Бәйдібек Қарашаұлы
Бәйдібек Қарашаұлы (шамамен 6 — 7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген) – қазақ халқын құраған тайпалардың аумақтық және этникалық тұтастығын қалыптастыру жолында көп еңбек сіңірген тарихи тұлға.Шығыс Қаратау өлкесінде өмір сүріп, осында жон жайлауда, қазіргі Алғабас ауданы «Ақтас» жылқы зауытының жерінде дүниеден өткен. Сүйегі Балабөген өзенінің жағасында жерленген.Ол дәулеті шалқыған байлығымен, ұлысты басқарған парасаттылығымен белгілі. Жетісуды, Арыс өзенінің алабын, Ташкент пен Қаратау өлкелерін жайлаған елді басқарған. Бәйдібек сүйегі Балабөген өзені жағасында жерленген. 1998 жылы Бәйдібектің Қарахан дәуірі үлгісіндегі бұрынғы кесенесінің орнына жаңа Бәйдібек және Қасиетті бес ана тарихи ескерткіш кешені салынды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Алғабас ауданына Бәйдібек есімі берілді.Ежелгі кезде орнатылған мазар күмбезі сақталған.
Мазмұны
1 Деректердегі кездесулер
2 Халық аузынан
3 Бәйімбет бидің жастық кезі
4 Екінші әйелі
5 Асқақ Темір
6 Домалақ ана
6.1 Бәйдібекпен Нүриланың ұрпағы
7 Бәйдібектің ерлігі
8 Домалақ ананың дүниеден өтуі
9 Бәйдібек бидің нақылдары
9.1 Нақыл
9.2 Нақыл
9.3 Нақыл
9.4 Нақыл
10 Бәйдібек бидің айтқан аталы сөздері
11 Пайдаланған әдебиет
Деректердегі кездесулер
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499 — 1551) “Тарих-и Рашиди” атты тарихнамасында өзінің он екінші атасы Майқы би (12 — 13 ғасырлар) Шыңғыс ханның орда биі болып, дүйім елді басқарғанын жазған. Ал осы елге бірінші болып билік жүргізген арғы бабасы Бәйдібек екен, одан бері қарай “…бұл ел атадан атаға, ғасырдан ғасырға, баладан балаға мирас болып”, елдің билігі өзінің аталарына өткеніне байланысты айғақтар Бәйдібек бидің ертеде өмір сүргендігін көрсетеді. Бәйдібек бидің әкесі Қараша (530-604) Қытай жылнамасында жазылып, билік жүргізген жылдары нақты көрсетілген. Осы деректер Бәйдібектің 6-7 ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.
Халық аузынан
Киіз үйде
Бәйдібектің өмірі, заманы, өскен ортасы жайлы тарихи деректеме негізі Қазақ елінің шежіресі, ел ішінде сақталған аңыз әңгіме жөне әйгілі Шығыс зерттеуші ғалым-этнограф Н.А. Аристов, Ш. Уәлиханов жазбалары арқылы баяндалады.Бүл деректемелер бойынша Бөйдібек — Қазақ елінің ел болып қүрылуында үлкен орын алатын ежелгі Үйсін бірлестігіне кіретін Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапырашты, Ысты, Ошақты ру тайпаларының түпкі атасы. Өз заманында көшпелі елдің басын біріктіріп, елді, жерді сыртқы жау шапқыншылығынан қорғауды ұйымдастырушы және бастаушы, ақылшы қолбасшы ретінде көрінетін аса ірі тарихи түлға.Шежіре деректеріне сүйенсек, Бәйдібек қазақ елінің үш ұлы бірлестіғін құраған Байшора, Жаншора, Қарашора (басқа бір деректерде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп аталады) болса, үш жүздің Байшорасынан, үрпағы кең тараған Майқы, оның баласы Бақтиярдан, оның баласы Үйсіннен, оның баласы Ақсақалдан туған Қарашаның үлкен баласы. Оның үлкен әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелі Зеріптен Жалманбет, одан Шапырашты, Ошақты, Ысты тарағаны айтылады. Бәйдібек әулетінің ең көп тараған саласы — ол кіші әйелі бүл өлкелерге Домалақ ене дейтін лақап атымен мөлім Нүриләнің (бір деректерде Бибімәрия, Бибіажар деп те айтылады) жалғыз ұлы Жарықшақтың үш баласы Албан, Суан, Дулаттың ұрпақтары. Бәйдібек бидің осы немерелері 7 ғасырдан мемлекет басқарып, ел билеп, қазіргі өздері аттас тайпаларды қалыптастырды.Басқыншылармен бір шайқаста Бәйдібектің Сары бәйбішесінен туған 6 ұлы қаза тапқан Шығыс Қаратаудағы Қошқарата өзенінің бойында “Алты Сары бейіті” деген киелі жер қалды. Албан, Суан, Дулаттың Жетісу өлкесін мекендеген көшпенді қазақ жүртында алатын үлкен орны жайында өткен ғасырдың екінші жартысында бүл өлкеге саяхат жасап, күрделі зерттеу жүргізген атақты ғалым, этнограф Николай Александрович Аристов пен қазақ халқының кемеңгер ұлы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен жолжазбаларынан кездестіреміз.
Бәйімбет бидің жастық кезі
Ол 1356 жылы Ташкент шаһарында туған. Жаугершілік кезінде үш жасынан әке-шешеден жетім қалады. Ағайындардың қолында жүріп, есейе келе үйсін Шынтас деген байдың жылқысын бағады. Тәжірибелі жылқышы, ат бапкері, мерген, сайыскер, көкпаршы додапаздардан әбжілдік, батырлық дәстүрді үйренеді. Қоян жылы қыс қатты болып, мал жұтай бастайды. Шынтас бай не істерін білмей қалады. Бұл кезде Бәйдібек он бес жасқа толған еді. Ол күн-түн жылқы ішінде жүреді. Шынтас жылқышыларына барады. Жылқысын аралап көреді. Үйір-үйір жылқылары Қаратаудың бөктерінде қалың қарды тебіндеп, қара жусанға жайылып жатады. Қартаңдары арықтап, жылқысының мазасы кетіп калғанын көреді. Әлі алда үш ай қыс бар. Қалай болар екен? Мыңғырған жылқыдан жұрдай болып, құрық ұстап қаламыз ба? Кәне, не ақылдарың бар? — деп жылқышыларына сөз салады. Жылқышы шал айтады:
— Жылқыңызды Ташкент, Түркістан базарына айдатып сатыңыз. Ақшасын жамбасқа басыңыз. Келесі жылы қайтадан жылқы сатып алып, орнын толтыра саласыз.
Өлсейіт деген ортаншы жылқышы айтады: — Жылқыңызды әр үйге бестен, оннан бөліп беріңіз. Олар өз малындай қарап, аман алып шығар, — дейді.
— Байеке, егер маған тапсырсаңыз, — дейді бала жылқышы Бәйдібек, — жылкыңызды түгелдей Мойынқұмға қыстатып шығар едім… Ана жолы жоғалған қырық қысырақты іздеп Мойынқұм жайлауын түгелдей аралап шықтым. Сонда малый қыстатып жүрген жылқышы, түйеші, қойшылар: «өзге жерде мал жұтаса да, бұл Мойынқұмда мал жұтамайды. Жел деген болмайды. Қар жұка түседі. Мойнкұмның жусаны, изені, шеттігі, жыңғылы, сексеуілі, шеңгелі қанша жайылса да жетеді», — деп отырған.
