Септік жалғаулардың мағыналары мен қызметтері
Септік жалғаулардың мағыналары мен қызметтері
Қазақ тілінде 7 септік түрі бар. Жоғарыдағы кестеден көрінетіндей, олардың сұрақтары мен жалғаулары біркелкі емес. Сондай-ақ олардың сөзге үстейтін мағыналары да алуан түрлі. Кейінгі кезде септіктер екі топқа бөлініп жүр: грамматикалық септіктер және көлемдік септіктер.
Грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс септіктері, көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері жатады. Септік жалғауларын бұлай бөлудің басты негізі олардың мағыналары мен қызметтеріне байланысты.
Грамматикалық септіктер (атау, ілік, табыс) негізінен тек затттық мәнмен байланысты, қимылды атқарушы (бастауыш), не оның объектісі (тура толықтауыш), не заттың меншіктік, қатынастық (анықтауыш) мәнін білдіреді. Сондықтан да заттық мәнге (адамға байланысты және адамнан басқа затқа) байланысты әркайсысы екі сұракка ғана жауап береді: кім? және не? кімнің? және ненің? кімді? және нені? Ал көлемдік септіктер (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) заттық мәннен яғни объектілік мәннен (толықтауыш) басқа көлемдік, мезгілдік, себептік, бағыттық, құралдық (пысықтауыш) мәнде де жұмсалады. Сондықтан барыс септік кімге? неге? деген сұрақтан басқа қайда? деген сұраққа, жатыс септік кімде? неде? деген сұрақтан баска қайда? деген сұраққа, шығыс септік кімнен? неден? деген сұрақтан басқа қайдан? деген сұраққа көмектес септік кіммен? немен? деген сұрактан басқа қалай? деген сұраққа да жауап береді.
1. Атау септіктің арнайы жалғауы жоқ, зат есімнің негізгі және туынды түбір тұлғасымен сәйкес келеді. Кейде көптік және тәуелдік жалғау тұлғаларында да тұрады. Атау тұлғадағы зат есім сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Егер басқа сөз таптары (сын есім, сан есім, есімше, түйық етістік т. б.) атау түлғасында түрса, олар заттанып, сөйлемде бастауыш болады. Мысалы: Толқыннан толқын (не?) туады (М. Жұмабаев). Ащы мен тұщыны татқан (кім?) білер (мақал).
2. Ілік септік меншіктілікті, бір затқа тән екендігін көрсетеді. Әдетте ілік септікті сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесіп қолданылады да, ілік септіктерге сөз иеленуші зат (я адам) болады да, тәуелдік жалғаулы сөз соның меншігі, соған тиесілі я катысты зат болады. Мысалы: Хамиттын, екі құлағы шың ете түсті (С. Сейфуллин). Жомарттың сөзі есіне түсті (Ғ. Мұстафин). Бұл сөйлемдегі Хамиттың, Жомарттың деген ілік септіктегі сөздер құлағы, сөзі деген заттардың иесі, меншігі мәнін білдіреді.
Сондай-ақ ілік септік бүтіннің бөлшегі (үйдің терезесі), әр түрлі табиғи байланыстарды (судың сылдыры) сияқты мәндерді білдіреді.
Кейде ілік септік түсіп қалып та колданылады: ақынның өлеңдері — ақын өлеңдері, қаланың жастары — қала жастары т. б.
Сөйлемде ілік септікті сөз анықтауыш қызметін атқарады (сұрағы кімнің? ненің?).
3. Барыс септік жанама объектіні және қимылдың, іс-әрекеттің кімге, неге бағытталғанын, кейде мақсатын білдіреді. Мысалы: Толқынға толқын еркелеп, Меруерт көбікке оранып… Жарға жетер ентелеп (М. Жұмабаев). Бұл сөйлемде толқынға (неге еркелеп?), көбікке (неге оранып?) деген сөздер қимылдың (еркелеп, оранып) жанама объектісін білдіріп, толықтауыш болып тұр, жарға (қайда жетер?) қимиддың (жетер) бағытын білдіріп, мекен пы-сықтауыш болып тұр. Барыс септіктегі сөз кімге? неге? деген сұраққа жауап берсе, толықтауыш болады да, қайда? неге?— не үшін? (көбіне түйық етістікке жалғанғанда: оқуға келді — неге, не үшін келді?) деген сұраққа жауап берсе, пысықтауыш болады. Барыс септікті сөз дейін, шейін, қарай деген шылаулармен тіркесіп те жұмсалады.
