Күйіс қайтармайтындар
Күйіс қайтармайтындар. Бүл отряд тармағына — бегемоттар және шошқалар жатады. Бұлардың екінші және бесінші саусақтары жақсырақ жетілген.
Шошақ тістері үлкен болады. Азу тістерінің үсті бұдырлы, тамағын әбден шайнап жұтуға мүмкіндік береді. Қарны қарапайым, сондықтан күйіс қайырмайды.
Біздің оңтүстік облыстарда жабайы шошқаның — қабан (Sus sсгоfа) деген бірақ түрі тараған. Сол жабайы шошқадан осы кезде қолда өсірілетін үй шошқаларының көптеген түрлері шыққан. Бұлар қамысты, тоғайлы жерлерді мекендейді. Жылына бір-ақ рет көбейеді де, бір туғанда 4—6 торай туады. Қолдан сұрыптау арқылы үй шошқаларын жақсартудың нәтижесінде, жабайы тегіне қарағанда өсімтал түрлері шығарылған. Осыған байланысты олардың емшектерінің де саны көбейген. Оңтүстік Азияда, Африкада және Америкада жабайы шошқаның басқа түрлері кездеседі.
Бегемот (Нірророtатиs атрһіЬіиs)—ірі, жалаңаш терілі, жартылай суда тіршілік ететін жануар. Олар құрлықка өте сирек шығады да өзендер мен көлдерде болады. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Бегемоттар тропиктік Африкада тараған.