Шынтас бай Бәйдібек сөзін құптап, былай депті:
— Бәйдібек балам, мен саған сенемін, сенің тегін емес екеніңді білемін, жылқымды талай рет барымташыдан, бораннан аман сақтап жүргеніңді қалай ұмытайын. Ал, ықтияр өзіңде, саған ерік бердім, — дейді. Сонымен Шынтас байдың бір мың бес жүз жылқысын үшке бөліп, оншақты жігіт Мойынқұм жайлауына қарай айдайды. Сөйтіп құмның ең ұйықты, шұрайлы жерін жайлайды. Бірер күннен кейін сол өңірді билеп отырған Арыстан би оларға бір жігітін жұмсапты.
— Барып біліп келші, қара құрымдай қаптап жаткан кімнің жылқысы екен? — Жігіт барып Шынтастың жылқышыларына жолықса, Бәйдібек:
— Ол биге мен барып сәлем берейін. Ауа келген жағдайымызды түсіндірейін, — дейді. Арыстан бидің қыстауы Қаратаудың күнгей бетіндегі Қызыл Арық бойында екен. Бәйдібек кештетіп Арыстан бидің үйіне барады. Төрде отырған жасы сексендерге жетіп қалған ақсақалды биге барып сәлем береді.
— Қай ауылдың баласысың?
— Үйсін Қараша бидің баласымын.
— Е, е, жарықтық Қараша бидің де, онда бізге туысқан болдың ғой. Әкенді білемін. Жас кезімізде алдына барып, қолынан талай дөм татқанмын, талай ақыл, кеңесін тыңдағанмын… Ал, бұл жылқы кімдікі, балам?
— Шынтас байдікі. Мен сол байдың жылқышысымын. Биыл елімізде қыс қатты, жұт болатын түрі бар. Содан ығып Мойынқұмды паналап, қыстап шығуға келіп едік.
— Е, е шырағым, бір атаның баласы екенбіз. Жер нәсібі — ел нәсібі, ел нәсібі — ер нәсібі. Жер мен малдың кіндігі бір деген. Ары тұр демей-ақ қояйын. Жер менікі емес, құдайдікі. Құдайдың жері бәрімізге жетеді. Еркін жайлап, қыстап шығыңдар. Ауыл мынау — келіп кетіп тұрарсыңдар.
Арыстан атаның бұл сөзі Бәйдібек баланың көңілін жадыратты. Бағана жолда келе жатқанда «би кабыл көрсе дұрыс, қабыл көрмей қайтыңдар десе, қайтеміз» деген ой-күдігінің бәрін жуып-шайып жіберді. Дастарқан жайылды. Буы бұрқыраған дәу табак ет келді. Бәрі дәмге қол созды. Ас үстінде де, одан соңғы келген шай үстінде де би атаның әңгімесі таусылар емес. Бірінен бірі өтеді. Тек тыңдай бер. Кішкентайынан әңгіме, жырға, шешен тапқыр сөзге құмар Бәйдібек баланың құлағы Арыстан атасында. Тіптен елігіп, бар ынтасымен ұйып қапты. Ел әбден жатар уақытта басында ақ, кимешегі бар, бес биенің сабасындай бидің бәйбішесі қасында шай құйып отырған қызына:
— Қонақ балаға төргі үйге төсек салып қой-дағы, өзің менің қасымда жат. Мына белі кұрғырды укалал бер, — деді. Бәйдібек әңгімеге есі шығып, келгелі бері бәйбіше қызын жәнді байқамапты. Енді назарын салып еді: екі көзі танадай жалт-жүлт еткен, сұлуша бүйрек мұрын сары қыз келбетті-ақ екен. Тесіле қарап қалған жігітке тана көзін бір жарқ еткізеді де, күлімсіреген күйі орнынан тұрып, шешесінің айтқанын орындауға кетті. Бәйдібек ішінен «келгелі бері қызға неге көңіл аудармадым екен», — деді.
Сонымен қыс күні біртіндеп өтіп жатады. Бәйдібек өзінің жылқышы ағаларымен бай жылқысын бағып, Мойынқұмды жайлап жүре береді. Көңілінде тана көз сары қызға деген махаббат құштарлығы тұтанады. Енді ауа жайылған жылқыны іздеген болып, кейде қашқан қасқыр, түлкіні індеткен болып Арыстан би аулына барғыштай береді. Түстеніп, қона жатып, би айтқан қызықты аңыз, шежіре әңгімелерді тыңдайды, оңашасын тауып сары қызбен сырласады. Қыздың аты Гүлжамал еді. Оны әке, шешесі, аға, жеңгелері еркелетіп «Сары кыз» дейді екен. Бәйдібектің сары қызбен көңілдес, бір-бірін ұнатып, сырласып жүргенін шешесі де, әкесі де сезеді, бірақ шеккі көрмейді. Қайта жиірек кездесіп, бір-біріне үйір бола бергенін қалайды. Әсіресе жеңгелері көп дәнекерші болады. Бір күні Арыстан би:
— Балам, сараң ықыласым түсті. Еліңде кұда түсіп, сөз сөйлерің бар ма?
— Ондай жанашыр әке, шеше менде жок, өзіммен-ақ сөйлесе беріңіз.
— Ендеше Сары кыз екеуіңе отау тігіп берейін, осында қалсаң қайтеді?
— Ақсакал, отау дегеніңіз жөн, бірак мұнда қала алмаймын ғой. Жетім болғаныммен, менде де ел бар, жұрт бар. Ауылға барайын, ағайын-туыспен ақылдасайын. Көп кешікпей қайтып айналып соғайын.
— Жарайды, мұның да жөн екен. — Арыстан би мен Бәйдібек баланың алғашқы келісімі осы болды.
Наурыз айы жақындап, қыстың ызғары қайта бастайды. Жылқышылар жылқысын еліне беттетіп айдай жаяды. Бірнеше күн дегенде олар еліне жетеді. Шынтас бай жылқысының мұрты бұзылмай аман-есен оралғанына қатты қуанады. Жылқышылар Мойыңқұм жайлауын қыстап шықканын, ол елдің Арыстан деген биінің көрсеткен аталық қамқорлығын, тіптен Бәйдібекке жалғыз қызын бермек болғанын жырдай қылып баян етеді. Сонда Шынтас байдың Бәйдібекке шын мейірі түсіпті:
— Бәйдібек балам, түсіндім, бәрі сенін аркаң. Жайлы өріс тауып жылқымның тай-тулағына дейін сондай каһарлы қыстан аман қалғаны тек сенің ақылың. Сен есік алдында жүрген құлым едің, енді ақылды ұлым болдың. Қасыңа бір қария, он жігіт қосып, алдыңа жүз жылқы салып берейін, Арыстан биге бардағы қалыңдығыңды алып қайт!
Осылайша Бәйдібек Арыстан бидің еліне барады. Би елінің тайлы-таяғы жиылып, Сары қызды ұзату тойын жасайды. Ақындар айтысы, бәйге, қыз қуу, күрес, жамбы ату дейсің бе, барлық салт, дәстүр өтеді. Сөйтіп, Сары кыз жасау-жабдығы, бәсіре төлімен келін болып түседі. Шынтас бай да Арыстан биден қалмаймын деп барын салып той өткізеді. Беташар, жар- жар жырланады. Бәйге, көкпар беріледі. Елі-жұрты Бәйдібек пен Гүлжамалға ақ отау тігіп, енші береді. Бәйдібек өзінің ақылы, тапқырлығы арқасында жалшылықтан, жоқшылықтан құтылып, ел қатарына қосылады. Көп кешікпей елі оны би етіп сайлап алады.
