Скаттар туралы реферат
Скаттар туралы реферат
Бұлардың денесі арқа 6сынан құрсағына қарай қысылып барып бітеді де, қанаттары өте жалпақ болып көкірек қанаттары бас бөлімімен жалғасып кетеді. Осының нәтижесінде желбезек саңылаулары мен танау тесіктері, басының құрсақ жағына орналасқан.
Құйрық және арқа қанаттары кішкене болады. Скаттар — жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар. Акулалар мен скаттардың аралық формасы болып саналатын шеміршекті балықтардың, барлығын жоғарыда келтіргенбіз, мысалы, ара тұмсықтылар. Олардың ұзындығы 4—5 м болады. Олар Жерорта теңізінде, Атлантика және Үнді мұхиттарында кездеседі. Көбінесе су түбіндегі топырақтарды тұмсықтарымен қазып сондағы омыртқасыздармен, сол сияқты балықтармен де қоректенеді.
Кәдімгі скаттардың (гаjіdае) жалпақ денесі сүйірленіп ба-рып бітеді. Құйрығы ұзын, жіңішке және құйрық қанаттары айқын байқалмайды. Бізде Қара теңізде және Мурманск тұсында кездеседі. Бұлардын, өкілдері, мысалы түкті скат (гаjа сlаvаtа) пен сәулелі скаттар (г. гаdіаtа) болып есептеледі.
Шанышқы құйрықты скатар (Тгigoпіdае) тұқымдасының қанаттары дөңгелектеу болып, тұмсығымен жалғасып кеткен. Ұзын құйрығының үстіңгі жағында шанышқы сияқты органы болады. Жауынан қорғанғанда осы құйрығымен ұрып сақтана-ды. Бізде Азов және Қара теңіздерде кездеседі.
Электрлі скаттар (Тогреdіnіdае) тұқымдасының денесі дөңгелектеу келеді, рострумы болмайды (11-сурет). Терісі жылтыр, біртегіс болады. Көкірек қанаттары мен басының арасында орналасқан электр қуатын шығаратын органдары болады. Бұлар электр қуатының күшімен өздерінен үлкен жануарларды жарақаттандыра алады. Олар негізінде оңтүстік теңіздерінде, солтүстікте Жерорта теңізіне дейін мекендейді.
Скаттар су түбіндегі омыртқасыздармен және ұсақ балық-тармен қоректенеді. Ұрықтанған жұмыртқа салу арқылы, ал біраз түрі тірі туу арқылы көбейеді. Скаттардың етін тамаққа пайдаланады. Оларды арнайы ауламайды, бірақ су түбінде тіршілік ететін балықтарды аулағанда ауға олармен бірге ілінеді. Бауырында “Д” витаминіне бай май болады.
ote jaksi deuge boladi