Сирендер
Сирендер құрлыққа шықпайтъш өмір бойы суда болатын сүт қоректілер. Систематикалық жағынан тұяқтыларға жақын, теңіз жағасында тіршілік етуге бейімделген тұяқтылардың бір бүтағы болып саналады.
Жалпы дене формасы киттерге ұқсайды, бірақ мойын денесінен айқын бөлінген. Тек қана ескек тәрізді алдьщғы аяғы болады, сол сияқты саусағынан түяқтың қалдығын байқауға болады. Азу тістері — тұяқтылардың тістері сияқты тегіс болады. Сонымен қатар қарны да бірнеше бөлімнен тұрады. Сирендер теңіздердің жиектеріне жақын жерлерді мекендеп, одан өзендерге өтеді. Су астындағы өсімдіктермен қоректенеді. Топтанып тіршілік ететін организмдер.
Ламантиндардыц (Мапаtіdае) — бірнеше түрлері Африканың батыс жағалауына, Оңтүстік Американың шығыс жағалауына, Антил аралдарына тараған. Дюгондар (Наlісогіdае) — Үнді мұхитының жағалауында кездеседі.
1741 ж. орыс академигі Стеллер—Командор аралдарында сирендердің ірі бір түрінің барлығын анықтап, оны Стеллердің құрметіне — Стеллер сиыры (Rһуtіпа stеllегі) деп атаған. Олар теңіз капусталарын жеп тіршілік етеді. Адамнан қашпай-ды. Стеллер анықтағаннан кейін, оларды кәсіпшілер аулап, құртып жіберген. Ең соңғысы 1768 жылы ұсталған.