Анықтауыш
Анықтауыш
Сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктілік — қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейді.
Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткен? не еткен? деген сұрақтардың біріне жауап береді.
Анықтауыш негізгі, туынды сын есімдерден, сан есімнен, есімдіктен, түбір тұлғалы зат есімнен, етістіктің есімше түрінен, ілік септік жалғанған зат есімдер мен заттанған сөздерден болады.
Құрамына қарай анықтауыш бір сөзден болып дара анықтауыш, сөз тіркесі, күрделі сөз бен тұрақты тіркестерінен , құралып күрделі анықтауыш болады.
Анықтауыш ілік септік тұлғасында ашық я жасырын (түсіп қалып) түрінде келіп, анықталатын сөзбен матаса байланысады да, ешбір жалғаусыз айтылса орын тіртібі арқылы анықталатын сөзбен қабыса байланысады. Мысалы, Екі қыздың еңіреген үні алқаптың үстіндегі кештіқ әуесін қозғап ызыңдатты. Ал, бұл жалпақ бет, жалпақ жауырынды қара жігіт дамыл көрмей қысы-жазы солардын, жылқысын бағады. Ашынған әйел мән-жайын айтады (С. Сейфуллин). Бірінші сөйлемде екі деген анықтауыш сан есімнен болып (неше қыз?), қыз сөзімен кабыса байланысып, қыздың және кештің деген анықтауыштар ілік септік жалғауы арқылы (кімнің үні?) ненің әуесі?) үні және әйелі сөздерімен матаса байланысып, еңіреген деген анықтауыш етістіктің есімше түрінен болып (қандай немесе қайткен үні?), орын тәртібі арқылы үні сөзімен қабыса байланысып тұр.
Бұлар — дара анықтауыштар. Ал алқаптың үстіндегі деген анықтауыш зат есім (алқаптың) мен көмекші есім (үсті) тіркесінен құралып кеш сөзімен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып тұр. Бұл — күрделі анықтауыш. Екінші сөйлемде бұл (қай жігіт?) сілтеу есімдігі мен қара (қандай жігіт?)— сын есімі де жігіт сөзін анықтап, қабыса байланысып тұр. Дәл сондай жалпақ бет және жалпақ жауырынды (кандай жігіт?) деген күрделі анықтауыштар да сын есім мен зат есімнен және сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнен құралып, жігіт сөзімен қабыса байланысып тұр. Солардың деген ілік септігіндегі есімдік жылқысы сөзін анықтап, онымен матаса байланысып тұр. Соңғы сөйлемде ашынған деген есімше де әйел сөзін анықтап (қайткен әйел?), онымен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып тұр.
оте рахмет кок коп