіршілік ететін судың, яғни ортаның нағыз амплитудасы 35—45 градусқа тең болады.
Сонымен қатар судың температурасының — тіршілік әрекетінде үлкен маңызы бар екендігін ескерген жөн. Су орталығының температурасы балық организміне тікелей және жанама жолмен әсер етумен қатар судағы газдарды еріту арқылы да әсер етеді.
Балықтар “салқын қанды’” жануарларға жатады. Сондықтан олардың дене температурасы “жылы қанды” жануарлардың дене температурасындай түрақты болмай, тіршілік еткен ортасының (судың) температурасына байланысты өзгеріп отырады. Бұл организмдердің физиологиялық ерекшеліктеріне, анығырақ айтқанда жылу пайда болу процесіне байланысты. Балықтарда жылу пайда болу процесі өте баяу орындалады. Мысалы, салмағы 105 г болатын карптар тәулігіне 1 кг сал-мағына 10,2 килокаллория жылу шығарса, салмағы 74 г қара торғай 1 кг салмағына тәулігіне 270 килокаллория жылу шыға-рады. Балықтардың тіршілік еткен ортасының және дене тем-пературасының жоғары немесе төмен болуы, олардың жыныс продуктыларының жетілуіне, уылдырықтарының дамуына, қо ректенуіне үлкен әсер етеді. Су температурасының төмендеуі көптеген балықтарды ұйқыға кетуге мәжбүр етеді. Мысалы сазан, қарабалық, бекіре тұқымдастары т. б.
Судың жанама әсері балықтардағы газ алмасу құбылысындағы ерекшеліктеріне бакылау жасау арқылы болады. Судың газдарды әсіресе оттегін еріту қабілеті оның температурасы мен тұздылығына кері пропорционал болады. Сонымен қатар судың температурасы артқан сайын балықтардың оттегіне мұқтаждығы арта түседі.
Қорыта келгенде түрлі балықтардың оттегіне мұқтаждығы түрліше болады. Осы ерекшеліктеріне қарай, оларды төрт топқа бөлуге болады.
а) Оттегін өте көп керек ететін балықтар. Олардың тіршілік етуіне қалыпты жағдай болу үшін, бір литр суда 7—11 см3 оттегі болу керек, мысалы, құмжа (Sаlmо tгиttа), гольян (Рһохіnіз рһохіnus), голец (Nеmасһіlиs ЪагbаtuІиs) балықтары.
б) Оттегін көп керек етуші балықтар. Бұлар балықтар тірші-лік ету ушін бір литр суда 5—7 см3 оттегінің ертіндісі болу керек: хариус (Тһуmаllиs tһуmаllиs), аққайран (GаЬіо gаbіо) т. б.
в) Оттегін басқалардан гөрі азырақ мөлшерде қажет ететін яғни 1 л суда 4 см3 оттегінің ертіндісі жеткілікті болатын балық-тарға: плотва (Rиtilиз rutilиз), алабұға (Регса Паvіаtilіз), тау-тан балықтары (Асегіпа сегпио) жатады.
г) Су ішіндегі оттегінің ертіндісі өте аз болса да тіршілік ете алатын балықтар да бар. Мысалы, сазан, қарабалық, карась. Бұлар 1 л суда 0,5 см? оттегі болса да тіршілік ете береді.
Суда мұз қабатының пайда болуы. Сулардың бетінде мұздың пайда болуы балықтардың тіршілігі үшін үлкен маңызы бар. Мұз қабаты балықтардың тіршілігіне қажеті жоқ, төменгі температураны жібермейді. Соның салдарынан су түбіне дейін қатпайды. Бұл балықтардың қыс кезінде температурасы өте төмен болатын облыстарға таралуына мүмкіндік береді.
Мұз қабатының балықтардың тіршілігіне зиян келтіретін әсері де жоқ емес. Мұз су бетін түгелдей жауып, қараңғылап, балықтарға қорек болатын организмдердің өсуін баяулатып, тіпті тоқтатып тастауы мүмкін. Оларға көбінесе жасыл балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, әсіресе балықтар қорек ететіп омыртқасыздар жатады.
