Көнерген сөздер мен неологизмдердің ңолданылуы
Тілдің сөздік құрамы баяу болса да үнемі өзгеріп отырады. Се-бебі халықтың әлеуметтік өміріндегі: өнеркәсіптегі, ауыл шаруа-шылығындағы, ғылымдағы және техникадағы, өнер мен мәдениет саласындағы әркезгі даму, олардағы ертелі-кешкі жаңалықтар лексикаға да үнемі ықпалын тигізіп отырады. Осы ретте кейбір сөздің қолданылу аясы бірте-бірте тари бастайды не кеңи түседі. Ал жеке сөздің қолданудан жалпы шығып қалуы бірден бола қой-майды. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным, әр түрлі әдет-ғұ-рып, күнделікті пайдаланып келген жекелеген үй мүлкі, шаруашы-лық бұйымдары халық тұрмысында бірте-бірте азайып, кейін ақыры мүлдем жоғалып кетеді. Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіре бастайды, өте сирек қолданылатын болады. Мысалы: би, болыс, старшын, елубасы, онбасы, отарба, қосын, бэйбіше, тоқал, әмеңгер, күндес, сеп, ояз, дулыға, шарайна, дуан, ұя, пері, періште, даю, азан, ысқат, отамалы, өлара, тоғам, сәукеле, жыға, барымта, қүн, дабыл, кит, ілу т. б. Міне бұлар тілде көнерген сөздер деп аталады. Қөнерген сөздер архаизм және историзм болып екіге бөлінеді.
Ел өміріндегі, халық шаруашылығындағы ұдайы болып жататын қарқынды дамуға сәйкес небір жаңа ұғымдар, көптеген тың сөздер қалыптасады. Солардың бұл жерде кейбірін ғана атауға болады. Мысалы, спутник, планетааралық станция, салмақсыздық, атом мұзжарғышы, көрермен, оқырман, балмуздақ, аялдама, жүлде, айналым (бірінші айналым дегендегі), көпсайыс, бессайысшы, космос, космодром, космонавт, астронавт, шамшырақтар, тілші (тілзерттеуші), тілші (газет тілшісі), әзірлік сапы т. б. Бұл тәрізді нео-логизмдер тілімізде өте көп. Ал қазіргі көркем әдебиет стиліне, сөйлеу стиліне қатысы жағынан алғанда бұлардың (көнерген сөздер мен неологизмдердің) әрқайсысыныд өзді-өзіне тән ерекшелігі бар.
К ө н е р г е н с ө з д е р ара-тұра сөйлеу стилінен де кездесіп отырады, әсіресе өткен дәуірдегі оқиғаны суреттейтін, тарихи шығармада жиі ұшырайды. Мысалы, исі, игі, селебе, келе, би, болыс, елу басы, он басы, ауылнай, старшын, тоқал, бәйбіше және осы сияқтылар әдеби шығарма стилінде белгілі бір көркемдік мақсат үшін жұмсалады. Халықтың бұрынғы өмірі, тұрмыс жағдайы ту-ралы шығарма жазуда автор сол кезгі сөз үлгілеріне, сол уақытқа тән әр түрлі атауларға зер салып, сол өзі суреттеп отырған уақыт-тың тілімен сөйлетеді. Көркем әдебиет стилінде қолданылатын көне сөздердің мағынасы қазіргі оқушыға, әсіресе жастарға көбінесе түсініксіз болып келеді. Мысалы келе сөзі қазақ тілінде ағайын ауқымы, елі-жұрты, ортасы, сөзге, қатарға деген ұғымда да, жол-жора, рет-жөні, айтыс, талқы деген мәнде де жұмсалады. Тентегі үшін келесі қарыздар болмаса. Осы елге, өз келеңе келгенде осы отырған бэрімізге салық. Мына Тобықтының ағайын келесі сендерге бір сөзді сынатқалы отырмыз. Олар сойыл соғар. Бірак, келеге әсте кірген емес. Ас келесі солай ғой. Жұрт келесіне салармыз. Ел келесінен қалыспайтын пысық сөзуар, өзі мыс-қылшыл Абралы отыр (М. Әуезов).
