Гетеротрофты өсімдіктер
Гетеротрофты өсімдіктер деп, органикалық заттарды, органикалық емес заттардан синтездеуге қабілеті жетпейтін өсімдіктерді айтамыз. Бұларға дробянкалардың басым көпшілігі, саңырауқұлақтар және миксомицеттер жатады.
Олар тірі организмдердің есебінен (паразиттер) дайын органикалық заттармен немесе өлі организмдердің қалдықтарымен (сапрофиттер) қорек-тенеді. Паразиттер өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға ауру таратады, ал сапрофиттер жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын шірітіп, минералды затқа айналдырады. Сапрофиттерді нан пісіргенде шарап, айран, сыра ашытқаңда және басқада тағамдар жасағанда пайдаланады. Бұлардан басқа хлоропластарын түгелдей, немесе жартылай жоғалтып, органикалық заттармен қорек-тенуге — паразитизмге көшкен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің тобы бар (арамсояу — повелика — Сшсиіа туысы, 218-сурет; сұңғыла — заразиха — ОгоЬапсһе туысы; шыршашөп —подъельник з туысы жөне т.б.). Автотрофты регрестің әртүрлі сатысында және гетеротрофтыға ауысудың әртүрлі деңгейінде насекомдармен қоректенетін өсімдіктер түр. Олардың жапырақтары насекомдарды ұстағыш аппараттарға айналған (шықшөп — росянка — Огозега туысы; шыбын ұстағыш шөп — мухоловка туысы, 265-сурет; непентес туысы, 100-сурет).