Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар
Айтылғанда, өкпеден ауа ешбір кедергісіз, еркін шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады. Қазақ тілінде 12 дауысты дыбысы бар. Олар: а, ә, е, э, о, ө, ү, ү, ы, і, и, у.
Бұлардың ішінде э тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады (электр, элеватор т. б.) және и мен у екеуі қосыңды (дифтонгойд) деп аталады: и—ы+й немесе і+й және у—ү+у немесе ү+у. Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын құрай алмайды.
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар үш жақты жіктеледі. 1. Тіл катысына (жасалу жолына) қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді. Жуан дауыс-тылар: а, о, ү, ы және бірде жуан, бірде жіңішке и, у. Жіңішке дауыстылар ә, е, (э), ө, ү, і және бірде жуан, бірде жіңішке и, у.
2. Иек (жақ) қатысына немесе жасалу орнына қарай ашық және қысан, болып бөлінеді.
Ашық дауыстылар: а, ә, е, (э), о, ө.
Қысаң дауыстылар: ы, і, и, ұ, ү, у.
3. Ерін қатысына қарай езулік және еріндік болып бөлінеді.
Езулік дауыстылар: а, ә, е, (э), ы, і, и.
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.
Сөйтіп, дауысты дыбыстардың жіктелуін мына кестеден көруге болады.
Ерін қатысына қарай | Езулік | Еріндік | ||
Иек (жақ) қатысына
жасалу орнына) қарай |
ашық | қысаң | ашық | қысаң |
Тіл қатысына (жасалу жолына) қарай |
|
|
|
|
Жуан
Жіңішке |
а ә, е |
ы(и) і(и) |
о е |
ұ(у) ү(у) |
Спасибо за этот реферат?????????☺☺☺☺☺☺☺☺???????????????????????????????????