Автотрофты өсімдіктер
Автотрофты өсімдіктер деп, өзінің вегетативтік денесін түзуге қажетті органикалық заттарды, органикалық емес заттардан (судан, газдан, топырақтың минералдық заттарынан) өздері синтездейтін өсімдіктерді айтады.
Оларға органикалық заттарды күннің энергиясын пайдалана отырып өздері синтездейтін жасыл өсімдіктер (жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің басым көпшілігі мен балдырлар) мен хлорофилі болмайтын (судың және топырақтың бактериялары), органикалық заттарды синтездеуге күкірттің газды қоспасын (сероводород), сутегін және басқа газдарды тотықтан-дырғанда босап шығатын (хемосинтез) химиялық энергияны пайдаланатын немесе органикалық заттарды бактерио-хлорофиллдің және бактериопурпуриннің пигменттерінің көмегімен, ауаға оттегін бөліп шығармай-ақ (фоторедукция) синтездейтін өсімдіктерді жатқызады.