Сәүкеледегі қыз
Гүлжамал Байтоқты деген ұл, Алтын деген қыз туады. Байтоқты он сегіз жасында керей жұртының Ұшан деген қызына үйленеді. Келесі жылдың көктемінде таудың куысында отырған бес-алты үйді мал-жанымен бір түнде таудың тасқын суы алып кетеді. Солармен бірге Байтоқты да үй-мүлікімен опат болады. Соның алдында ғана тәркініне кеткен Ұшан аман қалады. Тәркінінде жүріп Ұшан ұл табады. Оның атын Мырзақазы қояды. Еліне келген соң, Ұшан да кайтыс болып, бір жасқа толмаған баласы жетім қалады. Жас нәрестені Байтоктының қарындасы Алтын ақ ешкінің сүтін беріп асырап алады. «Қүдайдың берген сыйлығы» деп оны «сыйлық сары» қояды. Келе-келе ел оны «Сары үйсін» атап кетеді. Сары Үйсіннен — Қалша, Жақып туады. Бір шежіреде Қалша, Жақыпты Сары бәйбішенің қызы Алтыннан туған деп көрсетілген. Ол дұрыс емес. Қазақ қыздан туған жиенді шежіреге қоспайды. Гүлжамал (Сары бәйбіше) Байтоқты мен Алтыннан кейін тоғыз ұл туыпты. Олардың барлығы әкесі Бәйдібекке ұқсап шетінен батыр, палуан болып өседі. Қалша, Жақыптан Танай, Жанай, Жаулан (Токаш Бокиннің арғы аталары), Есім, Малай, Баба, Сүргінкел, Көпсерке, Қайқы, Софы, Сұлтанқұл ұрпактары тарайды. Қазіргі Бәйдібек бидің Сары бәйбішесінен әрбіген Сары үйсін әулетінің дені Алматы облысының Балқаш, Күрті, Жамбыл аудандарында тұрады.
Екінші әйелі
Бәйдібек бидің екінші әйелі Зеріптен Жалмамбет туады. Ол да әкесі сияқты насат батыр боп өседі. Жалмамбеттің бірінші әйелі коңырат Қызыл бидің (шын аты Мелде би) қызы Жұпар еді. Ол да жасында еркекшора боп өскен ер мінезді екен. Жұпар жолбарыс мінезді, өзі белді, мықты келін боп өседі. Ел оны алапаш, жолбарысқа ұқсаған келін деп, кейін Мапрашты атап кетеді. Мапрашты Бәйдібек батыр үйіне келе сала еңсеріп игеріп кетеді, қысы-жазы малға да қарайды. Боранды күндері кәдімгі қарулы палуан жігіттермен бірдей қимылдап, атасының ойынан шығып жүреді. Кешікпей Мапрашты Досымбет деген ұл туады. Оның көзі бір-біріне атысып, шапыраштанып туған соң ел Шапырашты атап кетеді. Шапырашты да өсе келе әкесі Жалмамбет, атасы Бәйдібекке ұксап насат батыр боп ер жетеді. Қазақ шежіресінде Шапыраштыдан Есқожа, Асыл, Айқым, Екей, Еміл, Шыбыл ұрпақтарын таратады. Жазушы Балғабек Қыдырбекұлы «Алатау» (1989) романында Шапыраштыдан Ыстық, Асыл; Ыстықтан Малды, Желді, Қалды; Малдыдан: Екей, Еміл; Екейдің бәйбішесінен Жәрімбет, Бейімбет; Тоқалынан Әнет, Жиет; Емілден Жайық, Алсай, Қойшыман; Жайықтан: Құл, Тайторы; Алсайдан: Көшек батыр. Қойшыманнан Есқожа, одан Қарасай батыр. Желдіден Шыбыл, Асылдан Әжіке, Орымбет, Төке, Төлеміс, Құттымбет, одан Наурызбай батыр боп келеді. Жалмамбет батырдың екінші әйелі Қарашаш сұлу Мапрашты ананың сіңілісі екен. Мапрашты қайтыс боларының алдында күйеуі Жалмамбетті шақырып алып айтыпты: — Мен өлген соң басқа бір елден келіншек аларсың. Ол менің артта қалған балаларымды түрткілеп өгейсітер. Сөйтіп, отбасының берекесін кетірер. Мені сыйлап тілімді алсаң, былай етерсің: Менің сіңлім Қарашаш та бойжетіп қалды. Сен соны ал. Ол біздің балаларымызды өгейсітпейді. Бауырына тартып, менен бетер бағып қағады. Келіннің бұл өсиетін атасы Бәйдібек те, оның әйелдері де кұптайды. Жалмамбет өзінің сүйікті жары Мапрапштының өсиетін бұлжытпай орындайды. 14 жасар Қарашашты айттырып алады. Қарашаш сұлу, әрі салдарлы, сабырлы, ақылды болыпты. Оның өзгелерден бір ерекшелігі үнемі ән бойын таза ұстап, иіс сабынмен жуынып-шайынып, қолы-бетіне иісті әтір жағып, сыланып-сыйпанып, үстіне қонымды таза асыл киімдер киіп, сән-салтанатпен кербез жүреді екен. Оның бұл әдет-дәстүрі келе-келе ауылдың қыз келіншектеріне үлгі-өнеге болып таралыпты. Қариялар, абысын-ажындар Қарашашты «Сыланды келін», «Иісті келін» деп атайды екен. Одан өсіп-өнген ұрпақтарды «Сыланды балалары», «Иісті балалары», кейін «Иісті», «Ысты» деп қысқаша атап кетеді. Бір шежіреде Ысты руының аталуын Сыланды ананың месті ыстап, баптап қымыз ашытуынан солай аталып кетіпті деп көрсетілген. Сол Қарашаш (Сыланды) анадан Ысты (шын аты Нұртай), Ошақты (шын аты Қырбай) балалары тарайды. Нұртай 16 жасында жауға қарсы ат қойып «Жауатарлап» шауып, жеңіп шыққан. Содан Жауатар батыр аталып кеткен. Жауатардан (Ыстыдан) Қосмағамбет, Досмағамбет, Сыдық тарайды. Бәйдібек атасы ол немерелеріне енші үлестіргенде Қосмағамбетке — ойық, Досмағамбетке — тілік, Сыдыққа — сызық ең салып береді. Содан олар Ойық, Тілік, Сызық аталып кетеді. Ойықтан (Қосмағамбет), Зорбай (Ауызүсіген), Қызылқұрт, Көкшекөз, Сәтек; Тіліктен (Досмағамбет) Мырза; ал, Ошақтыдан Байлы (Байназар), Аталық, Қоныр, Тасжүрек ұрпақтары шығады.
Асқақ Темір
Әйгілі Ақсақ Темір ханның өмірі бойынша 1396-98 жылдары Түркістан шаһарын хан ордасы етіп, Қожахмет Иассауи бейітінің басына зәулім сағана — мешіт салдырғаны тарихтан белгілі. Бұл жылдары Бәйдібек батыр Боралдай елінің жылқылы байы әрі биі боп тұрады. Әділ билігі, кесімді, шешімді шешен сөзімен, адамгершілік, ақыл-парасатымен атырабына танылады ол. Оның Ақсақ Темірмен замандас, достық қарым-қатынасы Ташкент шаһарынан басталғаны жоғарыда айтылды. Екі дос енді Түркістанда, Сайрамда, Боралдайда, Шаян, Бөген өзендерінің бойында жиі кездесіп тұрады. Бір жолы Ақсақ Темірдің Түркістандағы зайыбының үйінде билер, бектер, батырлар, ақын-жыраулар бас қосып өңгіме-дүкен кұрып отырады. Олардың ішінде Асанқайғы жырау, Бәйдібек би болады. Ақсак Темір күйкентайды баптап аққуды алғанын әңгімелейді. Сонда Бәйдібектің жанында манадан бері жыртолғауын толғап отырған Асанқайғы:
— Әттеген-ай, сұлтаным, бекер іс жасапсыз! — деп бармағын тістепті.
