Өнегелі жыныс тәрбиесінің максаттары
Өнегелі жыныс тәрбиесінің максаттары:
1. Өнегелі жыныс тәрбиесінің бағдарламасы жастардың жыныс денсаулығына деген құқығына және оны қорғау туралы ақпаратқа қол жеткізу ретінде негізделінуі керек.
2. Өнегелі жыныс тәрбие үрдісіне қатысушыларына бағдарламаға сай:
а) өнегелі жыныс бейіл өмір бойына, әрі дені сау жастарға тән қасиет екендігі жөнінде сенімді ақпарат қолдарына ұстатылады;
б) ересек балалар тіршілік өміріне олар дайындала бастайды;
в) отбасы құндылықтары «отбасына деген табынушылық» және жалқылық (моногамия) катынас өрбіту саулығының негізі екендігі туралы пікір мейлінше балалардың ойларына сіңірілінуі
тиіс;
г) өнегелі жыныс тәрбиесі үрдісінде оқушылар қажетті білімін оқытушылардан, ата-аналарынан; құрбы-құрдастарынан алады да, дағдыларын қалыптастырып, қабілсттерін арттырып отырады;
1) өзін сыйлайтын мінез-құлық қалыптасады;
2) денсаулығын бағалай білетін болады;
3) көпшіл, икемді болуға бейімделе бастайды;
135
4) жыныстық бейіл әр тұлғаның маңызды қадірі және махаббат пен жыныс бейіліндегі бірдей ұғым екенін оқушылар түсінеді;
5) өзінің жыныстық бейіл әрекетіне жауапкершілік үрдістері арта түседі;
6) өзін және басқаларды жыныстық бейіл әрекетінен туын-дайтын жүз қарытар салдардан қорғау үшін ақпарат мүмкіндіктері әрқашанда болу керек;
7) зорлық жасауға және зорлауға, біреудің зорлығына көнуге болмайды.
Өнегелі жыныс тәрбиесінің мақсаттарын іске асыру жолдары:
1. Балалар мен жеткіншектер арасындағы жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу керек.
2. Жыныс қатынасынан жұғатын аурулармен, жұқпалы инфекциясын жұқтыру қаупінің азаюына;
3. Жыныстық зорлыққа шек қоюға және басқа жыныстық қылмысты істерге тосқауыл қоюға мүмкіндік беретініне үміттену керек.
Сонымен, өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз — алынған ақпарат, білім, жетілдірілген дағдылар арқылы әрекетке деген қарым-қатынасын қалыптастыра алатын қабілеті бар және оған ие болуға үйренген адамды тәрбиелеу болып табылады (Х.Қ. Сәтбаева және т.б. Алматы, 1999, 104 бет).