Гагар тәрізді құстар
Гагар тәрізді құстар
Бұл отрядка суда жақсы жүзетін және сүңгитін, бірақ нашар ұшатын, жүретін нағыз су құстары жатады.
Аяқтары артына қарай созылыңқы біткен, сондықтан да жер бетінде тік тұрғанда денесі алдына қарай иіліп тұрады. Олардың табан сүйектері екі бүйірінен қысылыңқы келеді де, алдыңғы үш саусағының арасында жарғағы болады. Мойны ұзын, ал тұмсығы біршама ұзындау екі бүйірінен қысыңқы түзу және өткір бола-ды. Қанаттары қысқа және сүйір келеді, ал олар өте шабан ұшады. Құйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпілдек мамықты болады.
Гагар тұқымдасына (СоІугпЬіdае) алдыңғы үш саусағы тұтасып жарғақпен жалғасқан, ірі құстар жатады. Жер бетімен жақсы қозғалып жүре алмайды. Бұлардың негізгі қорегі балықтар болып есептеледі. Бұлар суда жақсы сүңгіп, су ас-тында бірнеше минут бола алады. Еркегі мен ұрғашысының түсі бірдей, айырмасы болмайды. Бұлардың бізде бірнеше түрлері кездеседі, оның ішінде қаражемсаулы (Gаvіа агсtіса) гагар көбірек кездеседі. Қаражемсаулы гагар қаздан кішірек құс, ұяларын үлкен көлдерге салады, ол негізінен Балтық, Қара, Каспий және Жапон теңіздерінде қыстап шығады.
Гагарлар көбейер кезінде еркегі мен ұрғашысы бірігіп жүреді. Ұяларын судың жағаларына салады. Егер ұясында отыр-ғанда бір қауіп төнсе, ыршып суға түседі. 1—3 жұмыртқа салады. Жұмыртқасын атасы мен анасы кезектесіп басады. 28 күннен кейін жұмыртқадан сыртында үлпілдек қауырсыны бар балапан шығады. Балапандарының жұмыртқадан шығысымен, суда жүзетіндей қабілеті болады.