Кітаби лөксика
Кітаби лексикаға саяси әлеуметтік терминдер, әр алуан техни-калық атаулар т. б. жатады. Бұлар өздерінің стиль түрлеріндегі қолданылу аясына қарай бір-бірінен өз ара ерекшеленеді. Мысалы ғылыми стильде, әр түрлі оқулықтар тілінде терминдер, техникамен байланысты сан сала атаулар көбірек ұшырасады. Мысалы:
Химиялык, элементтердің барлығы дерлік тотықтар түзе алады: Көпшілік қышқылдар суда жақсы ериді: Негізгі жэне қосымша топша дегеніміз оттекбойынша валенттілігі бірдей… (Химия). Өз ара перпендикуляр екі жасаушы арқылы жүргізілген қиманың ауданын табыңдар: Берілген түзуден берілген жазықтыққа пер-пендикуляр етіп… (Геометрия). XIX ғасырдың аяк; кезінде белгілі болған оптикалық құбылыстар жарықтың толқын түрінде тарала-тынын көрсетті. Сол толқындар таралатын орта шартты түрде эфир деп аталады (Физика). Үлгі баулар бойынша өнімді есепке алу дәнді дақылдарға,жэне талшықты жэне жемшөптік дақылдарға қолданылады. Мөлдектен түскен дэннің өнімін мына теңдеу бойынша есептеп шығарады (Биология).
Химия, биология, физика оқулықтарында кездесетін тотықтар, қышқылдар, топша, оттек, валенттілік, теңсіздік, теңдеу, шама, қо-сынды, көбейтінді, жанама, диаметр, кесінді, перпендикуляр, жа-саушы, қима, түзу, жазықтық, жарық, толқын, эфир, тығыздық, тербеліс, серпінділік, дақыл, мөлдек сөздері қазақ тілінің лексика қорына жататын сөздер. Олар ғылыми стиль саласында термин ретінде, атау түрінде қалыптасты. Бұл сөздер көбінесе зерттеу ең-бектерде, оқулықтар тілінде қолданылады. Ал көркем әдебиетте, ресми-кеңсе, публицистикалық стильде сирек ұшырасады. Лекси-калық топтардыд осылай бір-бірінен ара жігі ашылып, өз алдарына даралана түсуі, бас-басына сараланып шығуы — әдеби тілдегі функционалдық стильдердің, көркем әдебиет, сөйлеу стильдерінің әрқайсысыньщ өзіндік табиғатына, мазмұн-мақсатына байланысты. Әрбір стильдің негізгі және қосалқы белгілері болады. Шығармада бастан-аяқ лексикалық қүрамдағы байыргы сөздердің мол қолданылатындығы көркем әдебиет стилінің негізгі белгісі.
И. Р. Гальпериннін, атап көрсетуінше, ғылыми стильдің мұндай не-гізгі белгісі — термин сөздердің жиілігі1. Рас, ғылыми стильдің ауызша формасында сөйлеу тілінің ерекшелігі недәуір орын алуы мүмкін. Бірақ термин сөздердің, әр түрлі атаулардың жиілігі бұл ретте де сол негізгі белгі ретінде ерекшеленіп түрады.
Дәл ғылым саласындағы арнаулы терминдер мен атаулардың стильдік сипаттамасын жоғарыдағы зерттеу еңбектерден, оқулық-тардай; келтірілген мылсалдардан айқын көруге болады. Осы ретте, яғни қазақ тілі лексикасының стильдік сипаттамасына тоқталғанда, қоғамдық ғылымдармен байланысты қалыптасқан термин сөздер де ерекше көңіл аударады. Өйткені дәл ғылымға тән терминдер мен атауларға қарағанда, қоғамдық ғылымдар саласына байланысты қалыптасқан терминдер мен атаулар қай стильде болса да жиірек кездесіп отырады. Мына бір үзінділерді алып көрейік.
1 И. Р. Гальперин. К проблеме дифференциации стилей речи. Жинақ: Проблемы современной филологии М., 1965, 69—
71-беттер.
