Ашық рай
Ашық рай
Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы аркылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрскет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, кимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуга тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашык райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді.
Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (А). Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық (Ж. Ж.).
Берілген мысалдағы отыр, келемін, шашпақ, жырттық, қайнады, салдық деген етістіктер белгілі бір шақты білдірумен қатар сөйлеушінің соған байланысты пікірін, шындық деп баяндауын білдіріп тұр: әркімнің өз ойымен отыруы, (нақ осы шақ); сөйлеушінің тау ішінде түнделетіп келе жатуы (ауыспалы осы шақ); сөйлеушінің мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ болуы (мақсатты келер шақ); сөйлеушінің жер жыртуы, егін салуы және еңбектің қайнауы (жедел өткен шақ).
Сөйтіп, етістіктің үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді ашық рай дейміз.