— Неге? — депті Ақсақ Темір.
Сонда Асан Абыз:
— Аққу, — дейтін — қанатты кұстың төресі, бейбіт өмірдің бейнесі. Ал, күйкентай болса, тышқан аулайтын ұсақ құс қой! Оған аққуды ілдіргенің биік парасатка, әділ төрелікке, кербез сұлуға қиянат жасағанмен бірдей емес пе?…
Ақсақ Темір Түркістан атырабындағы жұмысқа жарамды адамдарды мешіт құрылысына жектіреді. Шебер ұсталарға, сарбаз, жұмысшыларға жатын үй беріп, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуді сол өңірдегі байларға, саудагерлерге жүктейді. Осы кезде Бәйдібек мешіт тұрғызушыларға көп көмек көрсетеді. Әр жерден үй тіктіріп үйір-үйір бие, келе-келе түйе саудырып, құрылысшыларды қымыз, қымыранмен қамтамасыз етеді. Қора — қора кой айдатып сойыс, астық беріп тұрады. Сауран, Сығанақ, Атабайдағы саз балшық илеуші, қыш қүюшыларға сүт, қылшық жүн жеткізіп береді. Олар кірпіш сапалы болу үшін сүт пен қылшық жүнді сазбалшыққа қосып илейді. Осы жұмыстың барлығына Бәйдібек өзі тікелей ат салысады. Жұма намаз сайын мешітке келіп. Дұға окып, ниет қылады, кәріп-кәсірлерге, жетім-жесірлерге кұдайы садақа, мал-мүлік киім-кешек үлестіреді. Сөйтіп жүріп ол мешіттің бас шырақшы софысы Мақтым Ағзанмен танысып, дос боп алады, Бәйдібек Түркістанға мал айдап барғанда сол Мақтымның үйіне түседі. Малый соның әуліжай, қорасына жайғастырады. Мақтым Ағзам софы Қожахмет Иассуидің Гауһар деген қызынан тараған ұрпак еді. Сондықтан да ол өзінің бар өмірін сол бабасына қызмет етуге бағыштаған нағыз иманды софы бопты. Мақтым Ағзамның ұлы Әлі Сыман батыр Ақсақ Темірдің әскер басы боп кызмет етеді. Ол Ақсақ Темірмен бірге талай жорық, шайкастарға қатысады. Алтын Орданы, Сарай шаһарын, Сарай-беркені аларда ерекше ерлік жасайды. Сондықтан да оны Ақсақ Темір өзінің айбынды батыры есебінде қасынан тастамаған. Әлі Сыман Уәйіс ханның апасы Нұрбикеге үйленеді. Нұбикеден Нүрилә (болашақ Домалақ ана) туады. Әлі Сыман батыр өзінің қолбасшысы Ақсақ Темірмен бірге Алтын Ордаға аттанарда әйелі мен жас қызын әкесі Мактымның қолына табыс етіп кетеді. Содан ол соғыста мерт болып оралмайды. Әйелі Нұрбике Түркістан шаһарының түбінен ағып өтетін Қарашық өзеніне шомылып жүргенде жылан шағып өлтіреді. Нүрилә әке-шешеден жастай жетім қалады. Оны атасы Мақтым Ағзам және оның бәйбішесі Зухра қанаттыға қақтырмай, тұмсыктыға шоқыттырмай мөпелеп өсіреді. Бәйдібек би шариғат, дін, софылық жағынан өзіне ұстаз — пір тұтқан Мақтым Ағзамды әйелі Зухра, немересі Нүриләмен қоса оқтын-октын аулына қонақка шақыра жүріп, оларды Боралдайға дағдыландырады. Бірер жылдан кейін оны көшіріп алдырады. Бала Бөген басына үй-жай, қора- копсы салдырып, мешіт тұрғызып береді. Ташкент, Бұхара, Самарканнан молда, ишан, софы, қафиздар алдырып, жағдай жасайды. Оларға бас имам, балаларды оқытатын молда етіп. Мақтым Ағзамды белгілейді. Ауыл-аймақ балаларын жинап, оқыттырады. Нүрилә да, Бәйдібектін балашағасы да сол мешіттен окып, сауатын ашады. Ескі шежіре, хисса, шариғат кітаптарын оқып үйренеді. Сәйтіп, Бәйдібек би сол атыраптағы көптеген адамдарға мұсылманша жақсылык жасайды. Бір күні Мақтым Ағзам софы түс көріпті. Түсінде Қожахмет Иассауи бабасы аян беріпті. «Жалғыз немере қызына әулиелік дарып, бақ конады. Оның білегінен кім ұстаса, сол адамға некесін киып кос, үбірлі-шүбірлі бақытты болады» депті. Ояна кетсе түсі екен. «Ия, Кұдай, осы түсімді Пайғамбар жорып, Нұрилә қызымды бақытты қыла гөр, аумиін!» деп бата қылыпты. Бұл кезде Нүрилә сегіз жаста, мешітте дәріс оқып жүреді. Жылдар өтеді. Нүриләның жасы он төртке толғанда мынадай оқиға болады: бір күні Нүрилә қүдықтан су алуға барады. Ол кезде суды түйе мойнақ қауғамен тартатын. Нұрилә шығырды ағытып, қауғаны құдыкка түсіреді. Шығырдың тұтқасын шиқылдатып айналдырып, су тола түйе мойнакты өзіне қарай тарта бергенде, шығыр ағытылып кетіп, қауға-мауғасымен қыз терең құдықтың түбіне күмп етеді. Оны жолда ойнап жүрген балалар сыртынан көріп, ауылға хабарлайды. Елден бұрын Бәйдібек жүгіріп жетіп құдық түбіне еңкейіп қараса, қыз қауғадан ұстаған күйі су бетінде қалқып тұр дейді. «Нүрилә, қауғадан мықтап ұста, мен тартын шығарайын» — деп айқайлайды да, шығырды бұрайды. Қыз кұдық аузына жеткенде, Бәйдібек оның білегінен ұстап, шығарып алады. Кұдыктың мұздай суына тоңып, дірдектеп тұрған қызды шапанына орал, балаша көтеріп, атасының үйіне апарады. Зухра әжесі жігіжапар болып, оған ыстық сүт беріп, жылытып алады.Ертеңіне Түркістаннан Мақтым атасы келеді.
— Шырағым, құдықтан сені Бәйдібек батыр қайтіп алып шыкты? — деп сұрайды.
— Қауғадан мықтап ұста, — деді. Мен ұстадым. Құдықтын аузына жақындай бергенімде білегімнен ұстап шығарып алды, шапанына орап, үйге алып келді.
— Ендеше сені сол батырға ұзатамыз. Өзіңе айтып ем ғой, мен түс көргемін. Түсімде Кожа Ахмет бабам: «Немереңнің білегінен кім ұстаса, соған бер, балалышағалы бақытты болады» деген.