Бағы, тауарық сөздеріне келсек, бұлар осы күнде жиі айтыла-тын, әркімге әбден түсінікті баяғы, тарих есімдерінің көне форма-сы. Мұндай сөздер көркем әдебиет стилінде, мысалы тарихи тақы-рыпқа, бұрынғы өмір жайлы жазылған шығармаларға, жазушының өз баяндауына көбірек жарасымды. Сондай-ақ тіліміздегі арсы, дабыл, шың — бұлар да көне сөздер. Соңғы екеуі көбінесе эпостық шығармаларда жиі ұшырайды. Арсы — арман, тілек мағынасын білдіретін сөз. Жоғарыда аталған келе,- арсы, дабыл, шың, бағы, тауарық сөзі ескілікті оқуы бар қарт адамдардың сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте және ғылыми стильде кездеседі. Ғылыми еңбек тілінде ілгеріде аталған көне сөздердің бәрі бірдей кездесе бермейді, оқулықтарда және бір атау түрінде келген, нақтылы мағыналы көне сөздер ғана қолданылады. Мысалы: дабыл, шың, сауыт, елу басы, старшын, тоқал, әмеңгер тәрізділер. Ал онда исі, игі, келе, селебе, арсы, бағы сияқты көне сөздер негізінен қолданылмайды. Бұлар ресми, кеңсе, іс қағаздары стилінде жалпы сирек ұшырасады. Сөйлеу тілінде, публицистикалық және көркем әдебиет стилінде олардың бәрі (нақтылы мағыналы атау түріндегі көне сөздер де, абстракт мағыналы көне сөздер де — қай-қайсысы да) кездесіп отырады. Дабыл, сауыт, шың сияқты көне сөздер эпостық жырларда жиі болады.
Алтын терек арсыға құлаш ұрған ардақты азамат, сен өлмейсің дейді Әйгерім сазы. Бұл жөнінде бағы заман ғұламалары жазып кеткен дағуалар бар. Оралбайды жеңгенімен, өмірді, тауарықты жеңе алмас. Шәке ерінің қасына байлаған дабылды қатты даңғыратып, соғып жіберді. Шыңды шабуыл жалғыз көзді жал-мауыздыц өзіне беттеп жөнелгенде (М. Әуезов). Алдына дабыл төңкерген, Артына сауыт бөктерген… Барабан соғып, шың қағып(Қобыланды).
XIX ғасырдағы әкімшілік атауларының ішінде әсіресе болыс және би есімдері ерекше көңіл аударады. Өйткені осы сөздерге байланысты әр алуан терминдік сөз қолданыстар қалыптасты. Мы-
салы: болыс, болыстық сайлау, болыстық старшын, болыс кеңсесі, төбе би, “тіретей” би, “тіретей” билер, долынжы би, урядник, стражник, аға сұлтан, кандидат, атшабар, елу басы, он басы, поч-табай, ояз, ол тұста сондай-ақ кұн, барымта, дуан, дуан басы, қол, қол басы, жатақ, бас жатак,, орта жатақ, аяқ жатақ, жасауыл, дүре, майыр, приказдың бастығы, үкілі почта, “еңбекшерік”, “кәсіп-шерік”, қарашырын, недоимка сияқты көне сөздер де айтылды. Көпшілігі историзм, біразы — архаизм. Қазір қай-қайсысы да негі-зінен көркем әдебиет стилінде (онда да тарихи шығармаларда), ғылыми стильде (тарих оқулықтарында және осы тақырыпты зерт-теу жұмысының тілінде) ғана қолданылады. Оқта-текте ресми және сөйлеу стилінде (баяндама, лекцияда) жұмсалады. Архаизмдер ресми-кеңсе стилінде өте аз кездеседі. Олардың ең көп қолда-нылатын жері — көркем әдебиет стилі. Оны мына бір үзінділерден айқын көруге болады.
