ЖАЛПЫЛАМА ЛЕКСИКА
Жалпылама лексика адам баласыныц күнделікті кункөріс тіршілігіне ең қажетті заттар мен кұбылыстарға қатыстп жалпы танымал сөздерді қамтиды. Бұлар ешқандай мамандык пен кәсіпке қарап жарылып бөлінбейді, бір тілде сөйлейтін барлық адамға ортақ болып жұмсала береді.Сондықтан да бұлар жал-пылама лексика деп аталады. Мысалы: ауа, су, тамақ, үй, мал, нан, ағаш, көру, істеу, ішу, жеу, қоректену, суару, үлкен, кіші, жақын, ақ, қызыл, мен, сен, бес, он, жұз, мың, алға, кейін, төмен, жоғары, озық, үшін, дейін, сияқты т. б. Бұл сөздер малшыға да, егіншіге де, жұмысшыга да, аңшыга да, балықшыға ақынға да, ғалымға да, бір сөзбен айтқанда, қазақша тіл білетіндердің бәріне бірдей қызмет етеді. Жалпылама лексика-қатысты сөздер стильдік маиі жағынан бейтарап болады да, қолданылу жагынан ещқандай шек қойылмайды, барлық стильге бірдей, ортақ мәнді қызмет атқарады. Осындай сипатына қарай жалпылама лексика тіл білімінде бірде стильаралық сөздер межстилевая лексика) бірде бейтарап сөздердеп те аталады. Бұл топқа енстін сөздер дүниедегі зат атауларын, қнмыл-қозғалыстарды, сан-сапа мөлшсрін ешбір қосымшасыз нақ болған күйінде алып дәл көрсетеді. Жалпылама лексикаға тән сөздерде әркімнің өзіндік жагымды-жағымсыз немесе артық-кем түрліше көзқарасы көрсетілмейді. Әр сөз өзікің болган калпында тура мағынасында жұмсалады. Мысалы: Москвадан ұшқан самолет Алматыға дәл уақытында ксліп конды. Мал бныл қыстан күйлі шықты.Бүгін ауа райы ашық болды. Дарын өткен жылы университетті бітірді. Кетгірілгеп сөйлемдердегі әрбір соз тек өзінің тура мағына-ларында ғана колданылып түр. Сонымен катар осында қанша сөз болса, соныц бәрі де казақ тілшдеп жалпылама лексикаға жататын сөздер. Жалпылама лексика бүкіл.сөздік құрамдағы сөздердін сан жағыпан ең көбі, тілдегі сөз байлығының негізін құрайды, Бұл сөздер мейлі жазба тілде, мейлі сөйлеу тілінде болсын, қайда қолданылса да, жалпы халықі өте-мөте түсініктілігімен, анық-айқындылыгымен, табиғи да,қарапайымдылығымен бірден көзге түседі.
1 Жалпылама лексикаға жататын сөздер өзінің тура мағынасынан ауытқып, басқадай контекстке түскенде ғана әр түрлі экспрессивті мәнге ие болады. Мәселен, “Көйлектің кірі жусан кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді” дегендегі кір деген сөз екі түр лі мағынада жұмсалып тұр. Алгашкы сөйлемдегі кір таза емес деген өзінің тура мағынасында қолданылса, соңғы сөйлемде кір метафоралық ауыспалы мағынада келіп, өкпе, реніш деген ұгыыда жұмсалған. Сол сияқты “Су жерді көгертеді, еңбек ер, көгертеді” деген мақаладағы көгертеді деген етістік те екі түрлі ұгым тудырып тұр. Алғашқысында тура мағынада жерге өсіп, көктейді дегенді түсінсек, соңғысында адамның атақ-абыройға ие болуы, даңққа бөленуі бейнеленген. Демек, жалпылама лексикаға қатысты сөздер де өзгермейтін томаға тұйық сөздср смес, бұлар да басқадай синтаксистік қүрылым мен өзгедей грамматикалық форманың қарауына түскенде солардың ықпалына жүріп, ырқына көнеді де, түрліше мән алып отырады