Сол әулие-баба аян бергендей, келесі жылы Нұрилә Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Той бірнеше күнге созылады. Нүрилә өуелі Сары бәйбішенің қолына түседі. Өзі адуын тік мінезді Сары бәйбіше алғашкы кезде жас келінді оған-бұған жұмсап, ынтымақ сақтап жүреді де, кейін түрткілеп күндей бастайды. Бәйдібек Ташкентке кеткен күннің ертеңіне жас келіншекті отынға жұмсайды. Қарулы Нұрила бір арқа жусанды көрші отыратын мүсөпір кемпірдің үйіне апарып тастайды да, қайта барып екінші арқа жусанды бәйбішенің үйіне әкеле жатса, Сары бәйбіше оны барыпты да, қамшымен сабай беріпті. Сондағысы: «бір арқа отынды неге ана үйге апарасың?» деп кінәлапты. Жас келіннің көйлегі жыртылып, басы жарылып қалады. Керегенің көзінен қарап, Зеріп ана дереу жүтіріп барып екеуін ажыратады. Нүриләны үйіне әкеліп, өз көйлегін кигізеді. Қанын жерге тамызбай сүртіп алады. Ташкенттен оралған Бәйдібек бұл жанжалды естиді де, ертеңіне Нүриләға отау тігіп, бөлек ауыл етіп отырғызады. Айлар етеді. Бұлақ басында айы-күніне жетіп толғатып ұл табады. Ұлының атын Тілеуберді қояды. Ағайын-туыс, абысын-ажындар құтты болсынға жиналып, шілдехана өткізеді. Ел тарайды. Бәйдібек би Ақсақ Темірдің шақыруымен Ташкентке кетеді. Осындай оңаша кезді пайдаланып, Сары бәйбіше қасына ешкімді ертпей жалғыз өзі Нұриләның үйіне барады. Оның күндестік қастандығы өлі қалмаған екен.
— Бар, сен малыңды жайғап кел, балаға мен қарай тұрайын, — дейді. Нұрилә бәйбіше сөзін екі етпей сыртқа шығып кетеді. Қойшы, жылқышылармен бірге малды қора-қопсыға жайғастырып үйіне келсе, бесіктегі бала шырқырап жылап жатады. Сары бәйбіше Нүриләға:
— Балаң жылауық екен. Осындай шалажансар бала туасың ба, найсап! Бұл біздің отағасыдан емес, қойшы-қолаңнан ғой шамасы — дейді де, долданып үйіне қайтып кетеді. Нүрилә нәрестені бесіктен шешіп, емізгелі алдына ала бергенде, еңбегінің ойылып қалғанын көреді. Ол дереу Жантас деген аға жылқышыны шақырады. Жантастың тәуіпшілігі бар екен. Ол нөрестені ары-бері қарап:
— Баланың бас сүйегі жарақаттанған, жерге құлатып алдың ба, әлде үйде бөтен біреу болып па еді? — деп сүрайды. Нүрилә:
— Үйде үлкен енем калып еді, — дейді.
— Ә, қақпас, зәлім! — дейді Жантас, — мынау соның бармағының ізі ғой. Жас нәрестенің басын қолымен мыжып жіберіпті. Мен дереу оташы алып келейін. Жантас Шаян мешітінде тұратын оташыны алып жетеді. Оташы:
— Нәрестенің бас сүйегі опырылып кетіпті. Әйтеуір миы аман екен… Дереу бас жаңқаларын ептеп алып тастап үстінгі қабығын жапсырып, оны жаңа сойған тайдың ішегімен орап, таңып тастайды. Бірер айда сүйектер бірімен-бірі қабысып, жазылып кетеді. Содан Тілеуберді баланың аты Жарықшақ аталып кете барады.
Бұл күндестік, қастандықтың арты біраз сөз болып, Бәйдібек би сары бәйбішесін төркініне апарып тастамақ болады. Бәйбіше Нүрилә күндесіне барып, «Кешір мені» деп жалынады. Ақылды, сабырлы, қайырымды Нүрилә: «Бір жолға кештім» депті. Сөйтіп, ел аяғы тиышталыпты.
Домалақ ана
Сонымен Нүрила келіншек бұлақ басында жалғыз үй отыра береді. Бәйдібектің екінші зайыбы Зеріп болса, соның алдында Шаян өзені бойына жайлауға конғанды. Бәйдібектің билік жұмысымен Түркістан, Сауран жаққа кеткенін естіп, Сайрамда жатқан Қара Қайдар деген қаракшы Боралдайдағы Бәйдібек байдың жылқысына аттанады. Сабаудай-сабаудай оншақты жігіт бұлақ басында отырған жалғыз үйге бұрылады. Бөтен адамдардың үйіне бұрылғанын көре салып Нүрила әжесінің кимешегін киіп. Кемпірге ұқсап отыра қояды. Мұртты қара шойыртпақ:
— Бұл кімнің үйі?
— Біздің отағасының үйі.
— Отағасың кім?
— Бәйдібек би.
— Өзі қайда?
— Түркістан жаққа жолаушылап кеткен
— Шөлдеп келеміз, сусын бар ма?
Нүрила оларға ешкінің айранын ұсынады… Мұртты жігіт айранды менсінбей, қасындағы серіктеріне береді. Олар айранды сіміріп салып тағы сұрайды. Нүрила екі зерең айран берген соң:
— Мырзалар, айран таусылды, — дейді.
Мұртты жігіт:
— Оқасы жоқ, жігіттер сусындаса болтаны, мен нан ауыз тиейін.
Нүрила оған бір күлше нан береді. Қара мұртты күлшені шетінен опырып жейді де:
— Күлшең тәтті екен, не қосып ең?
— Өз емшегімнін сүтіне илеп пісіріп едім.
— Пеле. Алланың рақымына қараңыз. Сіз бізге ана, біз сізге перзент боп қалдық қой! Сізді ұмытпаймыз… Қайтарда соға кетерміз.
Екінші шегір көз жігіт:
— Бәйдібек байдың жылкысы қайда?
Нүрила сезіктене қояды:
— Оны қайтерсіздер? Жылқыға да, жылқышыларға да тимеңіздер. Жолдарыңыз бола қоймас. Әуре боласыздар. Менің тілімді алсаңыздар, кейін қайтыңыздар!
Алаңғасарлау бір жігіті:
— «Қатынның тілін алған қараң қалады» демекші, алған бағытымыздан қайта қоймаспыз, — деп бәрі жүріп кетеді.
Соның алдында үш күн, үш түн нөсер жаңбыр жауып, Боралдай өзені тасып жатқан кез екен. Қарақшылар өзенге барса, Боралдай суы кенересінен асып, бұрқырап жатады. Олар өзен жағалап өткел іздеп біраз әуре-сарсаң болады. Саяздау шығар деп бір жерінен өте берем дегенде, алдымен әлгі алаңғасар жігіттің аты тасқа сүрініп кетіп, атпатымен суға ағып бара жатады. Тағы бір-екеуі шүңейтке түсіп кетіп аттарынан айырылып, өздері өлдім талдым дегенде, малтып жағаға әрең шығады. Қара мұртты:
— Жігіттер, болмас, кейін қайтайық. Әлгі кемпір тегін адам емес екен. Қайта барып кешірім сұрап, ауылды табайық, — дейді. Атынан айрылған үшеуі өзгелеріне мінгесіп, бәрі Нүрилаға қайтып барады. Алғашқы келгендегідей емес, бұл жолы бәрі аттарынан түсіп:
— О, касиетті Ана, кешіріңіз! Айтқан тіліңізді алмаймыз деп, осынша пәлеге ұшырадық! Оң батаңызды беріңіз, елімізге қайтайық! — дейді. Кішкентай Жарықшағын емізіп отырған Нүрила:
— Ендеше қолдарыңды жайыңдар!