4. Табыс септік тура объектіні білдіреді де, сабақты етістіктермен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады. Сөйлемде кейде табыс септік жалғауы түсіріліп (жасырын) те қолданылады. Мысалы: Раушанның отты көздері ішке шоқ түсіріп жандырған соң, Бәкен кейістікті ұмытты (Б. Майлин). Бұл сөйлемде кейістікті (нені ұмытты?) табыс септікте тұрып, тура толықтауыш болып тұр, шоқ (нені түсіріп) табыс септіктің жасырын түрінде тұр. Табыс септіктегі сөз жалқы есім немесе тәуелдеулі сөз я алдында анықтауышы болса, болмаса табыс септікті сөз бен оны меңгеріп тұрған сабақты етістіктің арасында сөз тұрса, табыс септік жалғауы түспей қолданылады. Мысалы: Ол танк қалкасымен жетіп үлгірген Әлияны байқамай да қалды (Ж. Жұмақанов). Кірпігін де сирек қағады (М. Әуезов).
5. Жатыс септік қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, мекенін кейде мезгілін, көлемін білдіреді де, сөйлемде кімде? неде? деген сұраққа жауап берсе, мекен, мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен (С. Мұратбеков). Құлтайда жаңағының бірі жоқ (Ә. Әбішов). Жатыс септікті сөз сөйлемнің баяндауышы да болады: Қызым үйде, қылығы түзде (мақал).
6. Шығыс септік қимылдың, іс-әрекеттің неден, қайдан шыққанын, басталғанын білдіріп, сөйлемде толықтауыш және мекен, мезгіл пысықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Толқыннан толқын туады (М. Жұмабаев). Бұл сапарга біз Москвадан келе жатырмыз (С. Мұқанов). Шығыс септікті сөз кейде баяндауыш та болады. Біз Жетісуданбыз. Шығыс септікті сөз кейін, соң, бері сияқты шылаулармен де тіркесіп жұмсалады: Өзге ұлттардың мәдениеті де кең өріске Октябрь революциясынан кейін ғана шықты (С. Мұқанов).
7. Көмектес септік іс-әрекеттің, қимылдың немен, қандай құралмен, амалын, қалай істелгенін және қимылға ортақтықты білдіріп, сөйлемде пысықтауыш және толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшіп келе жатқан — Абай аулымен көрші ауылдар (М. Әуезов). Хатшы жігіт сағатқа қарап, кезекпен жіберіп тұр (Ғ. Мұстафин). Көмектес септік жалғауьшың ерекшеліктері бар. Олар буын үндестігі заңына бағынбайды, жуан сыңарлары жоқ. Сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да жіңішке жалғау (-мен, -бен, -пен) жалғанады. Сондай-ақ мен, бен, пен деген жалғаулық шылаумен ұқсас келеді. Егер бұлар қатысты сөз -мен, -бен, -пен тұлғасынсыз айтылмаса, ол көмектес септік жалғауы болғаны, сөзбен бірге жазылады, онсыз айтуға болса, немесе және деген сөзбен алмастыруға болса жалғаулық болғаны, бөлек жазылады. Мысалы: Мағаш Кәкітай мен (және) Абайға қарады. Мағаш Кәкітаймен сөйлесіп тұр.
Тәуелдеулі септеу. Зат есімдер тәуелденіп барып та септеледі. Тәуелдеулі септеудің барыс, табыс, жатыс септік жалғауларында ерекшеліктер бар. Тәуелдік жалғауының 1 және 2-жағындағы сөздерге барыс септігінде -а, -е жалғауы жалғанады: балам-а, уйің-е, ал 3-жағындағы сөздерге барыс -на, -не, табыс -н, жатыс -нда, -нде жалғаулары жалғанады: баласы-на, уйі-не, баласы-н, уйі-н, баласы-нда, уйін-нде.