Бүтінбасты балықтар
Бүтінбасты балықтар
Бүтінбастылар терең су түбіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын және ұршық тәрізді болады, ол құйрығына карай сүйірленеді. Кейбір түрлерінің рострумы болмайды.
Терісі жалаңаш және қабыршақсыз деуге болады. Бүйір сызығы айқын көрінеді, брызгальцесі болмайды. Желбезек саңылаулары тері қатпарларымен жабылып тұрғандықтан сырттан қарағанда желбезек қуысына жалғасатын бір ғана саңылау көрінеді. Скелеттерінің құрылысы қарапайым, яғни ол негізінен хордадан тұрады. Таңдайдың шаршы шеміршегі бас сүйегінің ми сауытымен бірігіл кеткен. Жалпақ тақташа тістері аз болады. Ас қорыту жолы айқын жіктелмеген.
Ұрықтану іште болады. Жұмыртқасының сыртында қалың, күрделі қабығы бар. Олар көбінесе екі жұмыртқадан салады.
Осы кезде тіршілік ететіндерін үш тұқымдасқа топтауға болады. Олар Атлантика мен Тынық мұхиттардың солтүстік және оңтүстік жарты шардағы теңіздерінде тараған.
Бізде батыс Мурманск тұсында химера, немесе теңіз мысығы деген түрі кездеседі. Ұзындығы 1 м. Көпшілігі 1000 м тереңдікте мекендеп, теңіз түбіндегі омырткасыздармен қоректенеді. Қәсіптік маңызы жоқ
Сүйекті балықтар тобы (Оstеісһthуеs)
Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жа- тады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тара-ған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы, олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепші болған. Балық-тардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрылысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің сүйектенуі екі жолмен орындалады. 33
нің алғашқы сүйектенуін жамылғы, немесе тері сүйектену деп атайды. Эмбриональдық дәуірде, сүйектенудін, бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек қана, ол скелет шеміршектеріне жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияқты болады.
Балықтар скелетінің құрамында жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер де кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіндеп сүйектенуінен пайда бола-ды. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің, жоға-рыда көрсетілген жамылығы сүйектерден елеулі айырмашылығы болмайды.
Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезек аралық перделері болмайды, сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын сүйекті қакпағы
болады,
Сүекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтық ішіндегі газдың көлемінің өзгеруі балықтың меншікті салмағынын, өзгеруіне әсер етеді. Жүзу торсылдағындағы газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкіндік алады.
Ұрықтанулары әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ, мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады.
Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөліне-ді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тынысты-лар және саусақ қанаттылар.