Құдай оңдасын, әруақ қолдасын, Адал жүріп, адал тұрыңдар. Алдарыңнан жарылқасын! — деп, оң батасын береді. Осы кезде әлгі қарақшылардың бастығы: — Диһнат мама! — деп оған тағзым етіпті. — Сіз маған шынана болдыңыз? Құдай-ақы, нағыз әулие, киелі ана екенсіз, біз енді түсіндік! Бұл Қара Қайдар аталып кеткен қарақшылардың бастығы түркмен жігіті екен. Оның шын аты Айдар Нүркелеұлы еді. Кезінде Қызыл Қожаханның әскер басы болыпты. Ол өле-өлгенше Нүриланы «Диһнат мама» деп, Боралдайда болса Боралдайға, Ташкентке барса Ташкентке, Түркістанда жүрсе Түркістанға әдейі барып, сәлем беріп, Нүриланың батасын алып жүретін бопты. Жұмысы оңғарылып, ақ жолға түсіпті. Міне, содан былай карай Бәйдібек бидің кіші әйелі Нүрила «Домалақ ана» аталып кетіпті. Аққұс Сатыбалдыұлы (1806-1897) жазған шежіреде бұл оқиға осылай хикая етілген. Бұл шежіре кітап 1841 жылы Ташкент баспасынан жарыкұ көрген. Бәйдібек баба, оның үш әйелі, олардан өсіп таралған ұрпақтар, әсіресе Домалақ ананың әулиелік керемет қасиеттері жөнінде жазылған бұл шежіре Аққұс ақсақалдан бұрын Әбілғазы Баһадүрдің «Инсанияти Диһнат мама» аталған кітабында жазылған. Бұл кітапты кезінде атақты Төле би оқып, баласы Қожабекке көшірткен. Ол қолжазба 1713 жылы Ташкентте Төле бидің жарлығымен басылып шыққан. Оны Төле бидің жиені Шина Қарабатырұлы көшіріп алып, Бабасейіт әулетіне таратқан. Одан бүткіл Дулат ұрпағына жайылып кеткен.
Бәйдібекпен Нүриланың ұрпағы
Бәйдібек және оның ұрпактары жөнінде мұндай дерегі мол басылымдар көп емес. Оны зерттеп толыктырудың сәті енді түсіп отыр. Соңғы кезде Бәйдібек би жөнінде осы жолдардың иесі ел аузындағы әңгіме аңыз, нақыл, мақал-мәтелдерді жинастырып жүргенді. Біздің осы жиған-тергенімізді тарихшы Даниярбек Дүйсенбаев, жазушы Еркінбек Тұрысов, зерттеуші Сәрсенбі Дәуітов, Мамытбек Қалдыбаев толықтыруда, Алдағы уакытта осылайша бірлесе іздестіре беру ата-баба әруағы үшін кімге де болса парыз деп ойлаймыз. Бәйдібек би баласы Жарықшаққа (1398-1475) ерекше мейірім, қамқорлық көрсетеді. Оның болашағын ойлап, Нүриланы баласымен Ташкентке көшіріп апарады. Әкесі Қараша биден қалған әулі-жайға иелік еткізеді. Нүрила жалғыз баласын қала дәстүрімен тәрбиелейді. Медресеге оқуға береді. Жарықшақ окуға аса ықыласты, зерек болады. 7-8 жасында арабша кітаптарды, аңыз, хиссаларды мүдірмей оқитын болады. Нүрила Жарықшақтан кейін 1402 жылы Қызайым деген қыз, онан соң Тәңірберді, Ақберді деген екі ұл, Күләйім және бір қыз туады. (Бір дерек Күнбибі (Қызай), Ақбибі (Мұрын) және Сыбан деген үш кыз туыпты деп көрсетілген. Бұл перзенттерінін Қызайымнан басқасы жастай өліп кетеді. Ал Қызайым Нүриланың өзіне айнымай тартқан ақылды, шымыр боп ер жетеді. Қызайым бойжеткен соң Найман Аталық дегеннің үлкен баласы Шағыр батырға ұзатылады. Қызайымнан Дербіс, Бегімбет, Ителмен, Меңі туады. Олар кейін 19 болыс ел боп кетеді, бәрін «Қызай найман» деп атайды. Қызай, Меңіс, Тәңірберді, Құдайназар бәрі де шетінен бабасы Бәйдібетке ұқсап елін, жерін қорғап өткен батырлар екен. Солардың ішінде әсіресе, Қызай қыз бен Құдайназардың асқан батырлығы ел аузында аңызға айналып, осы кезге дейін айтылып келеді. Қызай аспанға лақтырған тақияны, көс ұшында ұшып бара жатқан торғайды атып түсіре беретін мерген бопты. Бір соғыста Қызай шапқыншылардың құз басына бекінген оншақты мергені атып түсіріп, өздеріне жол ашады. Аякөз, Матай аралығындағы тауларды жайлаған ауылдарды мал-жанымен жаудан құтқарып алады. Сол таулардағы қырғын шайқаста өзі де ерлікпен мерт болған. Кейін елі-жұрты сол тауды «Қызай тауы» деп атап кетеді. Жарықшак кейін Бұхардағы жоғары медресені тамамдап, Ташкент мешітінде имам-софы болады. Нүрила баласын Уәйіс нағашысына ертіп барып таныстырады. Ол кезде Уәйіс Моғолистанның ханы боп тұрады. Нағашысы Жарықшақты Жетісу атырабына бек етіп белгілейді. Сонымен Жарықшақ Жетісу өлкесін ұзақ жылдар билейді. Ол парсы, иран елдерімен сауда қарым қатынас жасайды. Уәйіс 1429 жылы қайтыс болады. Оның артында Жүніс, Есенбұға деге ержеткен екі баласы қалады. Елжұрты Есенбұғаны әкесінің орнына хан көтереді. Жарықшақ Есенбұға ханға бас үәзір кеңесші болады. Жарықшақтың бірінші әйелі Тәукел бибіден: Албан, Суан, екінші әйелі Бибіфатимадан Дулат (1426-1506) туады. Албан мен Суан батыр шалыс, ал Дулат ақылды, сабырлы боп ер жетеді. Нүрила кіші келіні Бнбіфатиманы еркелетіп «Бипаш» дейді екен. Кейбіреулер қазақ шежіре тарихында екі Дулаттың болғанын ажырата бермейді. Бірі — ежелгі Дулу тайпасындағы, екіншісі — одан мың жылдай кейін сол Дулудың есімімен аталып кеткен Бәйдібек бабадан тарайтын Дулат руының болғандығы. Б.з. дейінгі II ғасырда өмір сүрген ежелгі үйсін Мемлекетінің бір тармағы Дулу, Дуғлу тайпасы деп аталғаны рас. Үйсін елінің Күнбі ханы балаларына енші үлестірерде өзінің батыр баласы Дулуға іле Өзенінің бойын бөліп берді. Сол Дулу бастаған тайпа Үйсін Мемлекетінің одан кейін Түрік қағанатының айбынды жауынгер оң қанаты болады. Ак. Л. Н. Гумилев өзінің көне түріктер туралы кітабында (137 б.) былай жазады: «Ат үстінде шебер соғысатын ежелгі хундердің жауынгерлік машығын мұралаған дулулар Қағанатта беделі зор үстем тайпа одағы болды». Міне, Бәйдібек баба мен Домалақ ана сол ежелгі Дулу тайпасының атымен Дулат деп койған. Демек, Дулу — б.з.д. II ғасырда ғұмыр кешкен тайпа болса, Дулат 1426-1506 жылдары өмір сүрген батыр әрі би болып шығады. 1452 жылдары Жарықшақ анасы Нүриламен акылдаса отырып, үш баласына Жетісуды өрлей мекендеп, ен жайлауға қоныс тебуді тапсырады. Содан Албан одан тараған Сары, Шыбыл ұрпақтары, Суаннан өрбіген Байтегей балалары Қытаймен шектес Нарынқол, Кеген жерін мекендеп кетеді. Ал Дулаттан өсіп-өнген Ботбай, Шымыр, Сыйқым, Жаныс рулары қазіргі Талдыкорған, Алматы, Шымкент облыстарын мекен етіп, тіршілік етеді. Дулаттың сол төрт баласынын өскелеңдігі жөнінде халық арасында:
Жаныс көп пе, қамыс көп пе,
Сыйкым көп пе, кыйқым көп пе,
Шымыр көп пе, шыбын көп пе,
Ботбай көп пе, бота көп пе?