Мұз қабаты судағы оттегінің ауадағы оттегімен толығуына (қанығуына) үлкен кедергі жасайды. Қыс кезінде көптеген су қоймаларында шіру процесінің салдарынан су ішіндегі оттегі-нің мөлшерлері өте азайып кетеді де, балықтар қырылып қалады. Мұндай құбылыс балықтардың тұншығуы (замор) деп аталады. Сондықтан да, қолда балық өсіретін шаруашылықтарда, балықтарды тұншығудан сақтау үшін, мұзды бірнеше жерден тесіп, суаттар жасайды. Жоғары техникамен қаруланған су бөгеттері бар шаруашылықтарда, арнаулы насостармен (компрессормен) су ішіне ауа үрлейді. Балықтарды тұншығудан сақтайтын биологиялық тәсілдер де бар. Мысалы, балықтар тұншығуға жиірек ұшырайтын Обь өзеніне құндыздар жібереді. Құндыз өзен жағалауынан ін қазады. Олардың індерінің бір аузы құрлықта, екінші аузы суда болады. Сөйтіп су сыртқы ортамен (ауамен) қатысып, оттегіне қанығуына жағдай туады. Обь өзенінің суында гумин қышқылы мен темірдің шала тотығы шамадан көп болғандықтан балықтар жиі түншығуға үшырайды. Темірдің шала тотығы — тотыққа айналу үшін суда еріген оттегін өзіне қосып алады. Ондай оттегінің орнын толтыруға судың бетін тегісгеп жауып жатқан мұз кедергі жасап, балықтарға оттегі жетіспей қырғынға ұшырайды.
Балықтардың негізгі экологиялық топтары. Балықтарды экологиялық жөнінен топтастыруда белгілі көзқарас жоқ. Бірақ көптеген орыс оқымыстылары : Қ. Ф. Кисслер (1877), Н. А. Смирнов (1912—1924), А. А. Браунер (1923), В. И. Майснер (1933) зерттеулеріне сүйене отырып бірнеше’ экологиялық топтарға топтастырған.
1. Теңіз балықтары. Өзінің барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізетін балықтардың көптеген түрлері жатады. Әр түрлі горизонттарда тіршілік етеді, осы белгісіне қарай мынандай топтарға бөлуге болады.
1. Пелагикалық балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қоректерін іздеуде өз ара араласып жататын балыктар. Денесі ұзынша, ұршық тәрізді болып келеді де, көбінесе актив жүзеді. Оларга акулалар, сардиналар, макрелдер жатады. Кейбір түрлері мысалы айбалык судың қозғалысына байланысты пассив қозғалады.
2. Литоральдық — су түбі балықтары. Су түбіне жақын қабатта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде кебейеді, жауларынан қорғанады және коректерін табады. Әр түрлі те-реңцікте таралған (скаттар, кейбір камбалалар, тана балық-тар) өте тайыз жерлерде, (химералар) бірсыпыра тереңдікте кездеседі.
Алдағы топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді. Пассив қорғануына байланысты тікен” қылқан тәрізді (скаттар, тана балықтар) өсінділер пайда болған, кейбіреуінде (кузовкалар) қалың сауыт негізделген.
3. Абиссиальдық балықтар. Теңіздер мен мұхиттардың терең қабаттарын (200 метрден төмен) мекендейтін балықтардың аз ғана топтары. Олардың тіршілігі жалпы қолайсыз, әрі өте ерекше. Ол үлкен тереңдікте жарықтың болмауы, температураның төмендігі, күшті қысым, өте тұздылық, өсімдіктердің болмауы-мен сипатталады. Абиссиальдық балықтарда көз болмайды, болса өте үлкен, кейбір түрлерінде жарық шығаратын қабілеті болады. Жыртқыштықпен немесе өлексемен қоректенеді.
II. Тұщы су балықтары. Тек қана тұщы суларда тір-шілік ететін, тіпті теңіздің тұзсызданған өзен сағасына шықпай-тын балықтар жатады. Су қоймаларының типтеріне қарай тұщы су балықтарын төмендегідей топтарға бөлуге болады.
1. Ақпайтын көлдер мен тоспа суларда тіршілік ететін балықтар (табан, қарабалық, кейбір сигалар).
2. Жалпы тұщы, ақпайтын және ағын су балықтары (шор-тан, алабұға).
3. Ағынды су балықтары (форель^ аққайран).
III. Өткінші балықтар. Тіршілік стадияларының циклдеріне байланысты бір мезгілінде теңізде, екінші мезгілінде өзенде тіршілік етеді. Барлық өткінші балықтар өсу, жыныс продуктыларының жетілу кезеңін теңізде өткізеді де, уылды-рық шашу үшін өзенге шығады. Бұған лосось тәрізділер (кета, горбуша, семга), бекіре балықтар (бекіре, құртпа балық), кейбір майшабақтар мысал болады. Керісінше өзен угрларының көбеюі теңізде болады да, уылдырық шашуға дайындалу мерзімі өзенде өтеді.
IV. Жартылай өткінші балықтар. Теңіздердің езен құятын, тұщы бөліктерінде тіршілік етеді. Көбею, кейде қыстап шығу үшін өзенге шығады. Бірақ, нағыз өткінші балықтардан айырмашылығы, олар өзен бойлап жоғары көтерілмейді. Мұндай балықтарға: қаракөз, табан, сазан, жайын жатады. Бұл балықтар кейбір жерлерде миграция жасамай тұщы суларда тұрақты тіршілік ете береді.