Қолтырауындар
Қолтырауындар
Осы кезде тіршілік ететін рептилилердің ішіндегі ең құрылысы күрделі жануарлар тобы — қолтырауындар.
Бұлардың денесі ұзын және арқасынан құрсағына қарай жалпақтау келеді.
Құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, жүзу қыз-метан атқарады. Алдыңғы аяғының бес саусағының арасында жарғақ болмайды, ал артқы аяғында төрт саусағы болады да олар өз ара жарғақпен жалғасады. Денесі мүйізденген қабыршақтармен қапталған, олардың астыңғы жағынан сүйекті пластинкалар дамиды. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі — төменгі жағының астында, иығының үстінде және клоаканың маңайында тері бездері болады. Олардың маңызы әлі анықталмаған.
Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ және тіс сүйектеріне сүт қо-ректілердің тістері сияқты, альвеолға орналасқан. Сондай-ақ сүт қоректілердікі сияқты, крокодилдерде сүйекті таңдай болады. Сондықтан ауыз қуысы екіге: оның жоғарғы бөлімі — мұрын жұтқыншақ жолы, ал теменгісі — нағыз ауыз қуысы болып бөлінеді. Тамақты жұтқан кезде ғана аз уақытқа тыныс жолы жабылады.
Омыртқа бөлімдері айқын байқалады. Мойын бөлімінде 9 омыртқа, кеуде — 12 — 13, бел омыртқа — 2 — 4, сегізкөз омыртқасы — 2 — 3, құйрық омыртқалары — 30 — 40 болады. Омыртқалары процельді. Иық белдеуінде бұғана болмайды, ол тек қана жауырыннан және коракоидтан тұрады.
Суда тіршілік етуіне байланысты қоректенуі мен тыныс алуында өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, таңдайдың артқы жиегінен төмен қарай түсіп тұратын ет қатпары болады Оны таңдай шымылдығы деп атайды. Оның төменгі жиегі тілдің көмекей жағына тиіп, ауызды жұтқыншақтан бөліп тұрады. Мұндай ерекшелік крокодилге судың ішінде аузын ашып, танауы ғана судан шығып тұрса да тыныс алуына мүмкіндік береді. Үйткені танауының жиегінде болатын клапандары крокодилдің басы суға батқан кезде танау тесігін жауып қалады.
Қолытрауындар су түбінде үзақ уақыт болуына байланысты, өкпесі үлкен және күрделі үяшықтары болады.
Жүрек қарыншағы дербес екі бөлімнен тұрады, яғни кроко-дилдердің жүрегі төрт камералы болады. Бірақ сол жақ қарыншадан шығатын оң қолқа доғасымен қатар, оң қарыншадан (веналық қан) сол қолқа доғасы шығады. Сол қолқа доғасы арқа қолқасымен байланысқан, бірақ онымен таза артерия қаны жүрмей аралас қан жүреді.
Қолытрауындар триас дәуірінде кеңінен тараған. Қазір бір тұқымдасқа жататын 25-ке жуық түрі бар. Тропикалық субтропикалық облыстарда ғана кездеседі.
Гавиалдың (Gаvіаlіз gепgеtісиs) тұмсығыІ ұзын болады. Денесінің ұзындығы 6 метрдей, Индияның оңтүстігін мекейдейді. Нағыз крокодилдер Африкада, Азияда, Солтүстік Австралияда және тропиктік Америкаға тараған. Олардың бір түрі иль крокодилі (Сгосоdilиз піlotiсиs) ұзындығы 8—10 м болады және Қытай аллигаторы (Аllіgаtог sіпепsіs) ұзындығы 2 метрдей болатын үсақ крокодилдер.
Крокодил құрғаққа сирек шығатын, көбінесе суда болатын организмдер. Құрғақка дем алуға, көбеюге, немесе мекенін ауыстыруға ғана шығады. Құрғақшылық болып, тіршілігіне қолайлы су қоймасы табылмаса су түбіндегі балшыққа еніп, ұйқыға кетеді.
Олар жүмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқасының үлкендігі қаз жұмыртқасындай болады да сырты қатты известі қабықпен қапталады. Жұмырткаларын жиекке жақын құмдарға, немесе қорыстардан жасалған шұңқырларға салады. Жұмыртқасының саны бірнеше ондыққа жетеді. Крокодилдің кейбір түрінің ұрғашылары ұяларының маңында болып, жұмыртқаларын жауларынан қорғайды. Инкубация мерзімі 1,5—2 айға созылады.
Қолытрауындар моллюскаларды, шаяндарды, құстарды және кейбір сүт қоректілерді жеп қоректенеді. Адамға да шабуыл жасаған кездері болған. Сумен жасырынып барып қорегін ұстайды. Оны көзінің және есіту органдарының көмегімен іздеп табады.
Қолытрауындар еті мен терісін пайдалану үшін жергілікті халық кәсіп етеді.