ОРФОЭФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР
Сауаттылық сөздсрді белгілі ережелсрге сәйкес дүрыс жазу-мен гана көрінбейді, оларды дұрыс әйтып, дұрыс оқумен де бағаланады. Өйткені сөз біткеннің бәрі бірдей қалай жазылса, солай оқыла бсрмейді, көп реттс оларды қалыптасқап орфоэпиялық жүйеге келтіріп сөйлеуді талап етеді. Қазақ әдеби тілінің орфоэпия-лық нормасының қалыптасуыиа негіз болран онын бай ауыз әдебиеті екендігі сөзсіз.
Бүгінгі әдеби тілдің айтылу нормасы сахна өнерінде, мектептерде, біреумен біреу ауызекі сөйлеген сөзде, күнделікті радио мен телевизия хабарларында, сонымен қатар көпшілікке оқылатын лекцияларда айқын байқалады. Сөздіц қалай жазылуы мен қалай айтылуы бір-біріне ықпал етіп отырады. Сөйлеу тілінін өзіндік ерекшелігі болады. Сөзді сөйлегенде сөйлеу тілінің қалыптасқан жүйесіне салып айтпаса, тыңдаушыға онша әсер етпейді, оны ешқандай қызықтырмайды. Мәселен, өлім аузынан қалды дегенді өлүм аузыиан ғалды деп, өгіз аяң дегенді өгүз аяң, өзен бойы дегенді өзем бойу, өкіл күйеу дегенді өкүл гүйөу, өкпесі өшудегенді өкпөсі өшүу, өкінбеу дегенді өкүмбеу деп айтпаса, сәйлеу тілінің қалыпты нормасы бұзылар еді. Сол сияқты, көз жұму, көз көрген, көз сүйек, көз тию, көз тою, көз шүқу, ак, жүрек, ак, изен, ала көңілтәрізді тұрақты тіркестерді көжжүмуу, көз көргөн, көс сүйек, көз тійу, көз тойұу, көш шүқұу, ағ жүрөк, ағійзен, алагөңүл дегенде ғана құлаққа жағымды тиеді.
Демек, сөздерді сауатты жазумен қатар сауатты айта да білу қажеттілігі келіп туады. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу нормалары көрсететін практикалық құрал ретінде Қ. Неталиева-ның “Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі” 1977 жылы жарық көрді. Сөздікке тәжірибеде жиірек бұзылып айтылып жүрген 15 мыңга жуық сөздер мен сөз тіркестері снген. Автор емле ережесі бойынша жазылған сөздерді қалып-тасқан әдеби тіл орфоэпиясы нормасына сәйкесті оқу, айтуды негізгі принцип етіп ұстаған. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу заңдылықтары үндестік зандылықтарына негізделетіндігі айтылған. Яғни сөйлеу процесінде сөз бен сөздің, дыбыс пен дыбыстың, түбір мен қосымшаның, буын мен буынның аралығында болатын құбылыстар сөздікке арқау болған.
Сөздікке жазылуы мен айтылуы арасында айырмашылығы бар деген түбір мен туынды сөздер, сөз тіркестері мен қосымша жалғағанда өзгеріске ұшырайтын тұлғалар алынған.
Сөздер екі қатарға тізілген. Бірінші катсіріа казак әдсбц Тлінің емле-ережесі бойынша жазылуы, екіншісінде әдеби норма бойынша айтылуы көрсетілгсн Мысалыг
азық-түлік азық-түлік
ала-кұла ала-ғұла
алма-ксзек алма-гезек
әкетай-көкетай әкетай-гөготай
бозшғылттану бозғұлттану
бөленту бөленту
вагонга вагонға
горңға вагоңға
дүрбелең дүрбөлең
дурсе қоя берді дүрса ғоя береді
егіс жер егіш шер
жұлысу жұлұсу
құнсыз құнсұз
1981 жылы М. Дүйсебаеваның “Қазақ тілініц кысқаша орфоэпиялық сөздігі” басылып шықты. Бұған күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын бес мыңға жуык, сөздер қамтылган.
Аталған сөздіктіц бір ерекшелігі мұнда сөз басында келетін о, ө дыбыстарының алдынан у (уолжа, уөрнек), е дыбысынын алдынан и (иегіз, иекі), р, л дыбыстар-ының алдынан ы, і (ырабайсыз, ылаж, іләззат)дыбыстарының бірі қосылып айтыла-тындығы жакша ішіне алынып берілген. Мұның өзі алдыңгы шыққан сөздікті жаңартып толыктыра түскендігін көрсетеді.
Автор бұл еңбегінде сөйлеген кезде сөз ішіндегі, сөз аралығындағы іргелес, шектес (көршілес) дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, үндесу заңдылықтары: қатаң дыбыстардың ұяңдануы, езулік дыбыстардың еріндікке айналуы, жіктік жалғауыиын ықшамдалып айтылуы, қатар келген дауысты дыбыстардың сусып түсіп қалуы, ортаңғы буындағы қысаң дыбыстардың (ы, і) айтылмай қалуы сияқты зандылықтарды жүйелеп дәлелдей түскен Айта кететін бір жайт казақ тілінің орфоэпиясын зерттеушілері орыс тілі аркылы енген қыруар кірме сөздердің жазылуы мен айтылуы бәрі нақ орыс тіліндегідей деп бір жақты пікір айтып жүр Терсңірек үңіле карасак, бұлардың ішінде де өзгеріп айтылатындары табылатындығы сөзсіз. Мәселен, көп томдык “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” әгент, әдіріс, әдиял, әптек, бөшке, нөмір, учаске, кәнки, кәмпеске, калөш, кәрәсін, кәртішке, кінәз тәрізді қыруар орыс сөздерінің сөйлеу тіліндегі варианттары қоса камтылып берілуі бұл айтылғандарга толық айғак болады. Олай болса, кірме сөздердің орфоэпиясы әлі күнге ғылыми тұрғыдан терсң зерттелмегендігін дәлелдейді.
Осы аталғандардан басқа Қазақстанның жер-су атаулары мен кісі аттарының қысқаша сөздіктері (алрашқысы орысша, соңғысы екі тілде) басылып шықты. Сол сияқты Қазақ тілінің кері алфавитті сөздігі (1970), Куманша-казақша жиілік сөздік,(1978), М. Әуезовтың “Абай жолы” романының жиілік сөздігі (1979), Қазақ тексінің статистикасы (1973) атты сөздіктер де жарық көрді. Өскелең өмір талабына сай олі де сан қилы линг-вистикалық сөздіктер жасала бермек.