Жасырын мойын тасбақалар
Жасырын мойын тасбақалар
Бұл отрядқа жататын тасбақалар мойынын “S” тәрізді етіп сауытының ішіне жиырып алады.
Осыған байланысты олардың мойын омыртқаларының көлденең қанаттары жойылып кеткен, немесе нұсқасы ғана сақталған. Жамбас сүйектері дене сауытымен бірігіп кетпеген.
Құрлықта тіршілік ететін түрлерінің арқа жағы дөңес болады. Тасбақалар жер шарынык барлык, ыстық және қоңыржай ендіктеріне тараған. Шамамен 150-дей түрі бар.
Нағыз құрлықта тіршілік ететін түріне Орта Азия мен Қа-зақстанда кездесетін — дала тасбақасы (Теstudо һогsfiеldі) жатады. Бұл тасбақа құмды және далалы, аласа таулы жерлерде және оазистерде кездеседі. Еркектері кішірек болады да ұрғашылары ірі, олардың сауытының ұзындғы 25 сантиметрге’дейін жетеді. Тасбақалар қысқы ұйқыдан апрель айының бас кезінде оянады. Ұрғашылары апрель — май айларында құмды шұқырлап 2-ден 5-ке дейін жұмыртқа салады да үстін құммен жауып тастайды. Жұмыртқаның дамуы 70—80 күнге созылады. Пайда болған жас тасбақалардың бірқатары осы орнында қалып қыстап шығады. Ересек тасбақалар шөлдегі өсімдіктер күйіп кетіп, қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік болмағандықтан июнь айын-да кұмға еніп, қысқы ұйқыға кетеді. Көпшілік жағдайда жазғы ұйқы қысқы ұйқымен ұласып кетеді де құмды шөлдердегі тас-бақалар 7—8 ай ұйықтайтын болады.
СССР-дің Европалық бөлімінде, Қырымда және Кавказда батпақ тасбақасы (Еmуs огЬісиІагіs) тіршілік етеді. Батпақ тасбақасы ақпайтын, немесе жай ағатын суларда болады. Негізінен құрлықта тіршілік ететін омыртқасыздармен қоректенеді. Дем алуға ғана су жағалауларына шығады. Жұмыртқасын су жағалауларындағы құмға салады. Қысқы ұйқыға кетеді.
Өткен ғасырда Үнді және Тынық мұхиттың аралдарында, әсіресе Галапагосс аралында исполин тасбақалары тіршілік еткен.
1835 жылы осы аралдарда болған кезінде Ч. Дарвин бұл гасбақаларды толық сипаттап жазған. Олар систематикалык жағынан құрлықта тіршілік ететін тасбақаларға (Тезtиdо) жақын болған. Көпшілікке белгілі піл тасбақасының (Теstиdорlорһапtориs) оның ұзындығы 2 м болады да салмағы 200 кило.грамға жетеді.