деген мақал-мәтел таралып кеткен.
Бәйдібектің ерлігі
Бір шежіреде Бәйдібектің батырлығы былай хикая етілген. Алатаудың арғы жағынан жау қолы қаптан келе жатады. Жалайыр қариялары жан-жақтағы елге ат шаптырады. Бұл хабарды есітіп Қаратаудан Бәйдібек батыр қол жинап аттанады. Екі жақ Алтын Емел жотасында тоқайласады. Әуелі жекпе-жекке шығады. Түйедей қара атка мінген бір шойын қара ортаға шығады. Бұл қалмақтың Дөде батыры екен. Оған жалайырдың Алшынбай батыры қарсы жүреді. Екеуі найзаласады. Алшынбайдың қылышы қақ бөлініп, Дөдемен арпалысып жүріп мерт боп кетеді. Бәйдібек батыр:
— Енді кім шығады? — деп айқай салады. Найманның Шектібай батыры көк атын ойқастатып Дөдеге жетіп барады. Тағы айқас, тағы найзалас. Шектібай да дүлей Дөдеге төтеп бере алмай ауыр жараланып қалады.
— Тағы кім бар? — дегенде, жауға қарама-қарсы каптап тұрған сарбаздар арасынан ешкім «мен шығамын» дей қоймайды. Әлден уақта намысқа тырысып, тай мінген талдырмаш сары жігіт:
— Мен шығар едім, бірақ мінетін жарамды атым жоқ, — дейді.
Бәйдібек батыр:
— Мін менің атыма, — деп астындағы ақбоз айғырын түсіп береді де, ол Дөдеге:
— Ал, батыр, біздің баламен шайқасуға калайсың? — деп кекетеді. Дөде:
— Мен баламен күреске шығатын бала емеспін! Өзің кел, — деп гүр ете қалады. Бәйдібек:
— Келсең кел, өзім де сол сөзіңді күтіп тұр едім, — деп өзінің Ақбоз айғырына мініп, оған қарсы шығады. Сарбаздары: «Иә, Құдай қолдай гөр!» деп тілеп, шуласады. Екеуі әуелі қылыштасады. Дөденің күші басым болғанымен, айла-тәсілі аз екен. Ол Бәйдібектің әбжіл қимылына төтеп бере алмай әбден қан сорпаға түседі. Дөде бар күшін жинап алып, енді найзасын кезенеді. Бәйдібек те найзасын ыңғайлайды. Оның жастайынан жылқы бағып жүргенде, қарт жылқышылардан үйренген дағдылы бір әдісі — құрыққа
ұқсатып найзасының ұшына шылбырдан қыл тұзақ байналынатын-ды. Ол енді Дөдеге сол тәсілін қолданбақ. Мұны Дөде де, жау-жағы да елей қоймайды, онша мән бермейді. Екеуі ары-бері атойлап шауын найзаласып жүреді. Бір уақта Дөде оған оқтала бергенде, Бәйдібек оның бұғыдай мойнына қыл тұзакты шалып алып, ат-матымен сүйрей жөнеледі Дөде қолындағы найзасын тастай салып, екі қолымен буынып бара жатқан мойынып босатып алмақ боп жанталасады. Бәйдібек батырдың темірдей тегеурінді қолы қоя ма, әне-міне дегенше Дөденің аттан аударылып кеткей аюдай денесін жерге сүйретіп екі айналдырып тастайды да, жайылып кете береді. Сөйтіп Дөде азаппен қылқынып жан тәсілім қылады. Бәйдібек жауды түре қуып, тас-талқан етіп жеңіп шығады. Бір бұл емес Бәйдібектің ел-жұртына шапқыншы жаудан қорғап калудағы ерліктері жөніндегі шежіре-дерек, аңыз-әңгімелер аз емес. Кезінде солардың хатка түсе қоймаған. Бәйдібек би 1442 жылдың күзінде алпыс ұш жасында Бала бөген басындағы өзінің қыстауында қайтыс болыпты.
Домалақ ананың дүниеден өтуі
…Ташкент шаһары. Қараша бидің қызыл қыштан соққан кең жөніндегң үйіне Боралдайдан келген Домалақ ана балаларымен қауыпты немерелерінің бетінен сүйіп, арқа-жарқа боп калады. Қасиетті ананың жақындағы үйіне келгенін естіген қазақ, өзбек көршілері бірінен соң бірі келіп сәлемдесіп жатады. Айлар, жылдар өтеді. Бір күні Домалақ ана түс көріп ерте оянады. — Түсімде отағасы қасыма кел деп шақырады… Мені елге кешіріңдер. Жарықшақ Дулатты шақырады. Бәрі ақылдасып, анасың Боралдайға көшірмек болады. Дулат екі күймесін әзірлейді. Біріне анасы мен өзінің әйелі Күлзейнепті отырғызады. Екінші күймеге жолазық, сусын салып, өзі 20 жігітпен қасына ереді. Үш күн дегенде олар Бала бөгенге жетеді. Аттарын отқа қойып, өздері өзен жағасында сусындап отырады. Домалақ ана балаларына: — Мен елге жеткен соң олай-пұлай боп кетсем, аталарың Бәйдібекеңнің қасына қойыңдар. Егер жолда өлсем, ары-бері сүйремеңдер, сол жерге қойып, басыма белгі қоярсыңдар, — дейді. Балалары: — Ойбай, апа, ондай сөз айтпаңыз, сіз әлі шөберелеріңізді көресіз, — деп, қөңілін жұбаткан болады. Домалақ ана өзеннен беті-қолын жуып, дәрет алады. Жан-жағына қарайды. Түркістан жаққа, құбылаға қарап күбірлейді. Сөйтіп көкмайса балауса шөпті кешіп, ары-бері жүреді. Тыныс алып, кең аспанға тамсана қарайды. Күлзейнеп келіні жайнамазын жаяды. Ана кіші бесін намазын оқып, дұға қылады. Бетін сыйпап енді ұмтыла бергенде, орнынан тұра алмай қалады. Келіні тамырын ұстайды да, анадай жерде жігіттермен бірге отырған [[Қожа Әзіз Хұсейін]] имамды шақырады. Ол ананың иманын үйіреді. Қасына ерген бала-шағасы, жігіттері үрпиісіп, шоғырлана қалады. Сөйтіп, 1456 жылдың 28 мамыр айында 78-ге қараған жасында қасиетті әулие ана Нүрила (Домалақ ана) дүниеден өтеді. Дулат бастаған үрім-бұтағы басына сағана тұрғызады. Кезінде Бәйдібек би кесімді, бітімді тапқыр шешен сөздерді, ақыл-нақыл, мақал-мәтелдерді көп айтқан. Олардың кейбірі айтыла-айтыла авторы ұмытылып, халықтық мұрага айналып кеткен. Дер кезінде хатқа түспеген соң көпшілігі ел есінен шығып та қалған. Өйткені Бәйдібек заманынан бері бірнеше ғасыр өтті емес пе. Десек те, Бәйдібек бабамыздың бірлі-жарым нақыл-мақалдары атадан балаға ауысып, айтыла келе бүгінге жетті. Оның сол Бәйдібек баба ұрпактарынан жазып алынған нұсқалары мыналар:
Бәйдібек бидің нақылдары
Нақыл
Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шалы екен. Бай айтыпты: — Өзім асырап, есігіме салған кұлым еді. Ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай, енді менен ат дәметеді. Би жалшыға сөз беріп: — Кәне, сен сөйлеші, — десе, әлі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би:
Аяққа кісен салуға болар,
Қолға кісен салуға болар,
Ал, тілге кісен салуға болмас, —
деп жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті.
