Көкек
Көкек. Көке құсы. Бұл отрядқа көкектердің 200-ге жуық түрі жатады. Негізінен тропик өңірде кездесетін ағашты және бұталы жердің құстары.
Аздаған турлері өздеріне ұя салады және жұмыртқаларын басады. Көпшілігі ұя салып, жұмыртқа басу инстинктің жоғалтқан. Мысалы,қаршыға көкек (Неігососсух sрагvегоіdеs) деген шы-ғыс Азияда мекендейтін түрі кейде жұмыртқасын өзі басып, балапан шығарады, көпшілігінде жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кетеді. Теңбіл көкек (Соссуstеs glandагіus)жұмыртқаларын тек қарға тәрізділердің ұяларына салады. Бұлардың балапандары, ұяның иесі болып саналатын құстың балапандарын, ұядан итеріп құлатпайды.
Көкектердің жұмыртқасының түсі түрліше, әдетте, жұмырт-қасының түсі үядағы басқа қүстың жұмыртқасына түстес болып келетіні анықталған. Көкек жұмыртқасын басқа құстың ұясына, ата-анасының жоқ кезінде, не жерге салып,оны тұмсығымен басқа қүстың ұясына апарады. Жұмыртқадан шыққан көкектің балапандары ептеп иесінің балапанының астына кіріп, оны я жұмыртқаны ұядан итеріп шығарып тастайды. Көкектер басқа құстар жей алмайтын зиянкес түкті жұлдыз құрттарды жеп пайдасын тигізеді.