Сыбан, Тобықты, Қерей, Уақ, болыстары, кандидаттары, долынжы билері қастарына тілмаштарын алыпты (М. Әуезов). Ұлық үйлерінен урядниктер, стражниктер де шықты. Мынау жалғыз ояз емес, көп төренің тобы ғой (сонда). Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін осы Тобықтығаболыстық старшын еткенді (сонда). Осында “еңбекшерік”, “кәсіпшерік” болысып орналасып қалган көптеген елдің үйлері бар (сонда). Мұндайлық айналма пәленің ашық аты — “недоимке”, “қарашығын” және биыл түскен “түңдік басы” (сонда). Өтеп біріншінің старшыны еді (сонда). Соның Дәмежан қорасы тұрған жағы. бас жатақ атанады (сонда). Дуаны бұл болыстардан бөлек болса да, жері көршілес Керей де бар. Жасауыл әр шақырганға келмейді(сонда). Енді бұл қосын өздерінен баск,а дүниеден түгел қол үзіп жалғыз қалды (Ғ. Мүсірепов).
Соңғы сөйлемдегі қосын көне сөзі тарихи тақырыпқа жазылған публицистикалық еңбектерде де қолданылады. Публицистикалық стильде, сондай-ақ, өзге де кейбір көне сөздер кездеседі. Мысалы серіктік қосшы ұйымы, қосшы одағы (союз қосшы), ортақшыл жастар, астыц салғырты, азыц-түлік салрырты, тұтыну салғырты т. б.
Ғани бастаған жігерлі, жас қосын тірі (“Ғани Мұратбаев”, 1972). Бұл жағдай болмайынша нағыз пролетарлың саясатты жүргізуге де, астық салғыртындұрыс бөлуге, оныц өндірісін ұлғайтуға, т. б. болмайды (В. И. Ленин жастар туралы, 1972, 206-бет). Бұлар тұтыну салғыртына қатысты (сонда, 212-бет).Міне бұл сасық сарқын кейін ортақшыл, жастар ұйымына да өзінің дағын салды (“Ғани Мұратбаев”, 1972). Түркістан советтерінің халық ағарту комитеті президиумының жиылысында қощы одағы, жастар ұйымы жөндерінен қандай мәселелер қаралса да… (сонда). Коммуналар, серіктіктер және артельдерөкілдерініқ жалпы. жиналысы мұны талқылап, мұндай әдісті қолдану шынында да коммунар мен серіктіктерді ныгайту ірінде зор құрал болатынын түсінеді (В. И. Ленин. Тандамалы шығармалар, 3-том, Алматы, 1963, 326-бет).
Ғылым мен техниканың, өнеркәсіптің даму барысында да кейбір атаулар көне сөзге айналады. Мысалы, бодия, атбарабан, қайла, бу (шахтадағы), жезл, суфляж, жарты казарма, толкач пионер (темір жолдағы), жылу мөлшері, жылу беру, жылу алмасу, жылу сыйымдылық (физикадағы) қазір жалпы пайдаланылмайды. Бірақ ғылыми стильде осылардың қай-қайсысы да қолданылады. Қейбіреуіне мысал келтірейік.
Бірак, жылу тегі теориясының негізінде қалыптасқан “жылу мөлшері”, “жылу беру”, “жылу алмасу” жэне “жылу сыйымды-лық” тэрізді ескі ұғымды білдіретін терминдер физикада қалып. қойды (ғылыми мақаладан).
¥ÿ, ñåріктік, кандидат топтары, азық-түлік салғырты тәрізді біраз көне сөз кезінде, яғни сол 20—30 жылдардың ресми-кеңсе стилінде де қолданылған. Мысалы: Бұдан былай бірнеше колхозға ие бірнеше ауылға ортақ ұялар, иә кандидат топтары құрылмасын (газеттен). Ұсақ кәсіп кәперетсесі брындарының жұмысын қайта құруға белсеніп қатынасып, артелъдщ, серіктіктің кэперетсе-шаруашылық жағын нығайтуға айырықша көңіл бөлінсін (сонда).
одни ошибки, бесит ! если пишите даете информацию то можно без ошибок одни ошибки кто это писал вообще а?
ДА!!!! ОДНИ ОШИБКИ
Рахмет!
Тіпті мақаланың атының өзі қате жазылған.Ңолдануы деген сөз болады ма,осындай қателермен жазуға ұялсаңдаршы қазақтар, өз тіліңе өзіңнің жаның ашымаса, басқалар қайтеді сенің тіліңді…
бүртірлі ғо иа
Маган МЫСАЛДАР КЕРЕК!!!!!!!