Нақыл
Бай үйінің төрінде отырған бір молда «шариғат жолы олай, шариғат жолы былай» деп шариғат, мұсылмангершіліктен сөз қозғап, өзге жұртқа кезек бермей отырады. Есік жақта отырған байдын жалшысына молданың кедей- кембағалдарды кемсіте сөйлегені жақпай қалады. Жалшы: — Молдеке, сөзіңіз аузыңызда, жаңа «сіз» кедей, жоқ-жұқаналар өз пейілінен табады деп қалдыңыз. Сонда қасиетті «Құранда» солай жазылған ба екен? Менің естуімше, «Құранда» жоқ-жұкана қаріп-қасірлерге садақа беріп, қарасқан сауап деп жазылған сияқты еді. Сіз төрде отырып, жалған сөйлеп отырсыз, — дейді. Жалшының бұл сөзі шымбайына батқан молда: — Жап аузыңды, зәнталақ, сен маған қарсы сөйлеуге қандай қақың бар? — деп ашу шақырады. Отырған көпшіліктің бір жағы молданы, қалған жағы жалшыны қоштап абыр-дабыр боп жатқанда, олардың үстіне қасында 3-4 кісісі бар Бәйдібек би кіріп барады. — Бұл не жанжал дегенде, үй иесі «молдекең былай деп еді, менің жалшым оған қарсы шықты» деп болған әңгіменің жайын түсіндіреді. Сонда Бәйдібек би табан астында әуелі молдаға қарап: — Төрде отырып теріс сөйлегенің жөн емес, көпшілік ішінде төрде отырғанда абайлап сөйлеу керек. Төрді сыйлау кімге де болса парыз. — Ал, жігітім, — деп босағада отырған жалшыға қарап: — Есікте отырып кейіс шығарғаның жөн емес. Сенің сөзің уәжді болса да, мына табалдырықты сыйламайсың ба? Біреудің табалдырығын аттап келіп, у-шу шығару жігітке жараспайды. Ол үйдің шаңырағын сыйлау саған қарыз. Бұл сөздің түйіні енді былай болсын:
— «Төрде отырып теріс сөйлегеннен без,
Есікте отырып керіс сөйлегеннен без»,
деп кесім айтып, көпшілікті риза етіпті.
Нақыл
Бір жолы үш жасар Жалмамбет әкесіне еріп Ташкент базарына барыпты. Саудагер, делдал дегендерді алғаш рет көрсе керек. Үлкендердің «Саудагер қулар алдап жеп кетіп жүрмесін» деген сөздерін естіп жүреді. Жолда бара жатып: — Көке, осы саудагерлер не жейді? — деп сұрапты. Сонда Бәйдібек жас баласына: — Саудагер, делдалдар түске дейін өзгелерді алдап жейді, түстен кейін өзді-өзін алдап түсіреді, — депті.
Нақыл
Бір жолы баласы Жалмамбет «менікі жөн, олардікі терне» деп бір жайлау дауын әкесіне айтып отырады. Сонда Бәйдібек би баласына:
— Өткелді саяз деме,
Таяғыңды салып бойлат,
Ісімді мақұл деме,
Ағайынға салып ойлат, —
деп ақыл айтыпты деседі қариялар.
Бәйдібек бидің айтқан аталы сөздері
Бәйдібек би өз тұсындағы жылқылы байлардың ішіндегі ең жылғысы көп байы болған деседі ел. Бабамыздың мындаған үйір-үйір жылкысы өзінің түс-түсі, тұқым-нәсілімен өріп, Қаратаудың Боралдай, Қостұра, Ақтасты, Керегетасты, Жетімтау шатқалдарының теріскей, күнгей жағын түгелдей қара құрымдай қаптап жатады екен. Жылқысы Боралдай өзеніңе құлағанда, Боралдай, Бөген, Шаян өзенін кешкенде, ол өзендер де ақпай қалар еді, деседі жұрт. Ал, Бәйдібектің өзі жылқы танығыш бапкер, сыншы болыпты. Ол кісінің жылқышыларына айтқан аталы сөз, шаруа нақыпдары аз болмаған. Соның бірлі-жарымы мыналар:
Малды жақсы баққаның,
— Өзіңе абырой тапқаның.
Малды жаман баққаның —
Келген бақты каққаның.
Кендірмен байлама!
Жыңғылмен айдама!
Кендірмен байласаң,
Жыңғылмен айдасаң,
Мал өсер деп ойлама!
Сиырда аунамақ жоқ,
Жылқыда күйсемек жоқ,
Таста тамыр жок,
Суда қаймақ жоқ.
Бір кісінің баласындай бол.
Бір қолдың саласындай бол.
Жылқышы жылқыны
баққаньш айтар,
Қойшы қойына өріс
тапқанын айтар,
Түйеші түйесінің шандаққа
жатқанын айтар,
Аңшы қақпанының
шапқаный айтар,
Мерген аңшы атқанын айтар,
Саудагер матасын
сатқанын айтар.
Қасқыр мен ұры мінездес —
Екеуі де түнді аңдиды.
Бұлбұл мен гүл мінездес —
Екеуі де күнді аңдиды.
Бәйдібек бидің ел корғауда халық қамын ойлап айтқан аталы сөздері:
Алыс жолға шығар болсаң,
Алдымен жолдасыңды сайла.
Жауыңды жығар болсаң,
Алдымен қолбасыңды сайла.
Керуен басы білікті болса,
Түйе азбайды.
Қолбасы білікті болса,
Сарбазы тозбайды.
Бәйдібек баба үрім-бұтағынан Кебекбай, Бөлтірік, Досай, Ноғайбай, Байжігіт, Сары би, Есенкелді, Сапақ сияқты би-шешендер, Қабан, Сүйінбай, Майкөт, Құлмамбет, Жамбыл тәрізді ақын-жыраулар шыққан. Бұған халық қамын ойлаған ел басшысы болған атакты мемлекет қайраткерлерін қоссақ, Бәйдібек бабамыздың қандай адам болғанын, оның артындағы өсіп-өнген ұрпақтарының жарқын болашағын танимыз.
Пайдаланған әдебиет
↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2
↑ Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС «Қазакстан» баспа үйі», 2001, — 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Не қуып кеткенсіңдер? Әкесі 6-7 ғасырда өмір сүріп, баласы 14 ғасырда өмір сүре ма? Жазсаңдар дұрыстап жазыңдар.
ВИКИПЕДИЯ. Байдібек Қарашаұлы (632-718 ж) өмір сүрген. Домалақ ана (660-738 ж) өмір сүрген. Нүрила (Домалақ ана) 679 жылы 19 жасында Байдібекке тұрмысқа шыққан. Байдібектің жасы 47 болған ол кезде. Бұл жайлы қытай тарихында кеңінен айтылған. Баласы Жарықшақ (Тілеуберді) (680-761ж) өмір сүрген. Немересі Дулат ескіше хижра жыл санауының 101 жылы, жаңаша (723-816) өмір сүрген. Бұл деректер қытай жылнамасымен салыстырып расталған деректер. Байдібекті Ақсақ Темірмен бірге жасады деу барып тұрған надандық немесе әдейі жасалған залымдық деп түсінем. Ол Қожа молдалардың шығарып жүрген ертегісі. Қытайлық тарихшы Нығмет Мыңжанидың еңбектерін оқыңыздар.