Танымның сезімдік жэне рационалдық сатыларын қарастыра келіп, олардьщ бір-бірімен тығыз байланысты екенін тағы да атап өткен жөн (Философияның бастауыш курсы). Алғашқы. қауымдық құрылыстағы ең көне семья формасы топты некеге негізделген. Жұп семья тағылық дэуірдің соңында қалыптаса келе, варварлық дәуірде эбден кэмелетіне келіп, қоғамдағы басты семья формасына айналды. (X. А. Арғынбаев. Қазақ халқындағы семья мен неке. Монография). Қоғамдық қордан эрбір семьяның алар үлесінің ар-туы, жұмыс жэне өзгеруі — бәрі де ғылым мен техниканыц еркін уақыт арақатынасының соңғы. жетістіктерін сарқа пайдаланумен астарлас істер (ғылыми мақаладан). Осындағы таным, сезімдік саты, рационалдық саты, топты неке, жұп семья, варварлык,, қоғамдык, щор, еркін уақыт терминдері көбінесе ғылыми стильде, саяси әдебиеттердің тілінде қолданылады. Олар сондай-ақ ресми-кеңсе, сөйлеу стилінде де кездесіп отырады. Дәл ғылымда техникада қалыптасқан терминдерге қарағанда, қоғамдық ғылым саласындағы терминдер әр түрлі стильде жұмсалады, яғни бұлардың стильдердегі қолданылу аясы кеңірек. Қейбір сөзді ғылыми, кеңсе, ресми іс қағаздары стильдерінде қолдану өрескел көрінеді. Ал оны көркем әдебиет стилінде пайдалануға әбден болады. Мысалы: Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді (М. Әуезов). Қарагөздің Сыбанбай аулына барғысы келмей жүретіні паш болып қалған (сонда). Ал 28 октябръде Қазақстанның биыл да мемлекетке миллиард пұт астық бергені дүние жүзіне пашетілді (газеттен). Бұлар ұзын бойлы, сіңірлі, өңшең атан жілік, атпал азаматтар көрінеді (М. Әуезов). Құнанбай жүз елудей атпал азаматқа ец жүйрік аттарды мінгізіп, қолдарына тегіс сойылдарын тастатып, айбалта, найза бергізді (сонда).
Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,
Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр (Абай).
Сэбидің көп жуылған жөргегіндей
Сайын қыр қалған екен сары ала боп (Қ Мырзалиев)^.
Мұндағы атпал, қарындас, паш, сайын — көркем әдебиет стилі мен публицистикалық стильде жиі колданылады. Бұл сөздер ғы-лыми стильде, ресми іс-қағаздары стилінде кездеспейді. Өйткені атпал да, сайын да, ағайын-туыс, бауыр мағынасындағы қарындас та қазіргі сөйлеу стилінде сирек айтылады Пашсөзі көбінесе көтеріңкі стильге тән.
Қітаби лексикада Совет өкіметі тұсында аударма әдебиет арқылы, кальки жолымен қалыптасқан тіркеме, айналым, сілтеме, біріншілік, кіріс, шығыс, жүлдегер, сүрлем, пішендеме, шамшырақтар, аманат, бесжылдық, озаттар тұғыры, қолқат, шешім, қарар, қаулы, сенім қағаз тәрізді толып жатқан балама сөздер, терминдер, әр түрлі ұғым атаулары неше алуан. Бұлардың да стильдік сипаты, қолдану аясының кеңдік дәрежесі бірдей емес. Мысалы, әсіресе ресми-кеңсе стилінде айқын көрінеді. Семьяға көмек көрсету мақсатымен оқу-материалдық база болған жағдайда күн ұзағына болатын жалпы білім беретін -мектептер немесе күн ұзарына болатын топтар құрылады (ССР Одағы мен одақтас республика-лардың халыққа білім беру туралы заңының негіздері). Қвалифи-кациясын арттырған және ойдағыдай тапсырған адамдарға квалификациялық емтиханды алган мамандығы жэне разряд, класс, категория берілгені туралы бірыңгай формадағыкуэлік беріледі (сонда).
Жоғарыда келтірілген әр сала сөздер, термин мен түрлі атаулар жалпы жазу тәжірибесінде қай стильде болсын үнемі қолданылады. Кітаби лексикаға жататын неологизмдер де осылай жиі жұмсалады. Ал архаизмдер бұларға қарағанда әлдеқайда сирек жұмсалады.